Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ҚАЙТА ОРАЛҒАН ЕСІМДЕР

4679
ҚАЙТА ОРАЛҒАН ЕСІМДЕР - e-history.kz
"Алмас қылыш" фильмі көрермендер арасында көп талқылануда. Ғылыми ортаның өкілдері де жас режиссерлердің шығармашылығы туралы өз пікірлерімен бөлісті

«Қазақфильмнің» жас режиссерлері әзірлеген «Алмас қылыш» фильмі, жалпы алғанда сәтті шыққан деп ойлаймын. Оған сыншылар, тарихшы-ғалымдардың мән берген тұстары да бар. Оның ішінде фильмде кейбір есімдер, рәсімделуі,  сахналық көріністеріне қатысты және басқа олқылықтар жөнінде пікірлерін білдіруде. Бірақ көркемсуретті фильмді жасаушыларға ұлы жазушы Ілияс Есенберлиннің белгілі романын негізге алуы тиімді болған. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаю тақырыбын ашуда Ілияс Есенберлиннің роман-трилогиясының аса зор маңызын байқап отырмыз.

Сол кезеңдегі биліктің саяси тиым салуы мен қаскөйлердің әзәзіліне қарамастан, Ілияс Есенберлин  ХV ғасырдың 30-70 жылдарындағы тарихи оқиғалардың көрінісін жазды. Менің ойымша, фильмнің сценарийін жазған Смағұл Елубай, Тимур Жақсылықов және Рүстем Әбдірашовтың жұмыстары ойдағыдай сәтті шыққан. Қазақстанның табиғат көрінісі мен сәулетін операторлар  тамаша көрсете білген. Қайрат Кемелов, Еркебұлан Дайыров, Досхан Жолжақсынов, Исабек Әбілмәжінов, Аян Өтепберген, Бекболат Тілеухан, Қарлығаш Мұхамеджанова және басқа да актерлер жақсы ойнап шықты. Мұнда көптеген «Қазақфильмдерге» тән елірмелік пен жасандылық жоқ. Бірақ кәсіби тарихшы ретінде біршама ескертпелермен, өз ойымды айтқым келеді. Мысалы, Керей мен Жәнібек екеуіне ортақ ата-бабасы ретінде табанды түрде  Орыс хан деп атайды. Бірақ ханның және Ақ Орда мен Өзбек ұлысының нағыз аталуының басқа да нұсқалары бар ғой. (XIV ғасырда Өзбек Ұлысы Дешті-Қыпшақты алып жатты, ал қазіргі Өзбекстан территориясы Мәуереннахар немесе әмір Темірдің  империясы деп аталды).

Орыс ханның басқа да алғашқы есімдері жөнінде А.И. Левшин, Ақ Нияз (мұсылмандық атауы - Мұхаммед) болған деп хабарлаған немесе Сәкен Сейфуллин және басқа да авторлар оны Орын-хан деп атағаны жөнінде айтады. Орысхан (Орын, Ақ Нияз, Мұхаммед) 1368-1377 жылдар аралығында билік жүргізді және жеке ақшасын басып шығарды. «Аноним Искандера»-да  ол билеуші -«мазасыз, күшті  және қуатты патша» болды деп хабарлайды. Айта кету керек, «мазасыз» қазақша (ежелгі қыпшақ) тілінде «ұрыс», «ұрысқақ» деген мағынаны білдіреді, мүмкін шындығында оны «Ұрыс» Урус (Ұрыс, Ақ Нияз) үнемі Темірмен шайқасқан және Дешті-Қыпшақ даласына ешкімді жолатпаған. «Шыңғыс-нама»-да оның түнгі шайқаста қалай қайтыс болғаны толық берілген.

Әбілқайыр Шейбанға (Шибанид және Сибанид) тоқталатын болсақ, ол Орал өзені (Жайық, Яик) маңында туылған, Тобылда (бұл Қазақстанның солтүстік шығысы) 16-17 жасында таққа отырған, ал 1430 жылғы жорықта Тара қаласын (немесе Чимга-Тура) алады және бұл қаланы өзінің астанасына айналдырады. Тара қаласы (немесе Чимга-Тура) қазіргі Түмен қаласынан (Ресей Федерациясы) алыс емес жерде орналасты. Біраз уақыттан кейін Әбілқайыр кенеттен Тараны тастап, оңтүстікке қоныс аударғаны жөнінде татар ғалымы Сафаргалиев жазады. Біздің ойымызша, Әбілқайыр хан Ұлытауға көшкен және мүмкін осы мезгілден бастап оның хандығы - «Әбілқайыр ұлысы немесе Өзбек ұлысы» деп аталған болу керек.

