Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қазақ топырағындағы миссионерлік саясат. I бөлім

2084
Қазақ топырағындағы миссионерлік саясат.  I бөлім - e-history.kz

ХІХ ғасырдың ІІ жартысына дейінгі кезенде қазақ халқының саяси жағдайында бірнеше маңызды жағдайларды бастан өткен болатын. Соның бірі – ең алдымен, кіші жүз және орта жүз аймақтарының Ресей империясының қарамағына өтіп кетуі болды. Яғни, бұл аймаққа Ресей әскері келместен бұрын, аймақтың тарихи-мәдени дамуында исламдық фактор басым болды. Халықтың көпшілік бөлігі тек қана ислам дінін ұстанатынын ашық көрсетті.

Ислам діні ықпалының нығаюына екі үлкен фактор әсер етіп, осы екі бағыт исламның негізгі орталықтары саналды. Біріншісі – исламның ортазиялық бағытта дамуы болса, екіншісі – оңтүстік-сібір аймақтық орталықтары саналды. Кіші және орта жүз қазақтары оңтүстік-сібір ислам орталығының ықпалында қалды. Нақтылап атайтын болсақ: тобыл – ертіс, барабин және том татарлары, Жайық-Еділ арасындағы татар, башқұрттар. Бұл аймақтағы исламның дамуы мүлдем басқа векторда болды. Алдымен, ұзақ уақытқа дейінгі ықпал еткен «көшпелілер» қоғамының әсері болса, екіншісі ол – Орталық Азия аймағынан келген суниттік бірлестіктердің орнығуы. Ақыр соңында Сібірде жаңаша мұсылмандық тәңіршілдіктің элементтері бар. «Ислам әлемінің» мегақұрылымының бір бөлшегіне айналды [1].

Оңтүстік Қазақстанға, Ұлы жүз қазақтарына, үлкен ислам орталығы – ортазиялық ислам әлемі ықпал етті. Аймақта орналасқан Бұхар әмірлігі, Қоқан және Хиуа хандықтары, ислам мемлекеттілігінің орталық-азиялық тобының негізгі дәстүрлі ұстанушы мемлекеттеріне айналды. Мысалы, бұған дәлел –Бұхар хандығының саяси-иерархиялық билігінде діни лауазымдардың ықпалының жоғары болуы. Дінге ең басты жауапты адам шейх – уль – ислам, заң саласы толығымен шариғат талабымен жүргізілді . [2].

XVIII 50 жылдары патша үкіметі арнайы қаулы шығарады. Қаулының негізгі таралу аймағы Қазан, Астарахань, Сібір губернияларындағы барлық ислам және православты христиан дінін ұстанатын халыққа қарасты болды. Ол бойынша, аумағында православты христиан дінін ұстанатын халық болмаған жағдайда, сол аймақта мешіт тұрғызылуға рұқсат берілді және ол жерде міндетті түрде кемінде 200-ден 300-ге жуық ислам дінін ұстанатын ер адамдарды болуға тиіс еді. Ал 200-ден кем ер адамдарды бар ауылдық елді мекендер көрші ауылдағы мекемелерге барып сонда тіркеліп, сол жердегі жергілікті мешітке баруларына рұқсат етілді. Егер ауылда жаңадан христиан ағымын ұстанатын адамдар саны мұсылмандардың 1/10 бөлігін алып жатқан жағдайда, олар сол ауылдан көшіріліп, көрші ауылдағы жаңадан христиан дінін қабылдаған адамдармен біріктірілді немесе жай орыстардың арасына барып қоныстандырған болатын. Соңында, егер жаңадан христиан дінін қабылдаған адамдар мұсылмандардан 1/10 бөлігінен көп болған жағдайда, онда бұл ауылда мешіт тұрғызуға тыйым салынды және ондағы мұсылмандар көрші ауылдағы мешітке барып, сонда діни жоралғыларды жасауларына рұқсат етілді [3].


photo.jpg


Жаңағы жазылған заңдардың ешқайсысы да XVIII ғ. 30-60 ж.ж орта және кіші жүз аймақтарына қарасты болмады. Оның ең басты себебі, бұл аймақтар патшалық Ресейдің бұл аймақта енді тек орнай бастау есебінен еді. Жеткілікте деңгейде жүздердің иерархиялық құрылымының зерттелмеуі, бұл тарихи шеңберде әлі де болса, Ресей империясының қазақ қоғамының ішкі саясатына жоғары деңгейде араласпау есебінен деп түсіндіріледі [4].

