Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ғалымдар XIX-XX ғасырлар аралығында Ақмола және Қостанай қалаларының тарихи-мәдени нысандарының 3D-үлгілерін таныстырды

2702
Ғалымдар XIX-XX ғасырлар аралығында Ақмола және Қостанай қалаларының тарихи-мәдени нысандарының 3D-үлгілерін таныстырды - e-history.kz

M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-де «Қазақстанның тарихи урбанистикасы: теория мен практиканың өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық форум өтті. Форумға отандық және шетелдік ғалымдар, тарихшылар, әлеуметтанушылар, урбанистер қатысты.

Форум Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Тарихи қаланың мәдени ортасы: 19-20 ғасырлар межесіндегі қазақстандық урбан-кеңістіктің трансформациясы» ғылыми жобасы аясында өтті.

M. S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU unıversıteti ұсынған жоба қалалық орта тарихын және оның адам мен қоғам мүмкіндіктерін іске асыруға әсерін зерделеуге, сондай-ақ қазіргі әлемде қажетті жаңа мағыналарды, құндылықтарды, тәжірибені тарататын тарихи қаланың әлеуметтік-мәдени сипатын түсіндіруге бағытталған.

Форумда Зерттеулер нәтижесінде XIX-XX ғасырлар аралығында Ақмола және Қостанай қалаларының тарихи орталықтарын 3D-реконструкциясының тұсауы кесілді.

Материал музейлерге, туристік бюроға және еліміздің өткен тарихына қызығушылық танытқандарға қызықты болады.

222.jpg

333.jpg


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?