Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алаш кезеңін зерттейтін қор құрылды

4076
Алаш кезеңін зерттейтін қор құрылды - e-history.kz

Алаштанушы жас ғалымдар «Qyr balasy» қоғамдық қорын құрғанын ресми мәлімдеді. Қоғамдық қордың өз алдына бөлек ресми сайты құрылмақшы екен. Сайтта осы күнге дейін алаштану ғылымына қатысты барлық деректер жиналып, арнайы база жасамақ. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде де қордың арнайы парақшалары ашылып, өз жұмысын бастаған. Қор басшылығының сөзінше, алдағы уақытта қордың жанындағы зерттеу орталығы мен баспасы біріккен сериялар бойынша кітап, анықтамалық шығарып, алашты тану ісін дамытпақшы.

«Қазіргі Қазақстан қоғамы үшін өткенді тану, тарихты білу – ең бірінші әрі маңызды мәселе. Ұзақ уақыт орыс империясының бодандығында, совет үкіметінің езгісінде болған қазақ елінің тарихын дұрыс жазу, шынайы беру – тарихшы ғалымдардың міндетіне, мақсатына айналған. Ақтаңдақтар тарихын шынайы жазу, ұлтымыздың елдік мүддесін көтеру, жоғалғанын табу, сөнгенін жағу, өлгенін тірілту, ұмытылғанын оралту қамымен архив ізденіп, құжат қопарып жүрген ғалымдар тобы Qyr balasy қоғамдық қорын құрды.Аталған қордың негізгі мақсаты – алыс-жақын шетел архивтеріндегі қазақ халқына тиесілі құжаттарды, әдеби-мәдени мұралар мен жәдігерлерді, шежіре мұрамызды отанымызға қайтару, тарихымыздың жоғалған, жыртылған беттерін түгендеу», - дейді қордың құрылтайшысы белгілі әдебиет тарихшысы, алаштанушы-ғалым Заңғар Кәрімхан.

Оның айтуынша, қоғамдық қордың жанынан құрылған «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығын тарихшы, PhD ғылым докторы  Еркін Рахметолла басқарса, қордың атқарушы директоры жазушы-зерттеуші, ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Елдос Тоқтарбай,  ал «Qyr balasy» баспасына белгілі Алаш суретшісі жетекшілік етеді.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?