Ресей империясы ХVIII ғасырдың 70-80 жылдары қатал бағыттан бас тартты. Керісінше ислам елдеріне қарасты толерантты болуды қалады десек, қателеспеген болар едік. Бұл тенденция тек ислам елдеріне қатысты болған жоқ. Д.Ю. Араповтың пайымдауынша, «орыс православты шіркеуін Речь Посполитадан қорғау үшін Қырым халықтарын бейбіт өмірге шақырды». Ресей империясы өзіне көп жаудың керек еместігін анық аңғартты. Ең негізгі сыртқы саяси бағыттарының бірі – түркі-ислам елдерімен тығыз бейбіт қарым-қатынас орнату болды. [5]. «Бірақ ол мақсатта біз орыс православты шіркеуін міндетті түрде пайдалануымыз керек» деді Екатерина ІІ. Бұл жердегі тірек сөз – орыс православты шіркеуі. Кейінгі кезеңде дәл осы православты шіркеудің құйтырқы саясатымен жазбамыздың алдағы бөлімдерінде міндетті түрде танысатын боламыз.

Орыс православты шіркеуінің жаңа үкіметі дереу «жаңа бағытты» қолға алды. 1788 жылы Орынбор магометан жиыны құрылды. Яғни, бұл Ресей империясындағы барлық мұсылмандардың негізгі басқару органы болды. 1794 жылы Қырымның Ресейге қосылуынан кейін, жаңа Тавриялық магометандық діни құрылымның пайда болғаны туралы жарияланады. Сонда аталмыш орган Ресейдің еуропалық бөліктерінде тұратын мұсылмандардың негізгі басқару органы болды [6].

Енді біз жалпы Ресей империясының Қазақстан территориясында жүргізген миссионерлік саясатының негізгі мақсатын түсініп көрсек... Біріншіден, діни саясат Ресейге басқа да христиан әлемінен бөлек халықтардың империя құрамына жақындасуына мүмкіндік береді. Мешіттердің көбірек салынуының басты мақсаты көшпелі, далалық аймақтарда көшіп жүрген халықтардың бір орталыққа шоғырлануына мүмкіндік береді. Әрі оларға Патша үкіметі қатал саясат емес, бейбіт әм еркін саясат ұстанатындықтарын аңғартуды мақсат тұтты [7]. Екіншіден, миссионерлік саясаттың басым бағыты – аймақтағы ислам қағидаттарының көптеп насихатталуы. Себебі халықтар арасындағы келіспеушіліктердің жоюылуына алып келеді деп есептеді. Оның ішінде, нақты айтатын болсақ – башқұрттар, татарлар бір жағынан, екінші жағынан кіші жүз қазақтарына қатысты екені сөзсіз. Бұл жердегі ең негізгі мәселе ол – жер мәселесі, дәлірек айтар болсақ, Жайық маңындағы қазақтардың шапқыншылығы есебінен мал жаятын орындарға талас-тартыстың көбеюі негізгі себеп еді. Діни жақындық үкіметтің ойы бойынша, барлық келіспеушіліктер(әр түрлі көзқарас тұрғысынан қақтығыстар, сосын малдың ұрлануы) секілді мәселелерді шешеді деп есептеді. Үшіншіден, негізгі мақсат болған дүние – қазақ қоғамына ислам дінін тарату арқылы олардың сеніміне кіру. Осылардың ішіндегі ең негізгісі – көшпелі халықты отырықшы мемлекетке айналдыру. Көптеген адамдарын қалалы аймақтарға шығуға мүмкіндік жасау. Ақыр соңында православты мемлекетке айналдыру. Исламды «монотеизм» алдындағы өтпелі бір көпірге айналдыру мақсаты болған секілді [8].


Джангир-хан.jpg


Дәл осы мақсаттардың орындалуын Патша үкіметі 1785 жылдың 4 қыркүйегінде арнайы Екатерина ІІ бұйрығынан бастады. Дәл сол тапсырма бойынша: қазақ жерінде әрқайсысына 500 адам сыя алатын мешіттер салу, шалғай елді-мекендерге татар молдарын жіберу, әрбір мешіттерде «татар мектептерінің», керуен-сарайлардың жұмысы қалыпқа келуін қолға алу қажет деген бұйрық берілді [9].

