Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ тарихындағы ежелгі мемлекеттер хақында

2858
Қазақ тарихындағы ежелгі мемлекеттер хақында - e-history.kz

Көне дәуірден келе жатқан деректердің бастапқы, орта және кейінгі ғасырлардағы Қазақстан тарихы туралы мәліметтер бірнеше тілде жеткізіліп отырған. Атап айтар болсақ: көне грек, парсы, латын, қытай, ежелгі түрік, араб, парсы, түрік тілдеріндегі ақпараттар қазірге дейінгі тарихи көз болып саналған. Аталған деректемелердің ақпарат беру деңгейі мен хронологиялық әрі аймақтық таралу кеңістігі, сондай-ақ осы елді мекендердегі халықтар мен тайпалар тарихының барынша сан алуан болуы салдарынан ерекшеленеді.

Тарихи оқиғалар мен оның хронологиялық дамуының жағдайына қарай жазба ескерткiштердегi белгілі бір материалдардың жинақталуы да алға қарай дамуға әрі тарихи деректердің зерттелуіне ыңғайласқан бағытта жүредi. Археологиялық зерттеу жұмыстарының қазіргі кезеңге дейін жетіп отырған мұраларының санағы, сипаттамасы бойынша жазбаша және ақпараттық сипаты мен мазмұны жөнiнен бірнеше түрде болуы 2,5 мыңжылдықтан астам уақыт бойындағы тарихи жағдайларды, Қазақстанның әр түрлi этностарының шаруашылық және әлеуметтік қарым-қатынастарын, мәдениетi мен тұрмысын және әдет-ғұрыптарын зерттеуге мүмкіндік беретіні анық. Анықталып отырған тарихи дерек көздердің негiзri топтарының атаулары мен мазмұнына толық тоқталып өтсек:

Қазақстанды мекен еткен барлық халықтардың тарихы жөніндегі ежелгі жазбаша деректемелер парсы патшалары І Дарий, Ксеркст және Ахеменид державасында қолданылған үш тілдегі зерттеу жазбаларында сипатталған. Атап айтар болсақ, элам және аккад, көне парсы тілдерінде жазылған ежелгі парсы жазба жұмыстары – сөзімізге нақты дәлел. Көне парсы патшасы атанған Дарийдiң билік басына келуiнен кейiн болған азамат соғысының толық баяндамасы туралы айтылған I Дарийдiң Бехистун жазбасының тарихта алар орны өте ерекше. Дәл сол деректемеде «елдер» тайпалық облыстар ретінде келтіріліп, Таяу және Орта Шығыстың, сонымен қатар Орталық Азияның тарихи-географиялық зерттеуі жөнiнде көптеген анықтамалар жазылған.

Бүгінгі таңда ғылыми әдебиетте және тарихнамалық әдебиетте сақ тайпалары туралы қалдырылған жазбаларында хаумаварға мен тиграхауда болып бөлінген түрлері Қазақстан аумағын мекен еткен десе, кейбір деректерде, яғни, Ахменидтер дәуipiнiң басқа жазбаларын мысал етіп екінші ракурста қарастырсақ, аталған тайпалардың Хамун көлi ауданында, қазipгi Иран мен Ауғанстан шекарасында, ал кейiннен Сеистан аталған ауданда мекен еткені көрсетілген. Сол үшін де үлкен археологиялық жұмыстар мен толық зерттеулер қажет ететіні анық. Көне тайпа атанған Ахеменилер заманындағы мәдениет пен дінді зерттеудегі маңызды жазба саналған Ксеркстің «дәуірлер туралы» аталған жазбасы – тарих үшін орны ерекше құнды дерек. Аталған жазбада Ксеркстің көптеген ғалымдардың пайымдауындағы Заратуштра есімі аталмаса да, Зороастризмнің мемлекеттік саяси дін ретіндегі заңдастыруды байланыстыратын діни реформасы туралы сөз қозғалады.

