Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Кеңестік Қазақстан кезеңінің кейбір көші-қон мәселелері: бастауы мен салдары

12850
Кеңестік Қазақстан кезеңінің кейбір көші-қон мәселелері: бастауы мен салдары - e-history.kz
Қоғамдық өмір сүру ортасының заңдарын орындамау шарттарында адамдар қатынастарын елестету қиын.

Қоғамдық өмір сүру ортасының заңдарын орындамау шарттарында адамдар қатынастарын елестету қиын. Қоғамда адамдар тәртібі мен заңдары бұзылған жағдайда, бұл бейбіт қатар өмір сурудің тұрақсыздануына мүмкіндік береді және қоғамдық дағдарысқа әкеледі.

Бейбіт және өркениетті әдістерді пайдаланғанда ғана қоғамдық өмірдің жан-жақты дамуы, алдыңы қатарлы жоспарлардың іске асуы нәтиже беретіні туралы белгілі. Қазақстанда кеңес кезеңінде мемлекеттік құрылғының күшпен өзгеру салдарынан қоғамды бейбекеттік, қанды азаматтық соғысқа, ақ және қызылдарға бөлінуге және т.б. әкелді. Осының барлығы қоғамдық дағдарыстың пайда болуына әсер ету, жалпы адамгершілік құндылықтардың құлдырауына әкелді.
Өркениетті қоғамды орнатуын көздеген қазан төңкерісі нәтижесінде тоталитарлық жүйеге әкелді. Сондықтан қоғамдық өмірдің даму сұрақтарымен айналысатын саясаттанушылардың көзқарастары осы сұрақта маңызды рөлді ойнайды.

Екі мың жарым жыл бұрын ежелгі ойшыл Сократ былай айтқан болатын: «Мен ешқашан заңға қарсы шыққан жоқпын, тек заңның барлық көзқарастарын қарастыруға ұмтылдым». Сондықтан ол әрқашан заңға қарсы шықпауға, оған қарсы бөгеттерді жасамауға, шыдамсыздықты көрсетпеуді, біреудің бетіне кір жақпауға, заңда белден баспауға, ал керісінше адамның санасын жетілдіру және жақсартуға, қоғамның жетілдіруі мен дамуы үшін гуманизмін жақсартуға шақырды.

Осыған байланысты жетінші ғасырдағы шығыс суфий, ақыны Әмір Хосров Дехлевидің сөздері ойға келеді: «…саясаттанушылардың қолдарында бұзатын және жоятын қылыш емес, ал қоғам өмірін жаңарту, жақсартуға көмектесетін сөз мен іс болу керек» [1]. Қазақстан тарихында Ресей патшалығының жер аудару және отарлаушылық саясатын өткізген кезде, сонымен қатар кеңес мемлекеттеріне көші-қон, жер аудару саясатын жоспарлы түрде өткізу кезеңінде ұлттық ойлауға, қоғам ортасының әлеуметтік-психологиялық бейімделуге, рухани мұраның таңдап алуына бөгет жасаған әрекеттерді ғана анықтап қоймай, оларға деген сыни қатынас идеяларына әкелді. «Біздің саяси жетекші Ленин» елдің индустрияландыру тәсілдерінің бірі ретінді барлық табиғи байлықты кешенді қолдану үшін халқы сирек қоныстанған аудандарды орналастыруды анықтады. Осы ұлы тапсырманың шешімін ол тек Ресей, Белоруссия, Украина елдерінен қоныстандыруды ғана байланыстырды.

В. И. Ленин жер туралы Декретінде белгілеген кеңес мемлекетінің көшіп-қону саясатының негізгі ережелері Кеңестердің ІІ жалпыресейлік съезінде жарықтандыруды алды: «Барлық жергілікті тұрғындарға жердің қажетті ресурстары жетпеген уақытта тұрғындардың бір бөлігі көшіріледі. Көшіру, шағындар, қажетті киімдермен қамтамасыз ету және т.б. ұйымдастыру жауапкершілігін мемлекет өзіне алу керек» [2].

Кеңес үкіметінің алғашқы құжаттарында тұрғындарды көшірудің әлеуметтік қағидалары көрсетілді. Шаруашылықтағы құлдырау, қаржы жүйесіне қарамастан, кеңес мемлекеті халықты көшірудің материалдық және қаржы шығындарын өз қолына алды.