Діни реформаның орындалуы барысында XVIII-XIX ғасыр шеңберінде көшпелі қазақтар мен оңтүстік сібір халықтарының шекарасынла 4 мешіт тұрғызылды. Біріншісі Орынборда тұрғызылды. Тұрғызылу себебі – кіші жүз ханы ордасының жақын болуы. Екіншісі Оралдың жоғарғы бөліігінде салынды. Оған себеп – көшпелі ықпалды тайпалардың сол маңда көбірек шоғырлануы. Ал үшіншісі Троицскіде, негізгі себеп – қазақ көпестерін сауда байланыстарын көптеп жүргізуге мүмкіндік беріп, жақындату үшін. Енді төртіншісі Петропавл бекінісінде салынды. Аталмыш мешіт орта жүз ханы Уәли ордасының жақын болуы есебінен тұрғызылған болатын [10]

Бірақ тарихшы Г.Сұлтанғалиеваның пікірі бойынша, шекаралық аймақтарды есептемеген кезде XVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың І жартысында қазақтардың көшпелі аймақтарында бірде-бір мешіттің болмағанын жазады. Дегенмен архив деректерінде 1809 жылы сұлтан Урман Нуралиевтің Сарайшық бекінісінде мешіт салдыру туралы ұсынысы да кездеседі. Тек ол емес, оған қоса Абдулмухсин Ашимов, Тәуке мен Баймұхамет Айшуақұлылардың Қобда өзені маңында көлемі 200 адамды оп-оңай сыйдыра алатын мешіт салдыру туралы ұсыныстары ұшырасады.

Дәл сондай жағдай ортаазиялық мұсылман тенденциясында да болды. Сол кезеңде Орта Азиядан келген 465-ке жуық отбасы бар деп көрсетіледі. Ал сондағы жергілікті әкімшіліктің келесі қадамы оларды заңдастыру әрекеті болды. Шетел азаматтарына «қазақ көшпенділерінің» қатарына кіру ұсынылды. Бұл құйтырқы саясаттың астары мынадай еді: Ресей азаматтығын қабылдап, қазақ көшпелі ұжымдарының қатарына кіру және осылайша, Ресей қазынасының пайдасына салық төлеуге міндеттеу болды. Осы орайдағы реформаларды шетел молдалары қабылдады. Көп бөлігі азаматтықты қабылдап, қазақ даласында қалуға көндікті. Ары қарай діни үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе беруге кірісті.

ХІХ ғасырдың І жартысында Ресей тарабы исламдық құрылымдарға өздерінің толеранттылық саясат ұстанатынын анық аңғартты. 1832 жылы Ресейдің Ішкі Мининстрлігіне қарасты шетел миссионерлерінің рухани ісінің департаменті құрылады. 1831 жылы Таврия магометандық рухани үкіметі құрылып, оған Закавказье аймағындағы барлық суниттік және шейттік құрылымдар бағынышты етіледі. (Айта кетейік, бұл ұйым 1872 жылы қайта құрылады) 1857 жылы Александр ІІ-нің арнайы «Шетел миссионерлерінің рухани мәселесі» атты жарлығы Ресей империясындағы барлық мұсылмандарға қатысты деп жарияланады [11].  


photogallery-6.jpg


ХІХ ғасырдың І жарты бөлігінде Қазақстан аумағындағы қазақ мұсылмандарының барлық діни мәселелерінің негізгі басқару органы Орынбор рухани мұсылмандар кеңесіне бағынды. Ресми деректердегі аталмыш органның жариялауы бойынша, «мемлекеттің қандай дін ұстанса да еркіндігі бар» екенін, сонымен қатар «дінге сенімділік пен либерализм, яғни теңдік» мәселелері бірінші орында екенін жариялайды. Сол мекемедегі діни мамандар тікелей мемлекеттің идеологиялық бағытына сай жұмыстар атқарды. Бұл нені білдірді? Бұл дегеніміз өз бетімен шешімдер қабылдап немесе басқа бір ағымдағы(чучхве, гуманизм, авангардизм) түрлі идеологияларға қарасты емес. Енді айтылған ақпараттарға нақты дәлел бола алатын нәрсе – «Семейдегі 57 адамнан құралған азиялық шетел азаматтарына қарасты мәселе» [12]