Әбілқайыр Шейбанид Есіл маңындағы далаға орналасты: 1446 жылы Есіл маңындағы Атбасар өзені бойында оның Мұстафамен шайқасы болғанын, астаналықтардың есіне саламыз. Әбілқайыр Ұлытау мен Түркістаннан Темір ұрпағының иелігіндегі  Самарқанд және Хорезмге бірнеше жорық жасады.

Әбілқайыр Мәуереннахр аумағында өзара араздық тудырған, Темір тұқымының шақыруымен өздерінің шапқыншылықтарын жасады.

Әбу Саид көрсетілген көмек үшін Әбілқайырға  қымбат сыйлықтармен қатар, ұлы Ұлығбектің немересі – Рәбия Сұлтан-Бегімді әйелдікке беріп ризашылығын білдіреді. Әбілқайырдың Мәуереннахрда емес, Дешті-Қыпшақта хандық құрғанын баса айту керек. Қалмақтардың билеушісі Үз-Темірдің Әбілқайыр Шейбанидке елеулі соққы жасады. Үз-Темірге аманатқа басқа сый-сияпаттардан басқа Әбілқайыр баласын емес, Махмұд атты немересін беруге мәжбүр болды. Одан кейін Махмұд өзінің ағасы Мұхаммедпен Орталық Азия тарихында ерекше маңызды рөл атқарады.

Мұхаммед пен Махмұдтың әкесі Шах-Бұтақ ноғай мырзаларымен болған бір қақтығыста қайтыс болады. Кейбір мәліметтерге қарағанда (Ш. Құдайбердіұлы) Керей  астыртын әрекетке қатысқан. Бірақ Керей мен Жәнібек 1457 жылғы Үз-Темірмен болған Көккесене маңындағы ұрысқа қатысқан жоқ. Көккесене мекені Оңтүстік Қазақстан облысының Төмен –Арыс станциясына жақын орналасқан. Сол сияқты Жәнібек пен Рәбия Сұлтан-Бегім арасында қандай да бір қатынас болмаған. Біз бұл жердегі көріністі автордың көркемсуретті қиялы деп түсінеміз.

Әбілқайыр хан 1468/69 жылы тосын келген науқастан қайтыс болды. Кейбір мәліметтерге қарағанда бұл Керей мен Жәнібекпен болған шайқастан кейін болған. Әбілқайыр хан Сығанақ қаласында жерленген. Бұл қаланың қираған орны, Қызылорда облысының аудан орталығы Шиеліден алыс емес.

1485 жылы Рәбия Сұлтан-Бегім қайтыс болады, оның қабірі Хожа Ахмет Яссауи мавзолейі жанында. Менің ойымша, Мұхаммед Шейбанидтің рөлі өте келеке сипатта сәтсіз көрсетілген. Замандастарының, тарихшылардың ол туралы хабарламалары бойынша, ал  мұндай хабарламалар көп, Мұхаммед Шейбанид нағыз  жауынгер болған. Жас кезінде Темір, Едіге, Тоқтамыс, Әбілқайыр сияқты – Мұхаммед «қазақ» болған. Ол өлең жазған, бір кездері Маңғыстауда ноғай билеушілерімен тұрған және тіпті Ноғай Ордасының тағына отыруға ұмтылыс жасаған (Д. Қыдырниязов, ноғай ғалымы).

Әбілқайыр өлімі мен Керей және Жәнібектен (олардың қабірі Сығанақта немесе Атырау облысындағы Сарайшық қаласында) кейін, негізгі тайталас бір жағынан Қасым мен Бұрындық (басқа деректер бойынша -Мұрындық) арасында және екінші жағынан Мұхаммед пен Махмұд арасында туындайды. XV ғасырдың 80-ші жылдары шейбанидтер Сығанақты, Түркістанды (Яссы) және бірқатар басқа қалаларды иеленді. Бірақ 1500 жылы тайталасқан күштер арасы бейбіт келісімге келді. Айта кету керек, бұрыннан Бұрындық пен Қасымның аталары Орыс ханға (Ақ Ниязға)  Сығанақтың тиесілі екенін дәлелдегеннен кейін Мұхаммед Бұрындыққа ол қаланы береді.

