Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қазақстанға 283 том тарихи мұрағат материалдары әкелінді

2157
Қазақстанға 283 том тарихи мұрағат материалдары әкелінді - e-history.kz
Қазақстандық тарихшы-ғалымдар қазақ халқының тарихына байланысты мұрағаттық мәліметтер іздеу мақсатында Қытайға жасалған экспедициядан оралды.

Қазақстандық тарихшы-ғалымдар қазақ халқының тарихына байланысты мұрағаттық мәліметтер іздеу мақсатында Қытайға жасалған экспедициядан оралды. Бұл туралы Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғалымдары ОКҚ тақырыптық баспасөз-конференциясында айтты.

«Экспедицияның нәтижесінде 283 том бірегей мұрағаттық материалдардың көшірмелері әкелінді. Онда Қазақ хандығының көршілес мемлекеттермен, оның ішінде Қытай және Ресеймен сауда-экономикалық байланыстары туралы орасан зор мәліметтер бар. Бұл айырықша өзара байланыстарды біз қазір оқып-үйренуіміз қажет», - деді Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бөлім меңгерушісі Меруерт Әбусейітова.

М. Әбусейітованың сөзіне қарағанда, осы құжаттар арқылы XVIII-XIV ғасырлардағы Қазақ хандығының сыртқы саясаты мен әлеуметтік –экономикалық тарихы жөніндегі мәліметтерді білуге болады.

«Қытай, өз тарихымен қатар көрші елдердің де тарихын қағазға ғана емес, тасқа да қашап жазуды дәстүрге айналдырған. Қазіргі күні әлемнің ешбір елінде жоқ «тас тақталарға жазылған» теңдессіз мол қор сақталған», - дейді институт қызметкері Ж.Ошан.

Осы іссапар барысында Қазақстанға жеткізілген құжаттардың арасында тароихтың түрлі кезеңдерінде Қытай жеріне тап болған түркі халықтарының тарихи тұлғаларының құлпытастарына жазылған эпитафиялық жазбаларындағы мәліметтер де бар. Бұл материалдар көні түркі халықтарының тарихынан сыр шертеді. Құлпытастардың басым бөлігі VI-IX ғасырлардағы түркі халықтарының тарихына қатысты. Мәтіндердің негізгі мазмұны тұлғалардың аты-жөні, туған және өмірден өткен жылдары, түркі тайпасындағы рулары, ата-бабаларының өз отанында кім болғаны және Қытайға келу себебі туралы болған.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?