Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Елбасының инаугурациясы тарихы

2756
Елбасының инаугурациясы тарихы - e-history.kz

ҚР Президентінің инаугурациясының қарсаңында ҚР Президенті лауазымына кірісудің рәсімдерінің тарихын естеріңізге салайық. 

Латын тілінен шыққан «инаугурация» сөзі (лат. — inauguro ) «арнаймын» деген мағынаны білдіреді. Негізінде, бұл рәсім монархтардың тәж кию салтанатынан алынған. Алайда, қазіргі монархияларға тәж кию салтанатының орнына инаугурация келді (Ұлыбританияны санамағанда). 

Қазақстанда Елбасының инаугурациясы — ҚР Президенті лауазымына ресми кірісу рәсімі. 

b19dbbcdf70e30db9c38c2b43fc12260.jpg

Салтанатты рәсім барысында Нұрсұлтан Назарбаев оң қолын Конституцияға қойып, халыққа ант береді. Одан кейін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Елбасыға Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырады. 

c6b564d2878a72fe144b54e2701ee665.jpg

1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР-нда Президент лауазымы енгізілді. Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылдады. Осы күні Жоғарғы кеңес Нұрсұлтан Әбішұлын Президент қылып сайланған кезде, ол 1989 жылдың 22 мауысымынан бері Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы ретінде ел басқарып отырған. 

1991 жылы 10 желтоқсанда Алматы қаласындағы Республика сарайында Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы инаугурациясы өтті. Осы кезде электораттың 98,7% пайызы Елбасыға дауыс беріп, ол сайлауда жеңді. 

e967d9cc01fffbaeda4d2cb6511cc943.jpg

1999 жылғы 10 қаңтарда өткен сайлаудан кейін 1999 жылы 21 қаңтарда Астанадағы Конгресс-Холлда инаугурацияның екінші рәсімі өтті. Сайлаушылардың 80% пайызы өз даусын Нұрсұлтан Әбішұлын берген еді. 

f0a824fbba7fd3452b34620280ae06a1.jpg

Үшінші инаугурация 2006 жылдың 11 қаңтарында Ақорда сарайында болып өтті. 2005 жылғы 4 желтоқсанындағы Президенттік сайлаудың нәтижелері бойынша Елбасы 91,15% дауыс жинады. 

2011 жылдың 8 сәуірінде Тәуелсіздік сарайында төртінші инаугурация өтті.  2011 жылғы 3 сәуірдегі Президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев 95,55% дауыс жинады. 

Биыл кезектен тыс сайлауда жеңген Нұрсұлтан Назарбаевтың инаугурациясы 29 сәуірде болып өтті.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?