Көне тарихи парсы жазбаларында тарихи әрі географиялық деректерден бөлек антикалық деректердің нақтылығын тексеруге және сол ақпараттарды барынша анықтай түсу үшін көптеген мәліметтер берілген. Сонымен қатар деректерде айтылған ескерткіштер парсы тілінің тарихи сипаттамасын және көне замандағы диалектілерін анықтау үшін таптырмас мәліметтер көзі болып табылады. Парсының атақты патшасы атанған І Дарийдің Авестасы, Зороастризм діні туралы жазылған қасиетті кітабында Иран жерінде Аршак дәуірінен бастау алған және Сасанилер кезінде көптеген діни реформалардың арқасында пайда болған қағида болып саналады. Зерттей келе, Авестаның мәтiнi көне парсы тiлiнен басқа бағытта әрі бiрқатар ерекшеліктері бойынша неғұрлым кейiнгi заманғы шығыс пен иран(соғды, хорезм, сақ және т. б.) тiлдерiне жақын көне тілдер жиынтығындағы жазба болғаны анықталып отыр.

Бастапқы кезеңдерде 1000 жыл бойы ауызша берiлiп келген Авестаның түпнұсқалық мәтіні Сасанилердің кезiнде пайда болған парсы (арамей әлiпбиi негiзiнде) әлiпбиiмен, кейіннен сол негiзде жасалған фонетикалық жазбамен алғаш рет бip форматта қалыптасқаны белгілі болып отыр. Бiздің заманға дейiн жеткен Авеста мәтiндерiнiң уақыты ең көне дегенде XIII ғасырды қамтып, алғашқы мәтiнiнiң жартысынан көбі табылмағаны алаңдатады. Бізге дейін жеткен Авеста мәтiнi мынадай бөліктерден тұрады:

- «Тағзым келтіру» аясындағы арабтардың әскері жаулап алғаннан кейiн куғын мен сүргін көрген құдайлар мен батырлар туралы өлең жолдарында бар және зороастралық қауымдардың қажеті үшiн жазылғаны анықталып отыр. Осы орайдағы өте ертедегі мәтiндер қатарына жататын баталар дәстүрдi Заратуштраның өзiне қатысты екенін дәлелдеуде салтанатты әндер, сонымен қатар бiрсыпыра дешталар да осы қатарда бар.

- Виспрат(«Төрағаның салмағы») – ясна аясындағы pәciмдiк қосымша саналатын өлең жолы.

- Видевдат(«Үлкендерге қарсы заң») – зороастрашылардың күн сайынғы мiнезі, әрекеті туралы, сонымен қатар кейiнгі кезеңде жазылған өте ежелгi заманнан келе жатқан көненің ұшқыны бар өмір салтындағы мәтiндер мен бұйрықтардың тізбегі жазылғаны анықталып отыр.

- Яшталар(«Гимндер») – көне дәуiрден, кейінірек үндi мен иран қауымы қалыптасқаннан бері келе жатқан және Орта Азия мен оған жақын орналасқан Иранның, Ауғанстанның көне тұрғындарының рухани мәдениетін зерттеу үшiн көп мәлімет беретiн құдайлардың гимні саналған.

- Kiшi Авеста – көлемi шағын мәтiндер жинағын құрайтын, еркешелігі ретінде көне дүниенің дiни-философиялық бiлiмдерiнiң тарихын зерттеуге ынталандыратын соңғы нұсқа.

Мәтiндер зерттеуді талап ететін аса бай құнды дерек болса да, Авеста деректерi сақ кезеңiндегi Қазақстанның көне тұрғындарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге жетерлік ақпаратқа ие емес. Орта ғасырлық Иран ескерткiштepiне анықтама берген кезде, ол парфяндар тiлiнен бастау алатын «ортаңғы кезең» деп аталатын иран тiлдерiндегi эпиграфиялық және нарративтiк деректемелерді қамтиды. Парфяндардың, көне орта ғасырлық: парсы, соғды, хорезм, бактрия тiлдерi мен тiлдік деректемелерде ақпараттың аз берілгені қиынға соғып отыр. Арамей жазбасының ерекшелігі және парфяндардың орта ғасырлық парсы және соғды тiлдерiнiң, басқа да тілдердің диалектiлерiнде жазылған манихей дінінің ескерткiштерi де осы ретте айтылуға тиіс. Сол себепті осы құнды деректер жалпы тарихқа қызығушылығы жоғары, саналы қоғам үшін маңызды:

