Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Павлодарлықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбек ерлігі

2042
Павлодарлықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбек ерлігі  - e-history.kz
Соғыс көптеген ауыртпалықтарды әкелді.

Павлодар облысының еңбекшілері Германия фашистерін жеңу үшін тұрарлық үлесті қосты және біздің облыс терең тылда болса да, оның тұрғындары басқыншылық, бомбалау, оқ жаудырудың қысымшылық жағдайларын бастан кешірген жоқ, бірақ әскери кезеңнің қиыншылықтары оларды тимей өтпеді. Соғыс көптеген ауыртпалықтарды әкелді. Ең қажет заттардың жетіспеушілігі — бұл азық-түлік, киім, Отанды қорғауға кеткен ерлерді кәсіпорындарда алмастырған әйелдер, қарттар мен балалар тағдырына түскен қол еңбегі…

Соғыстың бірінші күндерінен бастап, облыстың кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы қорғаныс, жеңіс мүдделеріне бағынды, барлық ауыл шаруашылығы әскери тәртіпке көшірілді. 1941 жылы 10–11 желтоқсанда Павлодар қаласында «Әскери тәртіпке кеңес органдарының жұмыстарын көшіру барысы туралы» сұрағы тыңдалған Павлодар облысының еңбек етуші Кеңес депутаттарының бесінші сессиясы өтті [1].

Облыстағы әскери жағдайларының жұмыс үшін кәсіпорындардың қайта құрылуы көп уақытты алған жоқ, себебі әскери өнімнің өндірісі жұмыс істеген кәсіпорындарда белгіленген жоқ. Қысқа мерзімде алтын, күміс, күймейтін көмірдің табыс мөлшерін көбейту, көптеген өзен кемесін, ауыл шаруашылық техникасын жөндеу қажет. Ол үшін еңбектің өндірісін міндетті түрде көтеру керек.
Ауыл өмірін әскери тәртіпке көшірумен қатар, облыс басқа тапсырмаларды шешті: көшірілген кәсіпорындарды қабылдау және орналастыру, олардың жұмыс істеуі үшін тездетілген енгізуді қамтамасыз ету.

1941 жылдың 19 қарашадағы Павлодар облыстық атқару комитеті және Павлодар партиясының облыстық комитеті бюросының жарлығымен Павлодар қаласында КСРО хабарлама жолдары Наркомының «Мостострой» Тул орталық жөндеу-механикалық шеберхананың трестері орналасты. 1941 жылы 5 желтоқсанда шеберханалар жұмыс істеуді бастайтыны жобаланды. Шеберханалар көпір құрылысымен байланысты арнайы белгіленген көпір поездының монтажы мен жабдығын әкелуі керек еді, әр түрлі жабдықтар, автокөлік, электрорнатқыштар және тағы басқа жұмыстардың жөндеуін орындауы керек еді [2].

1941 жылы 16 қарашада Харьков қаласынан Павлодар қаласына тон фабрикасы әкелінді. Фабрика пайдалануға 1941 жылы 25 желтоқсанда берілді, бірақ 1942 жылы 10 қаңтарда толық жұмысты бастады. Қызыл Әскер жауынгерлері үшін жылы киімдер — тондар, шолақ тондар, тері көкірекшелер, құлақшы бөріктер, қолғаптар — осының барлығы фабриканың негізгі өнімі[3].
Облысқа көшірілген кәсіпорындар келуін жалғастырды және олардың базаларында жаңа өндірістер ұйымдастырылды.

1942 жылы, ақпанда Павлодар қаласына «Монумент-скульптор» көркем құйма Ленинград зауытының жабдықтары әкелінді. Зауыт жабдықтарымен бірге көркем қалып құю, итальян және француз әдісімен құю, сонымен қатар көркем безеу бойынша мамандар да келді. Келісімен зауыт жабынқыш пен құмыра өнімін дайындауға кірісті [4].

1942 жылдың 24 тамызадғы КСРО орталық машина құрылысының халық комиссариатының бұйрығына сәйкес 1942 жылы Павлодар қаласында «Октябрь» зауыты ұйымдастырылды. Павлодар зауыты үшін база болуға тиісті «Октябрь» Краснодар зауытының жабдығы көшірілмеді, сол себептен зауыт жаңадан құрыла бастады. Зауыт цехын 1900 жылға дейін құрылған бұрынғы көпестік лабаздарда, соңына дейін салынбаған Владимир соборында орналастырды. Ауыл шаруашылық машиналар үшін қосалқы бөлшектер кәсіпорынның негізгі өнімі болды [5].

