Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Қазақстан Республикасының «Жекешелендіру туралы» Заңы шықты

20 жыл бұрын Бішкекте Қазақстан Республикасының елшілігі ресми ашылды

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мыңжасар Маңғытаев дүниеге келді

- = -

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мыңжасар Маңғытаев дүниеге келді

26083
77 жыл бұрын (1937-2011) композитор, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мыңжасар Маңғытаев дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор К. Х. Қожамьяровтың класы бойынша бітірген. Маңғытаевтың шығармашылығының жанры әрқилы, ашық әуезділігімен айрықшаланады, оның ұлттық — бояулы мәнеріне вокалдық және халықтық — аспаптық ерекшеліктерді біріктіру тән. Маңғытаевтың мәнері әсіресе, «Қозы мен Баян» балетінде, «Арман», «Құлагер» симфониялық поэмаларында «Шексіз махаббат» ораториясында, «Ақсақ құлан», «Жайлауда», «Қаратау әуендері» сияқты хорға арналған поэмаларында, әндерінде анық із салған. Ұлы Абайдың өлеңіне жазылған «Не іздейсің көңілім», «Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп», «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес...» өлеңдеріне ән-романстар жазды. Сазгер жалпы саны үш жүзге таяу ән шығарды. Оның вокалдық-хор, аспаптық, симфониялық оратория-кантаталары, оркестрлік поэма-сюиталары, кинофильмдер мен спектакльдерге жазған шығармалары заман тынысын, өмір шындығын, дүние сұлулығын жырлайды. Ақан серінің «Қараторғай» әніне жазған вариациялары мен «Арман» атты симф. поэмасында, І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының желісіне жазған симфониясы мен «До-мажор» симфониясында, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақтолғай» симфониялық сюиталарында халық әуендерін шебер пайдаланған. «Қаратау әуендері», «Дала дауысы», «Жайлауда» хор поэмалары мен хор сюиталары, «Ауыл тойы», «Елім менің» вокалдық-хореографиялық композициясын тыңдаушы қауым жылы қабылдады. «Ақан сері — Ақтоқты», «Сталинге хат», «Неке қияр», «Біздің үйдің жұлдыздары» спектакльдеріне, «Бәйшешек», «Көкжиек» кинофильмдері мен Қ.Сәтбаев туралы деректі фильмге, «Қожанасыр сәулетші», «Әулие есек», «Үш түлек», т. б. мультфильмдерге музыка жазды. «Құрмет» орденімен марапатталған.