1) Бундахишн – зороастрашылардың ғаламдық және ғаламның негізі туралы түсiнiктерi келтірілген өте көлемдi шығарма.

2) Денкарт – зороастралық діни ілімінің қазірге дейін жетпеген Авеста бөлімдерін сипаттап келтіріп, қайталап айтылған көп томды энциклопедиялық баяндамасы.

3) Арда-Вираз-намак – Александр Македонский жаулап алғаннан кейін жоғалуға шақ қалған зороастралык наным туралы нақты түсінік алу үшін Вираз Әулиенің жұмақ пен тозаққа сапары жөніндегі құнды дерек. Сонымен қатар Сасанилер дәуіріндегі заороастризм заңнамаларының бірін бейнелейтін көпке танымал шығарма.

4) Панд-намак-и – зороастралыққа бағытталған арнаулы мектепте оқытылып-үйретілген діни ілімнің негіздері саналатын шығармалар жиыны.

5) Кар-намак-и Ардашир-и Панакан – Сасанилер әулетінің билік басына келуінің аңызға айналған варианты айтылған ақсүйек шығарма.

Көне Орта ғасырлық иран тілдеріндегі басқа да мәтіндер сияқты парсы тілдеріндегі еңбектерге де Орта Азия мен Қазақстан тарихшылары қызығушылық танытқан, себебі дәл сол уақытта аталған орта ғасырдан, яғни, XII-XIII ғасырларға дейінгі түпнұсқалык жазба деректерде құнды мәліметтер бар. Сөзімізге дәлел – түріктер, эфталиттер, дәл сол аймақтағы басқа да халықтар мен болған жағдайлардың орын алуы туралы деректер.

Осы уақытқа дейінгі құнды деректер дұрыс бағытта таратылмай жатыр, себебі бірінші кезекте иран тілдерінің фонотекасындағы өте нашар сипатталған ара­мей жазбасымен келтірілген ортағасырлық мәтіндердің оқылуының қиынға соғуы дәлел. Антик жазбасындағы тарихнама өте мазмұнды болып саналады. Себебі Қазақстанды мекен еткен тайпалар туралы мәліметтер ертедегі Грекия еліне Персия арқылы, сонымен қатар Қара теңіз өңірінде орналасқан грек отарлары аркылы жеткізілді. Аталған аймақтың тарихи кезеңі жөнінде көптеген анық әрі нақты мәліметтер беретін «Тарих» еңбегінің авторы Геродот(б.з.б 484-425 жж.) жазбалары бізге көптеген еңбектерге мысал болатындай деректер қалдырды.

Қазақстан жерін мекен еткен халықтар туралы жазбалар ең көп төртінші кітапта баяндалған. Нақтылай кетсек, ол жерде көшпелі скиф тайпаларының орналасу географиясы мен тарихи сипаты, рухани мәдениеті мен әдет-ғұрыптары баяндалған. Геродот жазбаларының негізіне деректі еңбектер, Қазақстан мен Орта Азияның сақ тайпаларына қатысты ауызша фольклорлық дәстүрде алынған баяндамалар мысал бола алады. Ктесийдің жазба деректерінде ахеменид кезеңінің тарихы жөнінде бізге дейін жеткен құнды деректер бар. Аталған деректер «Персия тарихы» атты шығармада нақты жазылған. Осы еңбекті Диодор (б.з.б. I ғ.), Үлкен Плиний (б.з. I ғ.), Клавдий Элиан (б.з.II—III ғғ.) сияқты авторлар өз шығармаларында пайдаланған. Кейіннен Ктесийді «тарихи романның атасы» деп атауға осы авторлардың қолданған жазбаларының болуы дәлел ретінде келтірілді.