1918 ж. 27 қаңтарда Кеңестердің ІІІ Жалпыресейлік съезінде «Жерді әлеуметтендіру туралы негізгі заңы» қабылданды, сол заңда көші-қон мәселесінің негізгі сұрақтарын қамтып көрсетілді, сонымен қатар көшіру саясатының әдістері жетілдірілді. 1924 ж. 2–8 наурызда жер туралы жұмыс органдарының екінші (ІІ) жалпы отырысында «Көшіру туралы» арнайы төңкерісі қабылданды. Сол құжатта біріншіден, «игерілмеген жерлерге жоспарлық көшіру туралы, екіншіден, қозғалыс процесінде кооператив, ауылшаруашылық жұмысшылардың ұжымында бірігуінің қажеттігі туралы» айтылған [3]. Жоспарлық көшіру арқылы саяси мәселелер ғана емес, сонымен бірге экономикалық мәселелері шешілуі керек.

1918 ж. 19 наурызда жалпы халықтық жер ресурсы ретінде ауылшаруашылық жерді қабылдау және «…еңбекші қырғыз, орыс тұрғындары арасында әділ таратуға жататыны» [4] туралы Торғай шаруалары, қырғыздар, сарзбаздар мен жұмыс депутаттарының бірінші облыстық съезінің шешімі Қазақстан кеңестерінің барлық жергілікті съездерінде өз жалғасын тапты. Осыған байланысты көші-қонның саясаты ғана анық көрінбейді, сонымен бірге біздің ұлтымыздың этникалық шығу тегін есептемей, «қырғыздар» ретінде қазақтардың мемлекеттік мәртебесін құжаттарда көрсеткен кеңестердің саясатын анық көрсетеді. Бұл жерді пайдалануда орыс ұлтының анық ерекшеленуіне көрсетеді. 1929 ж. 13, ақпанда Қазақ Краев Комитетінің бюросы көші-қон сұрақтарын және Қазақстандағы көші-қон Басқармасы ұйымының сұрақтарын қарастырып, республикада көші-қон бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы шешімді қабылдады [5].

1929 ж. 8–15 сәуірде Қазақ АКСР Кеңестерінің Жетінші (VII) съезі Кеңес Одағы аумағынан қоныс аударғандары үшін республика шекараларын ашу туралы шешімін қабылдады, осы жылдан бастап Қазақстанда жоспарлы көші-қон басталды.

Көші-қон және көшіру бойынша жалпы жұмыстарды «Орталық" басқарды. 1950 жылға дейін арнайы көші-қон өткізілсе-де, осы жұмыста белгі жүйесіздік байқалды. 1950 ж. республикада көшіру бойынша Басқармасы ұйымдастырылды, ал 1956 ж. жұмысшыларды жинаған органдар, «Оргнабор» Басқармасына. Кеңес мемлекетінің көші-қон және қоныс аудару нәтижесінде тұрғындардың саны, ұлттық құрамы және мигро-экономикасы өзгерді.

1960–1980 жж. миграциондық процесті зерттеу бойынша келесі шешімдер жасалды:
1) қазақ қоғамы мүдделеріне қоныс аударудың сәйкес келмеуі;
2) Дер кезінде шешімін таппаған және «кейінге» қалдырылдған Қазақстан халық шаруашылығы дамуының экономикалық мәселелеріне ықпалы;
3) тұрғындардың қоныс аударуына реттейтін заңы болмаған салдарынан тұрғындардың жағдайы кедергі жасады және сол уақыттағы экономиканы қайта құру, реформалау бойынша іс-шараларды қиындатты [6].

