Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бұл сайлау – саяси элитаны ширататын сынақ

1679
Бұл сайлау – саяси элитаны ширататын сынақ  - e-history.kz
Сарапшылар ұлт жоспарын жүзеге асырудағы бұл саяси науқан жаңаша дамуға серпін береді деп есептейді

ҚР Парламенті Мәжілісінің бесінші шақырылым депутаттарының ұсынысы Елбасы тарапынан қолдау тапқаны белгілі. Мемлекет басшысы үндеуі де қоғамның қызу талқысына түсті. Саясатшылар да, сарапшылар да өз пікірін білдіруде. Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы бұл саяси науқан жаңаша дамуға серпін береді. Сарапшылар Мәжіліске өз ісіне адал, іскер, білікті жаңа тұлғалар келеріне үміт артып отыр. 

Осы ретте Философия және саясаттану институтының директоры Зарема Шаукенова Елбасының көрегендігіне тоқталды. «Біздің ел талай сайлау компанияларын өткізіп жүр. Халықтың бұл жолғы таңдауы да әділ өтетініне сенімдімін», – дейді. 

Зарема Шәукенова, ҚР БҒМ Философия және саясаттану институтының директоры: 

«Біздің ел Елбасының көреген, дана саясатының арқасында алға басып келеді. Кезінде мұнай бағасы жоғары болып, табыс көп болғанда экономикамыз да жақсы әрі тез дамыды. Бірақ сол кездің өзінде Президент тек мұнайға ғана сенбеуді айтып еді. Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын қабылдады. Қара алтыннан түскен табысты ұлттық қорға жинақтауға тапсырма берді. Ал осы жолы депутаттардың ұсынысын саралай отырып, қолдағаны да салиқалы шешім». 

Арман Ешмұратов, «Жастар» ғылыми зерттеу орталығының директоры: 

ca991349475c08950974c74f8a06ea5b.jpg

Елбасының халық қалаулыларының ұсынысын қолдаған шешімі, Үндеуі бүкіл халықтың, бүкіл қоғамның пкірін ескере отырып жасалды. 20 наурызда кезектен тыс сайлаудың болатыны аяқ асты болған дүние емес, барлығын ел көріп отыр, бәрінің қолдауын тапқан соң барып қана Елбасы осындай Үндеу жолдады. Енді жаңа саяси мәдениет, жаңа партиялық жүйе келетініне сенімдіміз». 

Қоғам дәл қазіргі кезеңде ел қаржысын үнемдеудің қажеттілігін біледі. Әрі қиын да сындарлы сәтте атқарушы биліктің бастамашыл жаңа толқыны келуін халық та күтіп отыр. 

Эдуард Полетаев, саясаттанушы: 

«Бұл науқан тек Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау ғана емес. Бұл саяси элитаны ширататын сынақ іспеттес. Төңіректегі экономикалық мәселелерге алаңдаған халық қазір елімізді алға ілгерілететін ұсыныстар мен нақты құралдардың бар екеніне көз жеткізуде». 

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың депутаттар бастамасын қолдағаны өте орынды. Өйткені әлемдік дағдарыс кезінде Парламентке жаңа жасақталған құрамды таңдау зор мүмкіндіктерге жол ашады. Экономикалық әлеуетті жақсарту мен «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыруда тиімділік артады», – дейді малайзиялық саясаткер. 

Тенгку Аднан Тенгку Мансор, Малайзияның федералды аймақтары жөніндегі министрі:

21d34cd257351d425b93a2e4d2ee8d1d.jpg

«Бұл сайлаудың әділ өтетініне сенемін. Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат құрамын қайта жасақтау Мемлекет басшыларыңыз ұсынған «100 нақты қадам» жоспарын іске асыруға жағдай жасайды. Нәтижесінде саяси ғана емес, мемлекеттің экономикалық әлеуеті жақсарады. Менің ойымша әлемдік қиын-қыстау кезінде бұл сайлаудың Қазақстан еліне берері көп». 

Енді алда үлкен саяси дода тұр. Парламент Мәжілісінің жаңа құрамын таңдау – сайлауға белсене қатысар халықтың өз қолында. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?