Ктесийдің жазбалық әңгімелерінде анахронизм бағыты анықталды. Оған дәлел – ежелгі грек жазушысының еңбегінде ежелгі Қазақстанның этностары, олардың орналасқан жерлері, қоғамның саяси ұйымдастырылуы туралы анық деректердің жекелеген маңызды орталықтары әр жерде таралып, толық зерттелмей жатқаны. Ктесийдің бірнеше қызықты новеллалары шындығына келгенде жергілікті халық дәстүрі туралы мәліметтер беріп, тарихи үрдіске ие болған. Қазақстанның ежелгі тарихын зерттеудегі грек тарихшыларының Александр Македонскийдің жорықтарын сипаттайтын шығармаларының барлығы дерлік маңызға ие. Себебі олардың бірнешеуі Диодорды, Помпей Тротты, Полибийді атап айтқанымен дәлел болмақ. Аталған грек авторларының көшпелілер мен Парфия, Грекия мен Бактрия арасындағы саяси қақтығыстар туралы жеткізген деректері ерекше маңызға ие болып отыр. Бірақ бұл ретте де ақпараттың аздығы зерттеуге өз зиянын тигізіп отыр.

Жазбаларда айтылатын этностарды басқа мәліметтермен салыстыра білу қиынға соғады. Ежелгі Қазақстан тарихы үшін географиялық әрі тарихи антик әдебиеті маңызды жазба ретінде қалыптасқан. Страбонды(б.з.б. І ғ. – б.з. І ғ) осы тұста көрнекті өкілдерінің бірі деп санау артық етпейді. Оның «География» еңбегінде Қазақстан мен Орта Азияның табиғи жағдайлары мен халықтарының тұрмыс-салты туралы берген мәліметтері сол ғасырдың саяси тарихының әр түрлі оқиғалармен байланысады. Тарихшы Страбон географиялық әдебиетті негізгі бағдарға ала отыра, толық зерттеуге көшпеді. Дәлелі – Каспий теңізін ол «тұйық бассейн» деп емес, «мұхит шығанағы» деп санауы. Ал Арал теңізі туралы мүлдем зерттеу жүргізбеді.

Птолемейдің(б.з. І ғасырдың аяғы – ІІ ғ.) «География» атты шығармасы қиын әрі күрделі болғандықтан, бағалы деректеме деп саналады. Аталмыш еңбекте қалалардың, өзендердің, тау тізбектерінің, көлдердің географиялық орындары беріліп, әр түрлі жерлердің, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстанның шекаралары көрсетілген. Птоломей сақтар мен(сірә, Қазақстанның оңтүстігі, Сырдария алабының бойында мекен еткен) қатар Скифияны да зерттей білді. Сондықтан да Еділден Балқаш көліне дейінгі кең-байтақ жерді «Скифия» деп атап кеткен. Аталған мәліметтердің құндылығы жоғары екені айдан анық, бірақ оларды пайдаланғанда аса зор мән беріп отырған абзал. Себебі Птолемейдің арқылы деректемелерден алынған жазбалар әлем бойынша сыни көзбен байыпқа жетпей, қате пікір тудырушылардың қатарын көбейткені анықталып отыр.