Негізгі айтылатын мәселе жоғарыда мысал еткен азаматтарға жергілікті жердегі молдалардың қарауынсыз ерікті түрде екі мешітке де құлшылық жасауға рұқсат беру болды. Дәл сол 57 адам 1835 жылы Семейде өз қаражаттарына 2 мешіт тұрғызады. Бұл үлкен құқықбұзушылықты Орынбор рухани мұсылмандар кеңесі байқап, дереу сол мешіттерді жабу туралы бұйрықты шығарады. Бірақ Орынбор мұсылмандар кеңесі кейіннен Орынбор билігін тексеріске алып, ең сонында кеңестің шығарған үкімі заңды болғаны туралы ресми жариялайды. Енді оның басты себептері: біріншіден, белгілі аймақта мешіт тұрғызылуы үшін ер адамдардың саны 500-ден кем болмауға тиіс, осы санға жеткен жағдайда ғана рұқсат етілуі мүмкін. Екіншіден, сол мешіттің бас молдасы Орынбор рухани мұсылмандар кеңесінің жалпы жиынында бекітіліп, тағайындалуға тиіс болатын [13].

Ресей империясының діни бағытын алғашқы боп Қазақстан аймағында мойындап, оны іске асырған Бөкей Ордасының ханы Жәңгір болды. Ол Бөкей Ордасында , өзінің бөкей қазақтары арасында мәртебесін сақтап қалу мақсатында діни реформа жүргізген болатын. 1801 жылы Павел І бұйрығы бойынша Жайық пен Еділ арасында,жаңа қуыршақ мемлекет Бөкей Ордасы құрылады.Жәңгір ханның билігі кезеңі еліміздің көптеген жазушылары атап жазып кеткен болатын. Қазақстан аймағындағы жеке бір мемлекеттік құрылым болғандығы ,оның өзінің бір еркін түрде діни құрылымының болғаны, бірақ Ресей империясының билігіне тікелей тәуелді болуы басты ерекшелігі болды. Марионеттік құрылымның да Қазақстан аймағында бұрын соңды кездеспеген болатын. Әрине,Бөкей Ордасының негізгі құрылу мақсаты да ең бірінші Ресей империясының мүддесі болғандығы анық еді [14].   

Енді қазақ топырағындағы миссионерлік саясатты айтқанда Жәңгір ханға соқпай өту мүмкін емес. Оның билік ету кезеңінде бірқатар саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени реформалар жүргізілді. Ол айдан-анық нәрсе. Халық үшін рухани бағдарламаларды да ұсынған болатын. Ең басты мәселе – халықтың тұрмыс жағдайын көтерумен қатар, халықтың білімсіздік деңгейін азайту, халықты діни сауаттылыққа тәрибелеу шараларын қолға алу еді. Бұның қарапайым халық үшін екіұшты салдары болды. Атап айтар болсақ, халық ішінен қолдау таппағандардың айқын мысалы: Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы бастаған, М. Өтемісұлы қолдаған көтеріліске ұласқан болатын. Демек бұдан шығар қорытынды мынау: халықтың ойы біркелкі болға жоқ. Қолдамағандардың да тіпті қолына қару алып, қарсы шыққан топтардың ізі болмағанын байқауымызға болады. Жазбамыздың барысында «дін саласында бірнеше реформалар жүргізілді» деп атап көрсеткен болатынбыз. Солардың бірі ретінде 20-30 жылдардың соңында хан Жәнгір өткізген дін реформасын айтамыз. Реформа барысында басты басым бағыт «экономикалық бағыт» болды. Көшпелі қоғам арасында жаңа жер институтын қалыптастыру, Бөкей Ордасында отырықшылық мәдениетпен айналысатын халыққа қолдау көрсету – міне, осылар. Яғни, оның басты мақсаттарының бірі ежелден қалыптасып келген көшпелі қоғамды отырықшылық қоғамға көшіріп, жер өңдеумен айналысуға талпыныс болды. Бірақ халық бұл идеяларды қолдамайтыны белгілі еді. Ислам дініне тоқталар болсақ, бұл мәселе өте қатаң негізде қаралды. Ең бірінші, Жәңгір экономиканың дамуы осы ислам дініне байланысты екенін түсінді. Халықтың барлығын ислам дініне көшіру, ел арасында ислам дінін насихаттау өте жоғары деңгейде жүргізілді. Бірақ ақыры бұл саясаттың барлығы халықтың шынымен, рухани мәдениетке исламдық мемлекетті қалыптастыру емес, өз билігін нығайту бағытындағы орын алған жұмыстардың бірі екені бәріне түсінікті болған сияқты. Ең басты мақсаты – өзінің саяси аппаратын аман алып қалу. Халық ислам дініне берік екенін және сол арқылы ғана олардың жүрегіне жетуге болатынын түсінді. Соңында бұл саясаты да қырғынға ұшырайды. Барлық атқарылған жұмыстар Ресей Империясының жетегінде қалып, кез келген салада олар бірінші болып қадам жасап отырғанын мойындамаудан басқа бізде еш шара жоқ екенін түсіне беруімізге болады. Қазақ сұлтандары мен хандарының діни ықпалды адамдардан көмек қолын немесе кеңес сұрау мысалы біздің тарихымызда көптеп кездесеніәмбеге аян. Өздерінің ішкі және сыртқы саясатын нығайту үшін арнайы кеңес ұйымдастырып, көмек сұрап, ақыл сұраған кездер өте көп кездеседі. Сол дәстүрді жалғастырушысының бірі де осы – Жәңгір хан болды.

