Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Мәңгілік ел: мәңгілік мәдениет ошағы – кітапхана» атпен кітапханашылар кеңесі өтті

2137
«Мәңгілік ел: мәңгілік мәдениет ошағы – кітапхана» атпен кітапханашылар кеңесі өтті  - e-history.kz
Кітапханалардың өмір сапасын арттыруда рөлі зор, үздіксіз білімді насихаттайды, ғылыми-зерттеу және инновациялық тең қолжетімділігін жақсарту үшін қолайлылық туғызады

Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен алғаш рет құрылған кітапханалық істер туралы Көркемдік Кеңестің «Мәңгілік ел: мәңгілік мәдениет ошағы – кітапхана» тақырыбында кеңейтілген бірінші отырысы өтті. Отырыстың бірінші жартысын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова жүргізді. 

– Біз жан-жақты жұмыс жасауымыз қажет. Жастарды кітапханаға тарту үшін бұл – ең қолайлы әдіс. Егер біз жастарымызды кітапхана арқылы тәрбиелемесек, күні ертең кеш болады. Талабы бар балаларды іздеп тауып, соларға қолдау көрсету үшін жұмыс жасайық. Кітапхана ісін арттыру үшін ең алдымен маркетинг және менеджменттің барлық жолдарын іздеу керек, – деді ол жиын барысында. 

6b8dff58eb68bd85f5227d2c8bc6fd4c.jpg

Алқалы басқосуда «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ атқарушы директоры Б.Қ. Жұмабеков «Ұлттық-мәдени идеология – қоғамдық консенсус факторы», ҚР Ұлттық кітапханасының басшысы Ж.Т. Сейдуманов «Қазақстандағы көпшілік кітапханалардың даму стратегиясы», А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының басшысы К.М. Ақжігітова «Кітапханалардың ақпараттық-инновациялық даму саясаты: отандық ақпараттық қызмет көрсетудегі негізгі тенденциялар», Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебаптық ғылыми кітапханасының басшысы Д.Б. Аманжолова «Кадр мәселесі. Арнайы кітапханашылық білімі бар мамандар тарту жолдары», ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Ү.Д. Мұңалбаева «Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананың даму бағыттары (ҚазҰЭК)» тақырыптарында баяндама жасады. Баяндамалар тыңдалған соң, әріптестер арасында кітапхана ісі бойынша өзекті мәселелер қозғалып, оларды шешудің жолдары сөз болды. 

Сонымен қатар елімізде алғаш рет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен кітапханалық істер туралы Көркемдік Кеңес құрылып отыр. 

94d560a9cfecbae04de9ba69b49883ca.jpg

Бұл дегеніміз – кітапхана қызметінің қоғамда өзіндік үлесі зор болып табылады, көпсалалы ақпараттар орталығы, білімнің қайнар көзі – кітапхана екендігін түсінгендік. Кітапханалардың өмір сапасын арттыруда рөлі зор, үздіксіз білімді насихаттайды, ғылыми-зерттеу және инновациялық тең қолжетімділігін жақсарту үшін қолайлылық туғызады. Күшті қоғам ғана мемлекеттің саяси және қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысады, ал күшті қоғам ақпаратпен жарақтанған азаматтарды қалыптастырады, ел стратегиясының дамуына, мемлекеттің әлеуметтік және қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысып отырады. Мемлекет даумы мен қоғам ортасында алтын көпір болып отырған кітапхананың орны ерекше. 

«Бірыңғай ұлттық болашақ» «100 қадам: барлығы үшін қазіргі заманғы мемлекет» атты Жобасының кітапхана үшін рөлі үлкен. Елбасы атап өткендей, «Мәңгілік Ел» - «оқыту мен білім беру культі» болып табылады. Қазақстан Республикасының мәдени саясатының ұзақ мерзімді Тұжырымдамасына (2014 жыл) сай жинақталған әлеуметтік білімге Қазақстан халқының қол жетімділігін қамтамасыз ету, қазіргі заманғы мәдени кластер ретінде кітапханалардың рөлі маңызды. 

126091b5070626e880258f3bc3f26d81.jpg

Бүгінгі таңда Мәдениет және спорт министрлігінің жүйелеуімен Қазақстан аумағы бойынша 4 122 мың кітапхана бес миллионнан астам оқырмандарға қызмет көрсететеді. Бұл – білімді, белсенді, қабілетті, өмірдің жаңа жолдарын іздейтін Қазақстан халқының шамамен 35%-ын құрайды. Бес миллионға жуық оқырмандарға 9 418 кітапханашы қызмет көрсетеді. Олардың жоғары кәсіби деңгейде қызмет көрсету барысының ілгерілеуіне оқырмандар аудиториясы да айтарлықтай дәрежеде әсер етеді. 

Көркемдік Кеңестің кеңейтілген бірінші отырысындағы кітапхана ісіне байланысты міндеттер: толық ақпараттық қоғамды дамыту үшін негізгі құрылым ретінде кітапханалардың қызметін қолдау, Қазақстан Республикасының кітапханалар жүйесінің дамуына ықпал жасау. Көркемдік Кеңестің пікірінше оның ең өткір проблемалары кітапханаларда ақпараттық технологияларды енгізу, сондай облыстар бойынша кітапхана саласындағы заңнамаларды жетілдіру мәселелері, авторлық құқық мәселелері, кітапханалалардың материалдық-техникалық базасын дамыту және де кітапханашылардың еңбегіне сай төлемдер жасау, жас кадрларды даярлау мәселелері болып табылады. 

ef14e344c09fb8a168e2e710cce14d95.jpg

Басқосудың екінші отырысында Венеция қаласындағы Маркиана Ұлттық кітапханасы қорынан алынған «Кодекс Куманикус» (Kodekc Cumanicus «Қыпшақ тілінінің сөздігі» Құман (ескіқыпшақ) тілінің естелігі ретінде ХІV ғ., 1303 ж.) қолжазбасы туралы түркітанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы А.Н. Гаркавецпен кездесу және тұсаукесері өтті. 

Сонымен қатар, Көркемдік кеңеске қатысушыларды «Тірегіміз – Тәуелсіздік, тілегіміз – Тұрақтылық, білегіміз – Бірлік!» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кітап көрмесімен таныстырып, кітапханаға экскурсияға шақырды.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?