1500-ші жылдары Мұхаммед пен Махмұд өздерінің қолдаушыларымен (оларды көшпелі өзбектер деп атады) Самарқандқа кетеді. Қысқа уақыттың ішінде тимуридтерді ығыстырған – Мұхаммед пен Махмұд өздерінің үстемдігін орнатады. Мәуереннахр аумағы енді Өзбекие немесе өзбек территориясы деп атала бастады. 1510 жылы жауынгер Мұхаммед Шейбани Мерв қаласы маңында тұзаққа түсіп, Сефевидтер (қызылбастылар) әскері қолынан қаза табады. Өздерінің қолбасшыларынан (ал Махмұд оның алдында қаза табады) айырылған өзбек бектері қазақ ханы Қасымға басын иіп, көмек сұрай барғанын есте ұстау қажет. Қасым хан көмек береді және сефевидтердің шабуылына өзбек-қазақтардың күшімен тойтарыс беріледі.

Бұрындық Қасыммен арадағы алауыздықтары салдарынан,  Үргеніштегі қызына кетеді. Бұрындық кеткен соң XVI ғасырдың басында Қасым Орталық Азиядағы ең құдіретті хандарының біріне айналады. Тарихшылардың хабарлауынша, оның қол астындағылардың саны - миллион адамнан артқан. 1518-1520 жылдары оның қолбасшылығымен қазақ тайпалары ноғай билеушілерін Оралдың (Жайық) сыртына ығыстырып тастады. Бұл кезеңде ноғай тайпаларының көпшілігі Қазақ хандығының құрамына кірді. Қасым хан Қырымға жорықты жоспарлағанмен де, 1520/21 жылы қаза табады. Ол Сарайшық қаласында жерленді. Керей (ханның) және Жәнібек, Қасым және Бұрындық сұлтандардың кезінде  нақты саяси институт ретінде, Қазақ хандығы қалыптаса бастайды.

Қазақтың халық ретінде бірігуі осы хандардың және оның айналасындағылардың әрекеті мен ықыласына тікелей байланысты болды.

«Қазақ», сол сияқты еркін адамдардың қоғамы, «жарылып шығу» -өзіңдік өңі, хандық құрылғаннан кейін этникалық өң ала бастайды. Алтын Орда мен Ақ Орданың қуатты да күшті тайпалары «қазақтар» атауымен бірігеді және осы жалау астында тарихи аренаға кіреді.Фильмде сипатталған оқиғалардың қысқаша тарихы осындай.Бұл фильмнің көркемсуретті екенін түсінеміз, әрине деректі емес.Оған қарамастан фильм өте нанымды болуы тиіс.

Ескертпелерге келетін болсақ, біріншіден фильмді қоюшылар кәсіби тарихшыларды, оның ішінде тарих ғылымдарының докторы, профессор Меруерт Хуатқызы Әбусейітованы, тарих ғылымдарының кандидаты Клавдия Антоновна Пищулинаны тарихи жағынан кеңес беруге шақырғандарында, тек қана ұтатын еді.

Екіншіден, табиғи түсірілімдерді Каспийден Ұлытауға дейін түсіруге болатын еді. Табиғи түсірілімдерге Жошы, Хожа Ахмет Яссауи мавзолейлері, Сауранның тасты қабырғасы, Қызылқұмның құмы, Атбасар өзендері, Балқаш көлі фильмге әдемілік қана емес, сол сияқты «Қазақфильмнің» шығармасына нанымдылық  және түрлі бейнелерді қосқан болар еді.

Үшіншіден, тарихи оқиғаларды мазмұндағанда даталар, оқиғаның реттілігі өте маңызды. Біздің ойымызша, тарихи даталарды келтіруде, жеткіліксіз көңіл аударылмаған тұстары бар.

Осыларға қарамастан «Алмас қылыш» фильмі «Қазақфильм» кинотекасын жақсы жағынан толықтырды және фильмдердің біршама біртұтас жүйесін түзейді, қазіргі кезеңнің кинотека  бағыты көрініс тапты: «Алмас қылыш» -«Мұстафа Шоқай» -  «Анаға апарар жол» - «Шал» және тағы басқа. Дегенмен, «Алмас қылыш» фильмі өзіне тән топтама аясында аяқталған, енді бұдан да кең ауқымдағы көрініс жасайтын уақыт келді.

Бүркітбай АЯҒАН,

ҚР БҒМ ҒК ММ «Мемлекет тарихы институтының» директоры,

т.ғ.д., профессор

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

 

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?