Бөкей ордасындағы қожа руы негізінен екі үлкен және ықпалды отбасылық әулеттерден тұрды. Олар Мурза-қожа және Кедей-қожа, Түркістаннан келген иммигранттар мен Ордаға Орынбор өлкесінен қоныс аударған парсы-қожа және Хан-қожа аз кландар. XIX ғасырдың 40-30 жылдарының ортасында «Бөкей хандығы аймағында 258 қожа тұрған» деп көрсетіледі [15].

Жәңгір түрлі әдістерді қолдана отырып, осы мүлік өкілдерін өз жағына тартуға бағытталған қадамдар жасады. Соның ішінде ең ықпалды тұлғалардың бірі Қарауыл Бабажановтың қызымен некеге отыруын жатқызуымызға болады. қожалар Ордадағы Хан билігінің әлеуметтік тірегін құрады. Оған қоса көп жағдайда хан өткізетін саяси іс-шаралар оған бағынышты аумақтағы негізгі бағытын анықтады.

Бөкей ордасындағы діни реформа бірнеше бағытта өтті. Оның негізгі мазмұны «ахун» лауазымын және «жазаланатын молдалар» институтын енгізу еді. Ахун Орданың барлық мұсылман дінбасыларының идеялық жетекшісі, сонымен бірге ханның рухани тәлімгері ретінде болды. Хан оларды рулық топтарға тағайындау үшін молдаларды таңдаумен айналысты. Тағайындау процедурасы жоғарыда айтылғандай, 1788 жылы анықталды. Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы О. А. Игельстром және Орынбор мұсылмандар кеңесінің шешімімен тағайындалып бекітілілген болатын [16].

Кіші және орта жүздегі молдаларынан басты айырмашылығы, онда молдалар тек ислам салттарын орындаған. Бөкей Ордасының молдалары діни практикадан басқа, зекет, халықтан діни салық жинауға, метрикалық кітаптар жүргізуге, мектеп құрылысына ерікті қайырымдылықтар жинауға, онда қазақ балаларын оқытуға міндетті болды. Осылайша олар хан билігінің уәкілетті өкілдері және оның жергілікті саясаттағы жолсеріктері болды. Жергілікті биліктің айтуынша, «...Жәңгір сөзсіз есептеді...», оларға арнап жасалған және арнаған молдалар, халық арасында құрмет пен кішіпейілділікті тудыру үшін оның билігінің басқа тірегіне қарағанда, хан тұсында тұрған орыс казактарының жүздік отряды мен қырғыздарға(қазақтарға), билеушісіне тиісті бағыну үшін қажет болған жағдайда болып табылатын орыс зеңбіректері оның қолында қызмет ете алар еді» [17]. Бұл салықтан түскен барлық түсімдер хан қазынасына келіп, хандықты басқару аппараты мен Жәңгірдің үлкен отбасын ұстау үшін пайдаланылды.