Тарихи зерттеулер бойынша, шамамен б.з.б. ІІ ғасырдан бастап Қазақстан тарихында қытай жазбалары маңызды рөл атқарды. Антик дәуірінің авторларына қарағанда, қытай жазбаларының авторлары Қазақстандағы жағдайды көп зерттей білген. Қытай экспансиясының батысқа орын ауыстыруы: Шығыс Түркістандағы, Қазақстан мен Орта Азиядағы жағдайды дәл білу керегін ұғындырды. Аталған ретте халықтардың, яғни, сол жердегі мекен еткен тайпалардың мінез-құлқы мен әдет-ғұрпы, олардың өмір сүру салты, саяси құрлысы мен соғыс техникалары туралы мәліметтер мақсатты түрде жинақтала бастаған. Жиналған ақпараттар зерттеуді мақсат ететін елшілердің, саудагерлердің, саясатшылар мен миссионерлердің Орта Азия жерлеріне сапарларының нәтижесінде, сонымен қатар олардың қатаң түрде баяндауынан қазірге дейін жазбалар қалып отырған. Осы ретте мәліметтерді жинау қытай әскерлерінің жорықтары кезінде жүзеге асырылып, ерте уақыттағы, яғни, б.з.б. 104-102 жылдардағы Хан әскерлерінің Ферғана алғабындағы Давань иелігіне жасалған жорығы нақты себеп болды.

Ежелгі Қазақстан халықтары туралы алғашқы анық мәліметтер қытай патшасы У-Дидің (б.з.б. 140-86 жж.) батыс мекенге жіберген тұңғыш Қытай елшілігінің жетекшісі Чжан Цяннан алынған анықтамасы ретінде жазбаға енгізілген. Елші Чжан Цянь «батыс» мекеніне б.з.б. 138 жылы және б.з.б. 115 жылы екі рет саяхат жасап, нақты тұжырым қалдырған. Олардағы басты мақсат – ғұндардың жауы болған Орта Азия тұрғандары юэчижилермен және Жетісу үйсіндерімен одақтасуға қол жеткізу еді. Қытай саяхатшының өз мақсаты барысында сол елдердің: шаруашылық жағдайына, әскерлер санына, қару-жарақтарына ерекше назар аударуды, әдет-ғұрпының, мінез-құлқының, киім ерекшеліктерінің барлығына зор мән беруді қадағалаған.

Сол себепті де келесі кезекте әулеттік тарихтарда Қазақстан мен Орта Азия халықтары жайлы ең ауқымды әрі бағалы деректер Сыма Цянның (б.з.б. 145-86 жж) «Тарихи жазбалар» («Шицзи») деген тарихи еңбегінде, атап айтқанда, «Өмірбаян» бөлімінің «Сюнну туралы хикая» және «Давань туралы хикая» атты тарауларында, сонымен қоса хань императорлары мен қолбасшыларының өмірбаяндық суреттемелерінде келтірілген. Бұл жерде Орталық Азия иеліктері, олардың ішінара және Қытаймен байланыстары жайлы маңызды ақпараттар жинақталған. Сыма Цянның жазбаларында аңызға айналған кезден аса көрнекті тарихшы өмір сүрген уақытқа дейінгі көз жететін барлық тарихи кезең қамтылады. Келесі кезекте «Шицзиден» кейін «Ежелгі Хань тарихы» («Цянь Ханьшу») тұр, турасын айтқанда б.з.б. І ғасырына Бань Гу жазып, оның білім қуған қарындасы Бань Чжао осы еңбекті аяқтаған. Бань Гудың еңбегі ортодоксалдық конфуциандық жазба деректері болып саналады, өз кезегінде Бань Гу тарихи шығармалардың жаңа жанрын – бір әулеттің басқару тарихын енгізді.

Қытай мен Орталық Азияның б.з.б. ІІ ғасырынан бастап жаңа заман аралығындағы тарихи нақтыланатын 26 әулет тарихы - Қытайдың ерекше тарихи мұрасы. Бань Гудың жазба деректерінде Орталық Азияғы өзге елден келген халықтары баяндалатын деректерде «Сиюй чжуань» («Батыс өлке туралы хикая») деген жеке тарау арналған. Бұл тарихи-географиялық тараптар жаңа аймақты бөліп қарастыруға қытайлардың географиялық білімінің жетілгенін ғана емес, сонымен қатар Қытайдың сыртқы саясаты мен геосаясатында оған стратегиялық мән берілгенін де дәлелдейді.

