Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қаратаудың бөктеріндегі «Қатынқамал»

2439
Қаратаудың бөктеріндегі «Қатынқамал» - e-history.kz
Сырдың бойы тұнып тұрған шежіре. Бұлай деуіміздің себебі, аймақта ескі қалалардан бөлек, сыры ашылмаған тарихи нысандар жетерлік. Соның бірі - «Қатынқамал» үңгірі.

Қарт Қаратаудың қойнауындағы тарихи үңгірге жету оңай емес. Алдымызға мақсат етіп қойған соң жолдың ұзақтығына, күннің батқанына қарамастан «Қатынқамалға» түнделетіп жеттік. Биік шатқалға шығып, үңгірге әрең бас сұқтық.

Ақерке Берікбекқызы, тілші:

«Қатынқамал» үңгірі туралы тарихта ешқандай дерек жоқ. Тек халық аузында түрлі аңыз бар. Және жергілікті тұрғындар сол аңыздарға сенеді. Бірақ, алдағы уақытта олардың бұл тарихи үңгірдің құпиясы ашылса деген тілегі бар. 

Аңыздардың біріне сенсек, бұл жоңғар шапқыншылығы кезінде әйелдер мен балаларға қорған болған. «Елді жау шапқанда халықтың әлсіз топтары осы жерге жасырынып, өлместің күйін кешкен», дейді ауызекі әңгімеде.

Жергілікті өңірдің тарихын өз бетінше зерттеп жүрген тарихшы Әметхан Әділханов жазушы Дүкенбай Досжанның жазбаларында «Қатынқамал» туралы азды-кем мәлімет бар екендігін айтады.

Әметхан Әділханов, тарихшы:

Қарақыз деген әйел болған екен дейді. Жау төменде өтіп бара жатқан кезде Қарақыздың қолындағы кішкентай баласы қатты жылайды. Содан төмендегі жаулар естіп қойып, үңгірге барып, әйелдерді қырып тастаған деп жазады.

Тек мұның қаншалықты рас екендігін ешкім білмейді. Үңгірден кейінірек қыш ыдыс-аяқтардың сынықтары табылған көрінеді. «Қатынқамал» деген атау балаларын тас қорғанға қамап, өздері жауға қарсы тұрған, сол жолда құрбан болған аналардың ерлігіне орай қойылған болуы мүмкін. Сондықтан да, көпшілік бұл орынды киелі санайды.

Әскербек Мұсаев, Бірлік ауылының әкімі:

Мектепте оқып жүргенде тауға экскурсияға әкелетін. Өзім 3-сыныпта оқып жүргенде осы үңгірге келіп, тарих мұғалімдерінің айтқан аңыз әңгімесінен білемін.

Қазір де жастар мұнда жиі келеді. Олар тау шатқалындағы үңгірдің тарихи құпиясы әйтеуір бір күні ашылатына сенеді.

Дерек көз: kaztrk.kz
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?