Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

11 жыл бұрын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ҚH мен Әзірбайжан арасындағы Каспий теңізі түбін екі ел арасындағы межелеу туралы Келісімді және осы келісімге хаттаманы бекіту туралы» Заңға қол қойды.

7 жыл бұрын Астанада Есіл өзені арқылы өтетін М-2 автокөлік көпірі ашылды.

- = -

16 жыл бұрын ҚР Президенті жанындағы Шет елдік инвесторлар кеңесі (ШИК) құрылды.

26493
Шетелік инвесторлар кеңесі Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығындағы кеңес беретін орган болып табылады.
ҚР Президенті жанындағы инвесторлар кеңесі 1998 жылы ҚР Үкіметі мен шетелдік инвесторлар арасында олардың елдегі инвестициялық қызметімен байланысты проблемалы сұрақтарын шешіп, ҚР-дағы инвестициялық ахуалды жақсарту үшін тиімді шешімдер қабылдау үшін құрылған. ШИК құрамына 35 шетелдік компанияның мен шетелдік ұйымдардың жетекшілері кіреді. Барлығы ҚР Президентінің төрағалығымен 26 жалпы отырыс өткізілді.