Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Нұр-Сұлтанда «Шеруші Төлек тарих, шежіресі» кітабының тұсаукесері өтті

4007
Нұр-Сұлтанда «Шеруші Төлек тарих, шежіресі» кітабының тұсаукесері өтті - e-history.kz

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Шеруші Төлек тарих, шежіресі» атты шежіре кітаптың тұсаукесері өтті. 

Тұсаукесерге зиялы қауым өкілдері мен тарихшылар, қоғам белсенділері, Абақ керей Шеруші ата ұрпақтары қатысты. 

Энциклопедиялық туынды танымал альпинист, тәуелсіз журналист, өлкетанушы, блогер Жанарбек Ақыбиұлының көп жылғы ізденістерінің нәтижесінде дайындалып, Алматы қаласындағы «Самға» баспасынан басылып шықты. 

Шежіре тарқату, бабалар тарихын есте ұстау халқымыздың ежелгі дәстүрі. Сол дәстүрді негізге алған автор, Төлек руының 400 жылдық тарихын, шеруші Төлектен тараған 5 атаның ұрпақтарын түгелдей толық кітапта қамтыған. Алғашқы тарау Абақ Керейдің он екінің руының бірі Шерушіден тарайтын Төлек руының  арғы бергі тарихына арналған. Сондай-ақ Төлек руынан шыққан батырлар мен тарихи тұлғалар, күйшілер мен ақындар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, даңқты спортшылар, соғыс ардагерлері, ағартушы ұстаздары, наубат құрбандары туралы деректер кітапқа енгізілген. Соңғы тарауда Төлек руының шежіресі жинақталып берілген.

Кітап жалпы оқырманға, тарихшыларға, қазақ халқының күрделі тарихынының этникалық мәселелерін қызықтайтындар мен ұлт тарихы мен шежіресіне қызығатын оқырмандар арналған. 

Іс-шарадан фоторепортаж. 

TEMA8771.jpg

TEMA8778.jpg

TEMA8781.jpg

TEMA8807.jpg

TEMA8805.jpg

TEMA8791.jpg

TEMA8815.jpg

TEMA8782.jpg

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?