Тарих желісінде Хань империясынан Орта Азияға алып келетін басты жолдар көрсетіліп, оның этникалық топтары, олардың айналысатын жұмыстары, экономикасы мен әскери жағдайы, Шығыс Түркістанның полистері, өз араларындағы сауда және қақтығыстар, саяси одақтар бейнеленген. Онда Қытайдың Батыс өлкедегі дипломатиясы да сипатталған. Шежірешінің туған бауыры, Қытайдың атақты дипломаты Сийгенамысын таптатып, онда Хань әулетінің саясатын бапты іске асырғаны белгілі. Бань Гун еңбегі 200 жыл көлеміндегі уақыт аралығын алады, атап айтқанда Давань, Усун, Кангюй, сонымен қатар Сюнну иеліктері жайлы, және де сюнну билеушісі (шаньюй) Чжичжидің Солтүстік-Батыс Тань-Шаньдағы жерлері мен мүлкі жайды мәліметтер сақталған. Дегенмен де Бань-Гу өзінің шығармасында өзі өмір сүрген кездегі оқиғалар жайлы жазбаған, сол себепті де оның шығармасы «Ертедегі Хань әулетінің тарихы» деген атпен танылған. Бұл жайында осы еңбекке қосымшаны оныншы ғасырдағы ғалым Фань Е жазған. Фань Е «Цянь Ханьшу» мәліметтерін толықтыра отырып, Бань Гудың шығармасын бағалап, Бань Гудың інісі Бань Чжао қызмет атқарған Сиюйдегі жұмыс барысы мен ондағы болып тұратын жағдайларды алғашқы болып жазған. Фань Е Қытайдың ішкі-сыртқы саясаты мен Орталық Азиядағы келіссөздік қарым-қатынастарына, Қытайдың дәстүрлі «батыс» саясатының саяси тұжырымдамаларына анағұрлым егжей-тегжейлі тоқталған. Аталған факті өте маңызды, себебі ол Орталық Азия халықтары жайында мәліметтер жинақтауға және оларды Қытай тарихнамасында көрсетілуі мен бағалануына ықпал етеді. Қытайдың феодалдық тарихында шекаралас елдердің тарихын баяндау ұлыхандық шовинизм мен қытайлық центризм тарапынан іске асырылған.

Келесі кезекте халқымыздың этногенезін зерттеген ғалымдардың бірі Ақынжанов Мұсатай Бекболатұлы-етін. Мұсатай Ақынжанов (1905-1986 жж.) кім десеңіз, ол – тарих ғылымының докторы, профессор, драматург, әдебиет пен өнер зерттеушісі.

Akinganov M.jpg

М.Ақынжанов: «Қазақ халқының, шыққан тегі жайлы осы кезеңге дейін тарихшылар түрлі ойда болды. Көптеген тарихшылар қазақ халқының арғы тегі өте ілгеріден келе жатқан антропологиялық жағынан Оңтүстік-Сібір, Қазақстан мен Орта Азияның автохтондық (байырғы) халықтарының бірі десе, енді біреулері байырғы халық емес, басқа жақтан ауысқан халық және бір тектен құралған халық емес, әртекті, әр ел халқынан құралған ел ретінде қарап келді, басқа бірлері қазақ халқы айтарлықтай ежелден келе жатқан халық емес, осыдан 400—500 жылдар бұрын — XV—XVI ғасырлар шамасында өзбектерден бөлініп шыққан жаңа халық деп санады»,- деген пікір қалдырған. Бұл жазба қазақ халқының этногенезіне арналған «Қазақтың тегі туралы (қысқаша шолу)» атты шығармасынан [1].

