Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Елорданың жүрегіндегі музыкалық мереке

1380
Елорданың жүрегіндегі музыкалық мереке - e-history.kz

Күні кеше елорданың 25 жылдығын мерекелеу аясында Астана қаласының әкімдігі және Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы «FILARMONIA FESТ – 2023»  музыкалық фестивалін  ұсынды.

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония – ХІХ ғасырдың басынан бері өнердің тамыры соғып тұрған қаланың музыкалық жүрегі, елордадағы ертеден келе жатқан мәдениет мекемелерінің бірі. Бүгінгі таңда филармония құрамында 13 шығармашылық ұжым жемісті еңбек етуде, қызметкерлер саны 606 адамды құрайды. Елордалық филармонияның міндеті - әртүрлі бағыттағы музыкалық шығармаларды насихаттай отырып, жоғары ағартушылық қызметті орындау болып табылады. Ағартушылық және мәдени құндылықтарды насихаттау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, ұлттық және әлемдік өнердің рухани мұрасын сақтау және көбейту – осының бәрін астаналық филармония толық көлемде орындауда.

«FILARMONIA FEST- 2023» фестивалі – Астананың 25 жылдығын мерекелеу аясында халықты елордамыздың музыкалық жүрегінің айналасына біріктіруге арналған музыкалық фестиваль.

Жоба қазақстандық музыкалық мәдениетті танымал ету, отандық өнердің гуманистік және рухани бағдары арқылы халықтың әртүрлі топтарын тәрбиелеу және көркем шығармашылыққа баулу мақсатында өтті. Ауқымды музыка мерекесі қоғамда мерекелік атмосфера мен жағымды көңіл-күй қалыптастыруға; филармонияның шығармашылық ұжымдарының шығармашылығын танымал етіп, жеке брендті қалыптастыруға; отбасылық құндылықтарды дамытуға; өскелең ұрпақтың адамгершілік және көркемдік бағдарларын қалыптастыру үшін бағытталған.

Қатысушылар филармония шығармашылық ұжымдары мен солистері (500-ге жуық әртіс), балалар шығармашылық ұйымдары және білім беру студиялары, цирк әртістері болды.

Жоба аясында:

24 маусым күні сағат 11.00-ден 21.30-ға дейін Кенесары көшесі, 32 мекенжайындағы филармония ғимаратының алдындағы алаңнан Есіл өзенінің жағалауына дейін әртүрлі іс-шаралар өтті:

  • 11.00-ден 13.00-ге дейін  «Музыка балалар көзімен» балалар сурет байқауы. Мұнда «Бормен сурет салу», «Мүсін», «Композиция» атты үш номинацияда үздік жұмыстарды таңдалды және марапатталды;
  • 13.00-ден 15.00-ге дейін «Сарыарқа» халық музыкасы ансамблінің және Үрлемелі оркестрдің «Музыкалық аспаптар әлеміне саяхат» атты жас музыканттарға арналған шеберлік сағаттары өтті, онда балалар музыканың қыр-сырын біліп қана қоймай, музыкалық аспаптардың құрылысымен танысты. 
  • филармония ұжымдарының қатысуымен Есіл өзенінің жағасында және елордалық Арбат бойында филармония шеруі өтті. Ауқымды музыкалық шеруге «Сарыарқа» халық музыкасы ансамблі, «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы, «Шалқыма» халық би ансамблі, «Alem» заманауи би балеті, Камералық хор, Үрлемелі оркестр, Эстрадалық вокал бөлімінің әртістері қатысты. Шеру 18.30-да Есіл жағалауында басталып, 19.30-да филармония алаңында аяқталды.
  • 18.30-дан 19.30-ға дейін Қазақ оркестрі мен Халық әні бөлімінің дәстүрлі әншілері әкімдік алдындағы амфитеатрда өнер көрсетуі;
  •  18.30-дан 19.00-ға дейін Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті орталық кіреберістегі концерттік алаңда өнер көрсетті;
  • 19.30-да филармония алаңында филармонияның барлық ұжымдарының қатысуымен елорданың 25 жылдығына арналған 25 санын флешмобпен ұйымдастырды;
  • «Филармония – елорданың музыкалық магниті» эссе байқауының қорытындысын жариялады;
  • Республикалық және қалалық БАҚ журналистеріне марапаттар тапсырды;
  • 19.30-дан 21.30-ға дейін Симфониялық оркестр және барлық ұжымдардың қатысуымен филармонияның Гала-концерті  өтті. 

Сонымен күні кеше ғана өткен айтулы іс-шара «FILARMONIA FEST – 2023» – елорда тұрғындары мен қонақтары үшін эстетикалық қуаныш сыйлайтын нағыз өнер салтанаты деуге толықтай негіз бар.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?