Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қ.Ж. Тоқаев: Модернизация қарқынын жетілдіру - перзенттік борышым

1825
Қ.Ж. Тоқаев:  Модернизация қарқынын жетілдіру - перзенттік борышым - e-history.kz

Мемлекет басшысы биылғы халыққа Жолдауында «Қаңтар дүрбелеңі» салдарына қатысты таным сабақтарына нақты тоқтала келе, сондай сын сағатта батыл әрекеттер жасауға туған халықының қолдауы үлкен серпіліс бергенін атап өтті. 

Халық сеніміне ие болған азамат қана ел алдында беделге ие болатындығын әрі билік жүйесінде қызмет атқара алатынына ерекше тоқталды. Президент болашақ ұрпақ үшін бұдан кейін де әрбір жұмыста жауапкершіліктен қашпайтындығын атап өтті. Мемлекет басшысы елді түбегейлі жаңғырту бағытындағы басты бастамалары аясындағы нақты қимылдар бағытын жариялады. Әсіресе демократия дәстүрлерін нығайтудың, ынтымақ пен біртұтастықтың басты міндет, асыл қасиет екендігін баса көрсетті. Экономика мен әлеуметтік, саяси саладағы жаңғырту үрдістері әділдік пен ашықтық принципіне негізделуі қажет деген тоқтам жасады. Қазақстан тәуелсіздігі тек қазақстандықтар үшін қажет екендігін қайта-қайта ескертті. Экономика салалары бойынша жергілікті өзін-өзі басқару үрдісін, қызмет көрсету сапасын жақсарту өзара қарым-қатынас іс-қимылдар тиімділігін арттыру, ең алдымен адами факторларға, іскерлік пен ісмерлікке тиесілі екендігі, әсіресе даму немесе дағдарыс та әлеуметтің, жүртшылықтың әлеуетіне қатысты екендігі баса айтылды.

Жаңғырту реформасы барысында күмәнді көрсеткіштер емес, нақты әрекеттер күтетінін, ол үшін ашық әрі әділ бәсеке қажеттігі айтылды: Атап айтқанда Президенттік республикаға мықты Парламент жұмыс атқаратын шараларды іске асыру абзалдығы;

Президент құзыры - барлық азаматтардың кепілі ретінде, бұдан былай оның туған-туыстарының билік жүйесінде қызметтер атқаруына тиым салу, ол туралы конституцияға енгізілуі қажеттігі ұсынылды. Жаңғырту реформасы - демократиялық мәні бар, жаңа саяси мәдениетке бағытталған. Барлық салада монополиялық ықпалдарды кері ығыстыру бағыты көзделетін болады. Бастысы билік жүйесіндегі азаматтардың шынайы халық сеніміне ие болуы, нағыз беделі бар азаматтар билік жүйесіне келетін болады. Жолдаудың тағы бір маңызы, демократия дәстүрлерін нығайтуды - басты міндет етіп қою: Дала демократиясы дәстүрін жаңғырту; Ұлттық Құрылтай құру және басқа; Аймақтар мен демографиялық ахуалды жетілдіріп, қуатты өңір – қуатты елге айналдыру; Абай облысын, Ұлытау облысын, Алматы облысын – орталығы Қапшағай (Қонаевтың есімін беруге қарсы еместігін атап өтті), Жетісу (орталығы - Талдықорған қаласы) құрылатын болды. Бүгінгі Жолдауды көпшілік жұрттың ойынан шыққан, тарихи Жолдау ретінде қабылдадық.

 

Құндызай ЕРІМБЕТОВА, ҚР БҒМ Ғылым комитеті

Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?