Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Астана «EXPO - 2017» Халықаралық көрмесін өткізу орны болып сайланды

- = -

Астана «EXPO - 2017» Халықаралық көрмесін өткізу орны болып сайланды

26030
Астана «EXPO - 2017» Халықаралық көрмесін өткізу орны болып сайланды - e-history.kz
Халықаралық көрме бюросының мемлекет-қатысушы өкілдерінің дауыс беруімен Астана Халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесін өткізу астанасы болып сайланды. Қазақстан Астанасы энергияның балама көзіне арналған «Болашақ энергиясы» және «жасыл» технология бүкіләлемдік көрме тақырыбын ұсынды, - деп хабарлайды агенттік тілшілері. Белгілі болғандай, мамандандырылған EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығына дауыс беруді шешуші сәтінде Астананың қарсыласы «Адамдарды біріктіру» тақырыбында белгиялық Льеж болды. EXPO-2017 Астанадағы Орталық Азия өңірлерінде және ТМД елдерінде өткізілетін алғашқы халықаралық көрме болып табылады. Астанадағы ЕХРО-2017 3 айға, 10 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін созылады. Оған шамамен әлемнің 100 елі және шамамен халықаралық ұйым қатысады деп күтіледі. Көрмені 5 миллиноннан астам адам аралайды. Бұл Қазақстанның халықаралық жылжу жолындағы үлкен қадам болып табылады. ЕХРО-2017 өткізу астанада, сондай-ақ республикада экономикалық және инфрақұрылымдық даму үшін қосымша ынта болып табылады, - дейді ресми көздер. Халықаралық мамандандырылған ЕХРО-2017 көрмесі астананың көрме объектілерін және инфрақұрылымын. Салуға маңызды инвестиция тартуға, ішкі туризмді дамытуға және елге шетел туристерінің құйылуына, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік ресурстарын жұмылдыруға мүмкіндік береді. Көрме қазақстандықтардың қонақжайлығын және дәстүрін, көп ұлтты мәдениетін, ежелгі тарихын, көркемөнерін әлемге таныстырады, Қазақстанның әлемдік қауымдастықта танылуын және туристік тартымдылығын арттырады, елдің және жалпы алған өңірдің қарқынды даму катализаторы болып табылады.