Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ғалымның Мәскеуге сапары

1728
Ғалымның Мәскеуге сапары - e-history.kz
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстаннан ядролық қаруларды, оларды жеткізу құралдарын шығару бағытындағы атқарған істері баяндалған құжаттар да аса құндылығымен ерекшеленеді

2015 жылы ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бір топ ғалымдары “Халық тарих толқынында” атты мемлекеттік бағдарлама негізінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қалыптастырып, оны нығайту жолындағы қызметін зерттеп, жариялау мақсатында еліміздің және көптеген шетелдердің мемлекеттік мұрағаттарында жұмыстар атқарды. Олардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың аталған бағыттағы істерін айқындайтын құжаттармен танысты. 

3a81503db2ec50fe227d7cc75785c790.jpg

Осындай мақсатпен Институттың “Тарихнама, деректану және Отан тарихы” бөлімінің басшысы, бас ғылыми қызметкер, жоғарыда аталған бағдарлама жоспарына сай “Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев және Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты” атты зерттеу жобасының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы Ғани Мұқашұлы Қарасаев 2015 жылдың 22 қазанынан 2 қарашасына дейін Мәскеу қаласындағы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік мұрағатында аталған тақырыпқа байланысты деректер жинау мақсатымен жұмыстар атқарды. 

Қазақстан Республикасының 1991-1999 жылдар аралығындағы сыртқы саясаттағы қызметіне арналған 100 ден артық құжаттармен жұмыстар атқарылды. Олардың барлығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатын негіздеп, бағыттаудағы қызметіне арналған. 

dcfba4c5375c5af2684770adfe6f565c.jpg

Солардың қатарында бұл деректерде әсіресе Елбасының ТМД-ны құру, оның жұмысын уақыт талабына сай ұйымдастырудағы бастамалары назар аударарлық. Н.Ә. Назарбаевтың Еуразия Одағын құру мақсатындағы бастамашылық қызметі, оған ТМД елдері басшыларының көзқарастары туралы маңызды да тың деректер бар. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстаннан ядролық қаруларды, оларды жеткізу құралдарын шығару бағытындағы атқарған істері баяндалған құжаттар да аса құндылығымен ерекшеленеді. 

Елбасының Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Семей сынақ алаңын жабу жолындағы қызметінің халықаралық тұрғыда бағалануы туралы бұрын қолданылмаған деректер алынды. Н.Ә. Назарбаевтың әлемдік тұрғыдағы ядролық қарудан аластау туралы түрлі деңгейлердегі кездесулердегі, халықаралық ұйымдар отырыстарында сөйлеген сөздері ғылым маңыздылығымен ерекшеленеді. Оның БҰҰ жұмысын реформалау, ЕҚЫҰ жұмысын заман талабына сай ұйымдастыру, Азиядағы ынтымақтастық және сеенім шараларына арналған Кеңес өткізуге арналған ұсыныстары жеке қорларда жинақталған. 

8ca6c007a222c1075d991e8d5215ef05.jpg

Қазақстан Президентінің ШЫҰ құрудағы бастамашылығы, оның Еуразия аймағы мемлекеттері басшыларынан қолдау табуы туралы деректер келелігімен ерекшеленеді. Тәуелсіз Қазақстан Президентінің әлемнің жетекші елдерінің басшыларымен кездесулері, ондағы қаралған мәселелер, ондағы Қазақстанның ұстанымы баяндалған құжаттарда Елбасының бұл бағыттағы істері, сындарлы ұсыныстарының маңыздылығы ашыла түседі. Осылармен бірге құжаттарда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ТМД елдері жетекшілерімен кездесулеріндегі қаралған мәселелер, ондағы ұсыныстары, достастық шеңберіндегі мемлекеттер аралық қатынастар, олардың нәтижелері барынша толығымен баяндалған. 

Мұрағат қорларында Қазақстан Республикасы Президентінің Таяу Шығыс, Ауғаныстан мәселелеріне арналған ұсыныстары мен атқарылып отырған нақты істері, мемлекетіміздің егемендіктің алғашқы онжылдығындағы сыртқы саясат бағытындағы қызметтеріне арналған бағалы мағлұматтар тарихи маңыздылығымен айқындалады. 

Қысқасын айтқанда, РФ Сыртқы істер министрлігінің мұрағатындағы құжаттардағы деректер басында Елбасы Н.Ә. Назарбаев бола білген Тәуелсіз Қазақстанның егемендікті алғашқы жылдарындағы сыртқы саясаттағы қызметінің маңыздылығы, келелігін барынша паш етеді. Алынған мағлұматтардың барлығы жинақталып, қазіргі күні ғылыми айналысқа енгізілуде. 10-нан артық ғылыми мақалалар жазылып, жарияланды. Таяуда шығатын монографияның негізіне айналуы тиіс деп есептейміз.

 Ғани Қарасаев, Мемлекет тарихы институты “Тарихнама, деректану және Отан тарихы”  бөлімінің басшысы, бас ғылыми қызметкер, т.ғ.д., профессор

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?