Саясаттың тиісті-деңгейінде өткізбеу себебінен миграциялар 1960–1900 жж. жылдар бойы гуманитарлық ақиқат идеяларына сәйкес келмеу, 1986 ж. ұлтаралық шиеленістердің қиындықтары, қысымшылық салдарын көтерген қазақ ұлты КСРО ұлттық саясатта белгілі кемшіліктерге әкелді:
— ұлттық-аумақтық білімдердің (автономдық республика, аймақ, облыс) жасанды құрылуы (Ресейде ғана танымал);
— ұлттық-мәдени ерекшеліктерге қысым жасау арқылы қазақ этносын төмендету, ұлттық тарихқа, тілге, мәдениетке араласу, күшпен ассимиляция жасау (ал нақты айтқанда русификация);
— Халықты басқарудағы шексіз орталықтандыру, КСРО барлық сұрақтары тек Мәскеуде шешілді, бұл шын мәнінде округтар, жергілікті басқарманы, барлық тұрғындарды тәуелсіздіктен айырды;
— «жергілікті аумақта» орталық ведомстволардың іс-шараларына, республикалық ұлттық ресурстардың бірігуі мен теріс бөлінуіне, ұлттық шаруашылықтың біржақты дамуына (мысалы, Қазақстан ауыл шаруашылықпен, Өзбекстан мақтамен және т.б. айналысты), халық экономикасы мен табиғи ұлттық байлықтың «таратылуына», округтағы қоғамдық, экологиялық мәдении облыстардың дамуына ешқандай мән берілмеді.

«Ұлы орыс» халығы саясатының осындай нәтижесі — орталықтандырылған кеңес мемлекеттік құлдырауы. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жалпы адамзаттық мәселелерді шешу үшін ұлттардың айырмашылық бірліктерін білу қажет.

Кеңес мемлекетінің миграциондық және қоныс аудару саясатының нәтижесінде ұлтаралық қауырттылық пайда болды. Кеңес кезеңі саясатының сабақтарынан Қазақстанның этно-әлеуметтік мәселелердің негізгі кезеңдері ашылады, себебі әрбір қазақстандық үшін ұлттық келісім, ұлттық даму, ұлттық сана және ұлттар арасындағы бейбітшілік маңызды болып табылады. Болашақты әлем этникалық дифференциациялау және интеграциялық үрдістермен байланысты [7].
Қазақстан тәуелсіз даму жолына тұрып, өзара геосаясатын құруға кірісті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ТМД елдерімен, ең алдымен Ресей және көрші елдермен орталық-азиялық аймақтар бойынша геосаяси векторының дамуын жетекші басымдылық ретінде бөліп алып, оны ашық және көп векторлы етіп сипаттады. Қазақстан әлемдік геосаяси жағдаймен өзгерген және оның дербес ұлттық мүдделеріне жауап беретін сыртқы саясатында тәртіптің жаңа ережесін жасауға ұмытылады. Осыған сәйкес Қазақстанның әлеуметтік-мәдени даму басымдылықтарын жүзеге асыруы аса маңызды мағынаға ие болады.

Қазіргі әлемде миграция және көшіру саясатының тарихы мен маңыздылығын есептейді. Сондықтан «Қазақстан халқының азаматтық таңдау — тарихи сауаттылық, ұлттық бейбітшілік және демографиялық реформалар» жолын таңдағанда, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев оларға деген сыни, байсалды, зейнді қатынасты талап етеді, ұлттық келісім бұл ең алдымен, теоретикалық пікірталас емес, ал күннен күнге іске асатын саястат екенін көрсетеді.

1992–1993 жж. әрбір төртінші қазақстандықты ұлтаралық сұрақ алаңдатты. Саяси тұрақтылықтың негізі болып табылатын ұлттық келісімнің идеясы авангардта болды. 1980 жж. Қазақстан тұрғындрының кейбір бөлігі шетелге көше бастады [8]. «1987 жылы жүз мың немістерде тарихи заңнамалық мүмкіндігі пайда болып, тарихи отаны болып табылатын — дамыған және тұрақты мемлекет — Герман Федеративтік Республикаға көшіп келетінін кім болжай алған екен. Егер осындай құқық 1970–1980 жж. берілсе, онда көшіру толқыны одан да ірі болу мүмкінде еді. Кеңес уақытында гректерге Грецияға, поляктарға Польшаға кедергісіз көшуге мүмкіндігі болды ма? Жоқ, ешқандай мүмкіндік болған жоқ. Кеңес мемлекетінде шетелге көшуге тыйым салынды, себебі ондай көшіп кету саяси құпиясына ие болды».

Сондықтан заңды негізде өз республика тұрғындарына жеке таңдауы бойынша тұратын жерін анықтауға рұқсат еткен, көшіру саясатының бағытын өзгертуде Қазақстан Республикасы үкіетінің даусыз рөлін тану мойындау керек.