Осындай пікірлердің жетіспеушіліктерін: біріншіден, қазақ халқының шығу тегін үстіртін қарап зерттеуде; екіншіден, зерттеліп отырған халықтың өндіргіш күшінің, өндірістік қатынасының тарихын ескермей өткендігінде; үшіншіден, қазақ халқының тегін зерттеу барысында онымен туысқан әрі шекаралас халықтардың қырғыз, қарақалпак, өзбек, түркмен, т.б. халықтардың тегімен еш байланыссыз, жеке алып қарастыруынан. Осы себепті, қазақ халқының тегін нақтылауға көмектесетін көптеген тарихи, этнографиялық, ерекше ескеретіні материалдық мәдениет тарихының қалдықтары назардан тыс қалған. Соңғы кезекте зерттеліп отырған байырғы халықтың тарихынан қарағанда, бұлар осы халыққа сырттан келіп қосылған басқыншы топтар мен олардың жергілікті үстем ортамен араласу, дидарласу тарихына көбірек көңіл бөлген. Осының кесірінен көптеген жағдайларда байырғы халықтың тарихы келімсек чиновниктер тарихына, басқыншылар мен олардың жергілікті қошеметшілерінің тарихына айналғандығын М.Ақынжанов өз жазбаларында атап көрсетті.

М.Ақынжанов: «Көптеген тарихшылар көбінесе археологиялық мәдениет ескерткіштерін тек санап өтумен ғана қанағаттанды, не оның, сыртқы көріністерін қағазға түсіріп суреттеумен ғана тынды, сыр-сыйпатын тексеріп, тарихи дерек ретінде ғана пайдаланып, халықтың тегін зерттеу ісіне пайдалана алмады»,-деп қынжылды [2]. Қонысын аударған отырықшы не шала отырықшы ұлыстар (тайпалар) «қазақ шығып кетті», «қазақ болды» деген атпен белгілі болды («қазақ болу» деген сөз, түрік тілінде ханға, сұлтанға бағынбай, өз бетімен еркін тіршілік ету деген мағынаны береді). Хан сарайының кейбір жазушылары «қазақ» сөзі «қарақшы», «кезбе», «қашқын» мағыналардың қатарына қоймақшы болған. Бұл түсініктердің жалғандығын осыдан 100 жылдар бұрын халымыздың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов дәлелдеп шыққандығын М.Ақынжанов еске салды.

Ғалым бұлардың бірінен бірі шығып құралуын, жазба тарих толық айтып бере алмайды, бұл жайды ашып көрсететін олардың артына қалдырған материалдық мәдениет белгілері, бұлар үздіксіз өсіп, бір-біріне мұрагерлік ретінде ауысып келгенін де дәлелдейді.          Ол өз ойын қорыта келе, біздің жыл         санауымыздан     арғы 1500-800 жылдарда Оңтүстік-Сібірде, Қазақстан мен Орта Азия қыратында мал өсіріп, өмір кешіп жүрген ұлыстар - сақ (кейін, VII ғасырдан бастап) түрік аталған деді. Ұлыстардың жиі қатынасатын жері Алтай, Ертіс, Арқадағы өзендер, Сырдария, Волга құйылысы төңірегі (Мысқола ордасының маңы) болғанға ұқсайды деген болжамға келеді. Бірақ олардың барлығына бірдей ортақ тіл болмаған, ағайындас тілде, түбірі бір тілде сөйлегенімен, әр қайсысы өзінін жер ыңғайына қарай, шаруашылық тұрмысына, еңбек саласына қарай өзгешелігі бар тілде сөйлегендігін айтады. Бірақ ол диалекті күйінде қалды, өзалдына жеке тіл болып кетуіне мүмкіндік болмады. Сол айрықшалықтар арқылы кейіннен қазақ, қырғыз, ұйғыр, қарақалпақ, түркмен, өзбек тілдері бөлінді деп қорытындылайды.

