Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Орта ғасырлардағы Қазақстан: Әл-Фараби

3324
Орта ғасырлардағы мұсылмандық Шығыстағы ғалымдардың арасындағы басты тұлғалардың бірі, ұлы ғалым-энциклопедист, философ, астроном, математик әрі медик – Әбу Насыр әл-Фараби болып табылады.

Орта ғасырлардағы мұсылмандық Шығыстағы ғалымдардың арасындағы басты тұлғалардың бірі, ұлы ғалым-энциклопедист, философ, астроном, математик әрі медик – Әбу Насыр әл-Фараби болып табылады.

Әбу Насыр әл-Фараби –орта ғасырдағы Сыр өңіріндегі ірі қала - Фарабтан (кейіннен Отырар) шыққан. Осы бірегей тұлғаның қызғушылықтары сол уақытта таралған ғылым мен мәдениеттің барлық белгілі салалары –астрономия, логика, музыка теориясы, математика, әлеуметтану мен этика, медицина мен психология, философия мен құқық, өнер мен әдебиет, поэзия мен музыканы түгелдей дерлік қамтыды.

Әл-Фараби «Муаллим ассана» - «Екінші ұстаз» атымен таныс. Оның «Екінші» болатын себебі - «Бірінші ұстаз» деп мың жыл бұрын ғұмыр кешкен Аристотель аталған. Оны Шығыста «Бірінші» деп санаған. Ұлы ғалым Әл-Фарабидің қолжазба мұралары әлемнің көптеген кітапханалары мен мұрағаттарына таралған. Көптеген ғалымдар оны іздеумен және зерттеумен айналысуда.

Дерек көз: ortcom.kz
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?