Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қайым Мұхамедханов – Абайдың інісі, Алаштың ірісі

3557
Қайым Мұхамедханов – Абайдың інісі, Алаштың ірісі  - e-history.kz
Тұрсын Жұртбай ұстазы Қайыммен қалай танысқандарынан бастап, өз өміріндегі жарқын із қалдырған ғалым бейнесін, оның шыншылдығы мен адалдығына, қанша азап көрсе де қайыспаған қайсарлығын баяндап берді

Бүгін ҚР Ұлттық музейінде абайтанушы, ғалым Қайым Мұхамедханұлының туғанына 100 жыл толуына арналған «Абайдың інісі, Алаштың ірісі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Сонымен қатар Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы көрме барысында көптеген қнды дүниелер көпшілікке таныстырылды. 

Дөңгелек үстелге философ ғалым Ғарифолла Есім, профессор, абайтауншы ғалым, Қайым Мұхамедхановтың шәкірті Тұрсын Жұртбай, Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай, Қайым Мұхамедханұлының ұрпақтарынан ұлы Қанағат, келіні Қымбат Кәменқызы қатысты. 

b1c18d7b34ce44a6efdfa0ccf5be057e.jpg

Жиында сөз алған Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай ғалымның қазақ руханияты үшін ерекше тұлға екенін атап өтті. «Біз бүгінгі жиынды «Абайдың інісі, Алаштың ірісі» деп атап отыруымыздың себебі, екінің бірі Абайдың інісі болуға жарай бермейді. Ал Қайым Мұхаметханұлы – Абайдың інісі болуға әбден лайық тұлғалардың бірі. Біздің ғалымдарымыз болашақта Қайым Мұхаметханұлы жайлы еңбектерді жүйелеп, қайта қарау керек сияқты. Ол кісінің еңбектерін әдебиет, мәдениет, философия деген сияқты сала бойынша жіктеп зерттейтін мезгіл жетті. Ол кісі – Абай музейінің негізін қалаған адам. Жалпы болашақта еңбегі сіңген азаматтардың сондай қырларын ашып көрсететін тұлғатану ғылымын қалыптастыру қажет», – деді Д. Мыңбай. 

22af9d24e8e81390551498a677940334.jpg

Ал тарихшы, ғалым Т.Жұртбай Қайым Мұхаметханұлының шығармашылығы мен өмірі жайлы көптеген тың деректер айтты. «Қайым Мұхамедханұлы Абайды ғана зерттеп қойған жоқ, ол сонымен бірге Абайдың шәкіртері жайлы да қаншама еңбек қалдырды», – деді Т. Жұртбай. Сонымен қатар профессор Тұрсын Жұртбай ұстазы Қайыммен қалай танысқандарынан бастап, өз өміріндегі жарқын із қалдырған ғалым бейнесіне, оның шыншылдығы мен адалдығына, қанша азап көрсе де қайыспаған қайсарлығына ерекше тоқталып өтті. Қайым Мұхамедхановтың Әуезов арасындағы сыйластығын, сүйініші мен күйінішін, ұлы жазушыны ренжіткен эпизодтарын жасырмай айтып берді. Тергеу кезіндегі жауаптарының қалай болғанын, кейін өзін тергеген орган қызметкерлерімен қалай кездескенін, сондағы реакцияның қалай өрістегенін өз аузынан естіген Тұрсын Жұртбай әңгімелерді қаз-қалпында баяндады.  

99b53a4ad966b078d8fc1b436a0781fa.jpg

Шара аясында Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы көшпелі көрме ұйымдастырылған. Көрмеде аса көрнекті ғалым, абайтану ғылымының негізін салушы, әрі Қазақстандағы тұңғыш текстолог, Қазақстанның тұңғыш Әнұранының авторы, ақын, жазушы, драматург, аудармашы, ұстаз, Алаш арыстарының соңғы тұяғы, Ұлы Отан соғысының ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері Қайым Мұхамедханұлыныңөскен ортасымен, шығармашылық ізденістерімен, қазақ зиялылары арасындағы хаттармен, ресми құжаттарымен, артына қалдырған мол еңбектері қойылыпты. Сонымен бірге Семейде тұңғыш Абай мұражайын құрғандықтан Абай тапсырған затттар да көрмеден орын алды.

2755cc69b74d1833ff5e89e754b2b936.jpg

179755070ea3549f2eea029dc21168cb.jpg

Бұл іс-шараның басты мақсаты – қазақ әдебиеті саласының дамуына теңдесіз үлес қосқан ғалым Қайым Мұхамедхановтың өнегелі өмір жолын насихаттау, ғалымның артында қалған баға жетпес мол мұрасын бүгінгі ұрпаққа дәріптеу екені белгілі. 

Заңғар Кәрімхан

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?