1992–1994 жж. көшу кезеңі болып табылады. Мысалы, 1996 ж. көшкен орыстар санын 1994 ж. салыстырғанда 3,2 есе аз болды. Қазақстандықтардың көшу үрдістерімен бірге қазақтардың (оралмандардың) тарихи отанына оралу — кері үрдіс пайда болды. Сонымен қатар оралмандардың үрдістерін-де атап өту керек: егер 1994 ж. олардың саны 50 мың адам болса, 1997 ж. 17 154 орыс, 1 410 неміс, 2 349 украиндықтар қайта оралды, сонымен бірге өзбектердің саны өсті [9]. Сондықтан тұрғындардың тұрмыс жағдайларымен, яғни ұлт тағдырымен бірге миграцияның тікелей байланысы заңды болып табылады, бұл жоғары мемлекеттік-деңгейде осындай ауыр сұрақтарын міндетті түрде шешуін талап етеді.

Қазақстан Республикасында ұлттық саясатты іске асыру бойынша бірегей қоғам институты болып табылатын Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылды. Оның құрамына 27 республикалық және аймақтық, 250-ден артық жергілікті ұлттық-мәдени орталықтар кірді. 1992 ж. бүкіл әлемдік қазақтар өкілдерінің жиналасы — қазақтар тарихындағы бірінші Құрылтайында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқан болатын: «Құрылтайдың негізгі мақсаты — бүкіл әлемдік қазақ қоғамының болашағын ойлау, осындай ерекше тарихи кезеңде ұлт тағдыры дамуының болашағын талқылау» [10].
1980 ж. республикада ұлттық мәдениетке, тілге, дәстүрлерге деген қадірлемеушілік пайда бола бастады, 600-дей қазақстандық мектепре жабылды. 1989 ж. қазақтар және Кавказ аймақтарында тұратын вахташылар арасындағы ұлтаралық араздық Жаңаөзен мұнай өндіруші орталықта қанды сөгіске айналды, ол ішкі істер және әскер қызметкерлерінің күштерімен тоқтатылды [11].
Ұлтаралық шиеленіс ұлт саясатының қайта қарастыру қажеттігін туғызды. 1989 жылғы қыркүйекте «Тіл туралы» Заңды қабылдауы ұлттық саясатты реттеуде бірінші қадамы болды, сол Заңда қазақ тілі — мемлекеттік тіл, ал орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі деп жарияланды. Бұл республиканың қоғам саясаты мен этникалық шиеленістер жағдайын қалыпқа келтірді.

1990–1991 жж.республикада 482 қазақ балабақшалар, 155 қазақ тіліндегі жалпы білім беретін мектептер, 49 ұлттық-мәдени орталықтар ашылды. Бұл кеңес мемлекетінің ұзақ мерзімде өткізетін, миграция және көшіру саясатымен туған, тарихи-саяси оқиғаларды реттеуге көмектесетін мемлекет басшысы және парламент депутаттарының үздіксіз қызметі туралы және этнодемография, өркениетті көшу үшін жағдайларды іске асыру туралы айтады.

Осыған байланысты зерттеуші Е. Ю. Садовская 1990 жж. Қазақстаннан орыстар миграциясының негізгі себептері ретінде тіл турады сұрақты ерекше атап өтті, орыс тілінің мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес беймемлекеттік тіл ретінде және мемлекеттік басқарма органдарында жоғары лауазымдағы ежелгі тұрғын мамандарының сексен (80) %-ға көбеюі орыстардың республикадан жаппай қоныс аударына ықпал етті. Алайда 2004 ж. соңғы қырық жылғы тарих ішінде алғаш рет келісімсектердің саны Қазақстанның эмигрант санынан асып түсті. Шетелді миграция соңғы бес жылда жаңа орамға ауысты: эмигранттардың жалпы саны қысқарды (1999 ж. 165 мыңнан 2004 ж. 65,5 мыңға дейін), келімсектердің саны көбейді (1999 ж. 41 мыңнан 68,3 мыңға дейін), бұл республикадағы қоныс аударудың оң сальдосына әсер етеді, олардың ішінде орыс эмигранттардың саны 1999 ж. 92 мыңнан 2004 жылы 39 мың адамға дейін қысқарды [12]. Жорамалды болжауларға қарсы әр түрлі қиындықтарды жеңе отырып, «әрбір қазақстандық дін мен ұлтқа байланысты болмай, өз мәдениеті, дәстүрі және дінімен бос қоғам негіздерін нығайту керек» [13].