Сонымен мал өсіруші көшпелі ұлыстар біздің жыл санауымыздан арғы 2 мыңыншы жылдарда-ақ бүкіл қырлық аймақты қамтып алды. Көшпелілікке байланысты Оңтүстік-Сібір, Қазақстан, Солтүстік Кавказ қыраты, Орта Азия, Орталық Азия, бірімен-бірі зор байланыс жасады. Бұл байланыс ұлыс тілдерінің ағайындас        болуына алып келді. Сақ тілі моңғол сахарасымен де көбірек байланысты болғандықтан, моңғол мен түрік (сақ) тілдері арасында едәуір жақындық болды. Ол жақындық шаруашылык қарым-қатынас жақындығы арқылы араласудан туған. Тек осының өзінен-ақ бірінің тіл байлығы екіншісінен молайтқан. Алайда бұл екеуінің де этникалық бірлестігіне әсер ете алмады. Осының барлығы сайып келгенде көшпелі-бақташы мал шаруашылығының бұрынғысынан ілгері дамуына әсер етті. Металдан қару жасап, оны пайдалану барған сайын күрделілене түсті. Металл шығатын жаңа жер де ізделінді. Бұл іздену жаппай өpic алғандықтан, онсыз да малдары көбейіп, сиыса алмай отырған ұлыстардың арасында қақтығысу көбейді. Ендігі қақтығысулардың құралы — металдан болды. Бұл бір ұлыстың өте-мөте күшейіп, екіншісінің әлсіреуіне алып келді. Екінші жағынан, күшті ұлысқа қарсы ұсақ ұлыстардың бірігуі басталды, сүйте-сүйте ондай бірігу зор аймақты қамтыды. Жоғарыдағы деректерге қарағанда Оңтүстік-Сібір, Қазақстан, Орта Азия мен Шығыс Сібір, Енисей аралығында жасаған 150 — 160 шақты ұлыстар андрон үлгісінің аяғына таман, 1000 — 800 жылдар шамасында, 10-нан астам зор ұлыстар одағы болып құрала бастады. Ұлыстық одақ қанша молайса, ескі рулық-патриархаттық шекаралар соншама өшіп жоғала берді, жаңа патриархаттық шекаралар жасалды. Ондай жасалған шекаралықтар жеңген ұлыстар тобының атымен аталынды. Сондай жеңген ұлыстар топтарының бірі — Оңтүстік-Сібір мен Қазақстанда, Орта Азияда массагет (юэ-чжи) болды. Ал Енисейден Алтайға дейінгі аралықта ондай жеңіп алып, атын басқаға жайған ұлыстар одағының бірі - ди, не динлин (теле), Батыс Қазақстанда — сармат, Орталық Азияда — гунн болды. Сондықтан сақты да, массагетті де динлинді де, гуннді де бір-бір патриархаттық атаның аты деп тану дұрыс емес, бұлар құрама ұлыстар одақтарының жалпы есімі болған деген қорытынды жасайды ғалым М.Ақынжанов.

608ebeee8a253408654214.jpg

М.Ақынжанов грек тарихшылары бұлардың бәрін бір атпен скиф деп, шығыс тарихшылары сақ деп, ал Қытай тарихшылары гунн деп атады, бұлар бұл есімдерді осы халықтардың сөзінің естілу ызыңына қарай қойған дейді. Бұл елдердің өзінің жазба тарихы жоқ болғандықтан, өздерін өзі не деп атағаны бізге келіп жетпеді. Сондықтан біздер бұларға еріксіз сол көршілері қойған есімді қолданамыз.

М.Ақынжанов: «Тарихты жасаушы еңбекші халықтың өзінің қолымен жасаған игіліктерінің жұрнақтарына, ол жұрнақтардың үзілмей бірден бірге мұра болып, үлгілерін кейінгілеріне қалдыруына, ол қалдықты ұрпақтар толық қабылдай отырып, өз жаңалығын қосып, ілгері дамытқан фактілерге қарау керек. Осындай ерекшеліктерді аша отырып, тарих шындығын табуға болады. Оған этнографиялық, антропологиялық, тіл ғылымы табыстарын қосу керек. Сонда ғана, осылар бірін-бірі растағанда ғана, нағыз шындық ашылады»,-дейді[3].

Пайдаланған әдебиет:

1, 2, 3. Мұсатай Ақынжановтың «Қазақтың тегі туралы (қысқаша шолу)» (Алматы: Қазақ Мемлекет баспасы.- 1957) кітабы.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?