Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қазақстанда Жошы Ұлысын зерттеуге арналған ғылыми институт құрылады

1966
Қазақстанда Жошы Ұлысын зерттеуге арналған ғылыми институт құрылады - e-history.kz

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Атырауда өтіп жатқан " Ұлық Ұлыс - Алтын Орда" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында айтты.

"Ұлық Ұлыстың тарихы Қазақстан үшін аса маңызды.

Біріншіден, Жошы ұрпақтары билік құрған тарихи дәуірді зерттеумен айналысатын Жошы Ұлысын зерделеу ғылыми институтын құру туралы Үкімет қаулысы қабылданды. Жаңадан құрылған институтқа еліміздегі Алтын Орда тарихын зерттеумен айналысып жүрген жетекші ғалымдардың әлеуеті шоғырланатын болады.

Екіншіден, Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Қазақстанның тарихын жаңа жүйелі түрде зерттеу қажеттігін баса айтқан болатын.

Қазіргі уақытта Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының негізінде беделді тарихшы ғалымдардан құралған топ «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» көптомдық академиялық басылымын әзірлеуде.

Басылымның 3-томы «Жошы Ұлысына» арналған. Институт аталған томға жауапты болып, осы бағытта жүйелі зерттеулер жүргізетін болады.  

Министрлік үшін негізгі бағыттардың бірі Қазақстанның тарих ғылымын дамыту тұжырымдамасын, Қазақстан тарихы бойынша үлгілік оқу бағдарламасын, мектептерде тарих пәнін оқыту әдістемесін әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан тарихы бойынша жаңа академиялық басылымды және базалық мектеп оқулығын даярлау болып табылады.

Үшіншіден, ғалымдар Алтын Орда тарихын зерттеу бойынша гранттық және нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру шеңберінде 15-ке тарта ғылыми жоба жүзеге асыруда.

Ғалымдармен «Жаңа дереккөздерді аудару және Алтын Орданың этносаяси тарихын зерттеу» ғылыми бағдарламасын жүзеге асыру басталды. Бағдарламаның мақсаты Жошы Ұлысының этносаяси тарихын Қазақ хандығының тарихи бастамасы ретінде зерттеу. Халық арасында Алтын Орда тарихы туралы кәсіби ғылыми білімді насихаттау болып табылады.

Атырау жерінде Ұлық Ұлыстың астаналарының бірі – Сарайшық бар. Бұл қалада Алтын Орда хандарының біразы таққа отырды. Сарайшықта Ұлыс Жошының бірқатар хандары, Ноғай ордасының бектері, сондай-ақ Қазақ хандығының жекелеген хандары жерленген.

Сарайшық – тарихымыздың символдық астанасының өте маңызды құрамдас бөлігі. Сарайшықтың мәдени мұрасын, тарихын жан-жақты сақтап, зерделеуіміз қажет.

Бұл бағытта  кешенді археологиялық ізденістер жүргізілетін болады. Ескерткіштің материалдық және рухани мәдениетінің негізгі элементтерін қайта қалпына келтіру арқылы қуатты мемлекетіміздің тірегі ретінде ежелгі қала тарихын дәріптейтін боламыз.

Қазіргі таңда Ұлық Ұлыстың тарихын жан-жақты және жүйелі түрде зерттеу жұмыстары жүргізілуде" деді министр.

Министр Алтын Орда зерттеулерінде нағыз ғылыми революция орын алғанын атап өтті.

Кешенді зерттеулердің арқасында бұрын көп назар аударылмаған өте маңызды тұстары да енді жарыққа шығуда.

"XIV ғасырда, жазбаша және археологиялық деректерге сүйенсек Алтын Ордада ғылым мен мәдениеттің өсуін көруге болады" деп атап өтті министр Асхат Аймағамбетов.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?