Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Кеңгір-Тұра ма әлде Усть-Каменогорск пе?

3601
Кеңгір-Тұра ма әлде Усть-Каменогорск пе? - e-history.kz

Манчжур тіліндегі құжаттарда Өскеменнің тарихи атауы – «Кеңгір-Тура» аталған, бұл мәліметті 2013 жылы Бенджамин Самуэль Леви докторлық диссертациясында пайдаланған.

Гарвард университетінде (АҚШ) жұмыс істейтін тарихшы Нұрлан Кенжеахмет Қазақстан тарихына, атап айтқанда Өскемен қаласының көне атауына қатысты құнды құжаттарды тапты, деп хабарлайды Qazaqstan Tarihy порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Гарвард университеті жанындағы Фэрбанк қытайтану орталығының ғылыми қызметкері, тарихшы Нұрлан Кенжеахметтің айтуынша, америкалық студент Бенджамин Самюэль Леви 2013 жылы «Жоңғар босқындары және жылдары Қытайдың Цин-Қазақ шекарасында империя құру, 1759-1773» («Jungar Refugees and the Making of Empire on Qing China Kazakh Frontier, 1759-1773») тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Ағылшын тіліндегі диссертацияны тек Гарвард кітапханасында ғана оқуға болады.

Айтылғандай, ғылыми еңбекте үш жерде Өскеменнің бұрынғы тарихи атауы – «Кеңгір-Тұра» кездеседі. Докторлық диссертацияның 212-бетіндегі түсіндірмеде: 

«Kengger Tura is known as Ust-Kamennaya in Russian. It was the southern most outpost on the Russian «Irtysh Line» that marked the boundary of the Russian Empire».

«Кеңгір-Тура орысша Усть-Каменная деген атпен белгілі. Бұл Ресей империясының шекарасын белгілейтін ресейлік «Ертіс сызығының» оңтүстік жағындағы форпосты болды»,- деп айтылған.

2019_12_22_24059330_1651954464841155_713971248875820357_o.jpg

«Америкалық студент өзінің ғылыми жұмысын маньчжур тіліндегі мұрағаттарды пайдалана отырып жазды. Манчжурлар Қытайды 250 жыл билеген. 1911 жылы оларды қытайлар жойып жіберген. 1600-1911 жылдар аралығында өмір сүрген манчжурлар 311 жыл ішінде өз тілін әлемдегі ең ұлы тілдердің біріне айналдырғаны таңғаларлық. Қазір манчжур тілі латын тілін оқитындармен тең дәрежеде оқытылады. Сұраныс өте үлкен. Бұл бізге де қатысты. Өйткені, Абылай хан заманындағы қазақ тарихының құпиясы мұрағаттарда манчжур тілінде сақталған. Қазақ тарихы туралы мыңдаған фактілер бар. Мен өзім манчжуртанушы емеспін, алайда манчжур карталарындағы топонимдерді зерделеу үшін Гарвардта манчжур тілін оқып жүрмін. Қазір манчжур тіліндегі топонимдерді, мұрағаттарды оқи аламын. Ал біз сөз етіп отырған америкалық студенттің диссертациясының құндылығы – жүз пайыз Шығыс Қазақстанға қатыстылығында. Алдағы уақытта осы еңбекті қазақшаға аударсақ, нұр үстіне нұр болар еді», - дейді Нұрлан Кенжеахмет.

Оның айтуынша, Өскемен 1757 жылға дейін Кеңгір-Тура деп аталған. Ол туралы қытай ғалымы Тан Цисян құрастырған «Қытайдың тарихи атласының» VIII томында да, сонымен қатар Ертіс өзенінің бойында, Кеңгір-Турада, 1769 жылы сызылған «Цяньлунь нэйфу юйту» («Цяньлун патшаның Орда картасы») картасында да айтылады.

«Тағы бір қызықты жайт, бұл картаны швед жауынгері Ренат Юхан Густав 1716-1733 жылдары жоңғарларға тұтқынға түскенде салған. Осы картада Шығыс Қазақстандағы Шүлбі, Үлбі, Бұқтырма өзендерінің ортасында орналасқан Кеңгір өзенінің атауы көрсетілген. Бұл карта ағылшын саяхатшысы Джон Бадделидің «Ресей, Моңғолия және Қытай» атты қос томдық монографиясына енгізілген», - дейді тарихшы.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?