Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

10 тамыз – Абай күні деп жарияланды

2042
10 тамыз – Абай күні деп жарияланды - e-history.kz

Сүйінші, Абай күні мерекесі құтты болсын, деп жазды Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Facebook-тегі парақшасында.

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы атынан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлы Абайдың туған күнін "Абай күні" деп атап, Ұлттық мерекеге айналдыру туралы ұсыныс берген едік. Талпынысымыз аяқсыз қалмады. Бүгін соған қолымыз жетіп отыр! Үкіметтің қаулысымен 10 тамыз - Абай күні болып жарияланып, мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілгені туралы қуанышты хабар жетті! Алда келе жатқан Абай күні құтты болсын! Бұл күн енді жыл сайын халықтық мейрам ретінде аталып өтілетін болады, - деп жазды ол.

Тиісті қаулы ҚР Премьер-министрінің ресми сайтында жарияланды. 


"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:

мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

"22-1. Абай күні – 10 тамыз".

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 



Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?