Бөкей Ордасының көшпенділері арасында Исламның табысты таралуы үшін Жәңгір барлық ықтимал құралдарды пайдаланды. Алайда ханның пікірінше, оның жеке үлгісі үлкен мәнге ие болуы керек еді. Хан ставкасында салынған мешіт сенушілер үшін әрдайым ашық болды. 1834 жылы Еділ бойына саяхат жасаған Дерпт университетінің профессоры К.Гебель Жәңгірдің резиденциясында былай деп жазды: «кешкі сағат 7-де біз үлкен залда дұға еткен молланың дауысын естідік. Бұл молла ханның өзі еді, мен оны алдымен танымадым. Өйткені ол ақ жібек чалмада болды. Мен бұл бөлмеде үлкен самовар қайнап, адамдар алға-артқа жүрсе де, дұға етушілердің үрейі мені таң қалдырды. Мешіт әлі болған жоқ, бірақ хан оны салуды ұсынды» [18].

Осылайша Жәңгір хан Бөкей Ордасының халқын исламдандыруға ықпал ететін құралдардың барлық қол жетімді арсеналын пайдаланды. Ресей әкімшілігінің хандықтың ішкі істеріне араласпау ұстанымы, біздің ойымызша, Жәңгірдің діни реформасы көшпелі қазақтар арасында Исламның ұстанымын нығайтуға бағытталған XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бірінші жартысындағы үкіметтік іс-шаралардың жалпы арнасында жүзеге асырылғандығымен түсіндірілді. Мұның бәрі түптеп келгенде, ханның діни реформасының сәтті екенін алдын ала анықтады.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.     Ислам на краю света. История ислама в Западной Сибири в 3-х томах. Том 1. Источники и историография / Под ред. А.П. Яркова. Тюмень, 2007.Б

2.     Мейндорф Е.К. Путешествие из Оренбурга в Бухару. М.: Наука,

3.       ПСЗРИ. Собр. 1. СПб., 1830. Т. VIII. №5333.

4.     Моисеев В А. Джунгарское ханство и казахи в XVII-XVIII вв. Алма-Ата, 1991; Он же. Россия и Джунгарское ханство в XVIII в. Барнаул, 1998: Он же. Российская империя и Цинский Китай. Барнаул: Изд-во «Азбука». 2003.

5.     Ислам в Российской империи (законодательные акты, описания, статистика) // под ред. Д.Ю. Арапова. М, 2001. б. 18-19.)

6.     Тихонов А.К. Католики, мусульмане и иудеи Российской империи в последней четверти XVIII - начале XX вв. СПб., 2008. С. 87.)

7.     Добромыслов. А.И. Тургайская область. Исторический очерк. Оренбург, 1898. С. 164.

8.     Ремнев А. Татары в казахской степи: соратники и соперники Российской империи // Вестник Евразии. М., 2006.№ 4. С. 5.

9.     Юдин П.Л. Барон О.А. Игельстром в Оренбургском крае (1784-1798 гг.) // Русский архив. 1897. №4. Кн. 1.С. 513-555.

10. Добромыслов А.И. Тургайская область. Исторический очерк. Оренбург, 1898. С. 164.

11. Устав духовных дел иностранных исповеданий // Свод законов Российской империи. 1896. Т.П. Ч. 1. Спб.: Государственная типография. 406 с

12. ГАОО. Ф. 3. Оп. 1. Д. 1364. Л. 1-193.

13. ГАОО. Ф. 3. Он. 1. Д. 1364. Л. 19-20об

14. Акбай Ж. Нарын-Казахия. Алматы, 1999; Евреинов А. Внутренняя, или Букеевская, киргиз- казачья орда // Современник. 1985. № 10; Зиманов С.З. Россия и Букеевское ханство. Алма-Ата, 1982; Иванов И.С. Джангер, хан Внутренней киргизской орды. Астрахань, 1896; Касымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств XVIII - первой половины XIX в. Жангир-хан (1801-1845). Алматы, 2001;

15. Ерофеева ИВ. Внутренняя, или Букеевская орда в первой половине XIX в.: история и историография // История Букевского ханства. 1901-1852 гг. / Сборник документов и материалов. Алматы, 2002. СП

16. Иванов И.С. К столетнему юбилею Внутренней (Букеевской) киргиз-кайсацкой орды // История Букеевского ханства. 1901-1852 гг. / Сборник документов и материалов. Алматы, 2002. С. 920.

17. История Букевского ханства. 1901-1852 гг. / Сборник документов и материалов. Алматы, 2002. Док. №667. С. 815.

18. Гебель К. Поездка в ставку Джангира Букеева, хана Внутренней киргизской орды // История Букеевского ханства. 1901-1852 гг. / Сборник документов и материалов. Алматы, 2002. С. 830.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?