Осыған дәлел ретінде тарихи Отанына оралғандар үшін «Тұрғындарды миграциялау туралы» (13 желтоқсан 1997 ж.) Заң шығарылды және күнделікті өмір үшін жағдайлар жасау мақсатымен сол Заңда мәртебінің, қоныс аударушылардың жеңілдіктері мен оларды қаржыландырудың негізгі нормалары бейнеленді. [14]. Миграция және демография бойынша Агенттіктер, облыстық Басқармалар құрылды. 2001–2010 жж. елдің мемлекеттік қауіпсіздік нығайту мақсатымен мигранттардың құқықтарын қорғау бойынша қажетті демографиялық және қоғамдық жағдайларды құруға көмектесетін миграциялық саясаттың бағдарламасы бекітілді [15].

Әлемдік экологиялық мәселелердің шиеленісуі, қоғамның жағдайы республика ішіндегі миграция үрдістерінің жалғасуына әсер етті. Қазіргі кезеңде қоғамдық, этнодемографиялық көріністер, тұрғындардың қазіргі миграция үрдістерін реттеу механизмдер саласындағы әр түрлі зерттеулердің пайда болу өзектіліг төмендемейді. Бұл мәселемен Қазақстанда ғалымдар, мамандар және аналитиктер тығыз айналысады. 1996 жылы құрылған миграция және демография жөніндегі Агенттігі бұл процесті қадағалайды.
Бүгінгі күні ғылыми көзқарас жағынан кеңес кезеңіндегі «Одақ республикалардың жұмысшыларын көшіру және ұйымдық жинау бойынша басты басқармасы» тарихи дереккөзді жан-жақты зерттеу маңызды болып табылады, сонымен бірге ол осы көріністің объективті, ақиқатын және тарихтың қара дақтарын анықтау үшін емес, Қазақстан ұлтының және көп ұлттың мәдени-тарихи дәстүрлердің дамыту үшін және қоныс аудару саясатының қыссымшылығына ұшыраған халықтардың тағдыры туралы ғылыми-түсіндірілген көзқарастарды анықтау үшін маңызды болып табылады.
Сөйтіп, көші-қон саясатының мәселелерін тарихи-әлеуметтік, саяси, ғылыми және мұрағат дереккөздердің негізінде ойлап, талдау қажет.

Әдебиет:
1. Турсынов Б. Ж. Нравственно-духовное просвещение. Алматы: «Фараби-фонд», 1995. 223 с.
2. Ленин В. И. Полное собрание сочинений. 35-т. 26-с.
3. Базанова Ф. И. Формирование и развитие структуры населения Казахской ССР. Алматы: Казахстан, 1987. 25 с.
4. Там же. 28–29 сс.
5. Ковальский С. Деятельность партийной организации Казахстана по осуществлению переселенческих мероприятий в 1929—1930 гг. // Вопросы истории КПСС. Казгосуниверситет.1975. Вып. IV. 45 с.
6. Москвин Д. Д. Население СССР. Вопросы миграции (1960–1980-х годов). М., 1991, 99 с.
7. Куликов Л. М. Две тенденции в развитии национальных отношений. М.: Финансы и статистика, 2001. 88 с.
8. Назарбаев Н. Қазақстан халқының азматтық таңдауы — тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар (Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессияңдағы баяндама). Ақмола: Қазақстан, 1997. 6 маусым, 33-35-бб.
9. Современный Казахстан: цифры и факты. Алматы, 1998. 43 с.
10.Абдакимулы А. История Казахстана. Алматы: Республиканский издательский кабинет, 1997. 358-с.
11.Кузембайулы А., Абил Е. История Республики Казахстан. Астана: Фолиант, 2000. 348 с.
12.Казахстан сегодня. Информационно-аналитический сборник. Алматы, 2005. 42 с.

Дереккөз: Ерімбетова Қ.М. Қазақстандағы көші-қон саясатының кейбір мәселелері: қайнар өзі мен салдары // «Тарихи кеңестік» — Мәскеу, 2009 ж. № 1. 191–196 б.

Материал ҚР БҒМ ҒҚ мемлекет тарихы институтымен ұсынылды

Фото: http://www.qazaquni.kz/


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?