1942 жылдың қиын кезеңдерінде бос орында зауытты жіберу оңай болған жоқ. Он-он алты жастағы жастар, ешқандай мамандығы жоқ әйелдер бұрынғы көпестік дүкендерін сылады, жылытты, іргетасты цементтеді, жатақханаға берілген бөлмелерде едендердің қиюларын келтірді. Инженер-техникалық қызметкерлерін негізінен Харьковтан көшірілген мамандар құрады. Қырнаушы, құюшы, сайманшы, ажарлаушы және т.б. — барлық бағыттағы жұмысшыларды орындау даярлау міндеті тұрды. Бірінші жинаудан 110 адам Омбы қаласындағы курстарға, 90 адам Саратов қаласындағы курстарға жіберілді. Жұмыс орындарында өндірістен үзбей оқыту арқылы болашақта жұмысшылардың көбеюі жүрді.

1943 жылдың тамыз айынан бастап «Октябрь» зауытында жауапты атқарушы жұмысын істеген Клавдия Владимировна Соханың еске алуы бойынша зауытта жұмыс күшінің жетіспеушілігі қатты сезінді. Зауытқа қоныс аударушылар жұмысшылар ретінде келе бастады. Алдымен немістер келді. Олар кенеттен келді, тұрғын үйлер болған жоқ. Жарамсыз етіп қалған бұрынғы көпес дүкендерінде төсектерді шала-шарпы екі қабат етіп орналастырды. Кішкене пеш орнатты. Төбе мен қабырғада қырау мен мұз болды. Еден болған жоқ. Еріген қар төбеден жерге тамшылап, қатып отырды. Адамдар сыртқы киімдермен ұйықтады. Кішкентай терезеге жарық әрең түсіп отырды. Балшық, суық, аштық жәндіктермен, биттегендікпен күресуге әкелді. Зауыт аумағында монша салды, онда адамдардың санитарлық өңдеуін өткізді, киімдер мен төсек-орындарын жақсылап жуды. Сол жылдарда зауыттық материалды-техникалық потенциалы ауыр еңбекпен құрылды.

Адамдар аш болды. Құю цехының құюшыларында ғана қорыту уақытында мақталы шалбар және көкірекше арнаулы киім ретінде болды, оның үстіне брезент костюмі киілді. Қорғаныш көзілдіргі өте сирек болды. Басқа цехтардың жұмысшыларында, ағаш ұлтаны бар, астарсыз көк бөзден тігілген бәтеңкелер аяқ киім ретінде болды. Ал сол уақыттағы қыстар өте қатты болған. Шұлық пен шұлғау табанға немесе бәтеңке матасына суықтан жабысып қала берді. Цехтарда суық болды. Құю цехында жұмысшылар бірнеше опоканы бір біріне қабаттап, ішіне қортқы көмірді салды, ол мұршасыз жанды, осы пештің алдында олар кезек-кезек жылынып отырды. Түнде оқушылар (жасөсіпірмдер) қолдан жасалған пештің алдында жылынып алғаннан кейін, ұйқыға кетіп, ұйқылы-ояу түрінде қолмен қыздырылған металлға тиіп немесе киімді жақты. Қолғап жетіспеді, қолдар қатып қалған металлға жабысып қала берді. Білдектерді қозғалысқа келтіру үшін электростанцияны құру қажет еді. Қазан және турбинаны аяқталмаған Владимир провославиелік собор ғимаратында орнатты. Есілден суды жеткізу керек еді. Ол кезде ешқандай жер қазушы техника болған жоқ. Орды қазу үшін жұмысшыларды ғана емес, қала тұрғындарын да жұмылдырды. 3 шаршы метр жерді қазу — әрбіреудің нормасы болды.

1943 жылы ең алдымен құю цехы, жөндеу-механикалық, құрал-саймандық цехтар жіберіле бастады. Осы жылы зауытты сумен қамтамасыз еткен сорғы станциясы құрылды [6].

Соғыстың бірінші күндерінен бастап, бірнеше ретке өндіру нормасын асырған екі жүздік, үш жүздік, төрт жүздік — жұмысшылардың қозғалысы кең тарауды алды.

«Өз үшін ғана жұмыс істеймей, майданға кеткен жолдасың үшін жұмыс істеу» — ұранымен көптеген кәсіпорындардың жұмысшылар еңбектенді. Кеме жөндейтін шеберханалардың жетінші дәрежелі токарі В. В. Третьяков бір фрезер және екі токарлік білдеде жұмыс істеді, 230–300 пайызда ауыстырылған тапсырманы орындады.

Кеме жөндейтін шеберхананың токарі Феоктиста Малахова майнданға кеткен жұбайын алмастырып, 250–400 пайызда нормаларды орындады. «Майкаинзолото» комбинатының жас бұрғылаушы Ольга Фатеева нағыз еңбек ерлігін жасады. Сондай уақыт ішінде 23 кен қазушылар өндіретін кенді ол 1942 жылы 19 сәуірде өз ауысымында көптеген кенді өндірді. Осындай жетістігі үшін жас патриот «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды [7].

Тыл жастарының ұмтылуында майданша жұмыс істеуі бригаданың майдан жастары деп аталу құқығы үшін — сайыстың жаңа формасы пайда болды. Алдыңғы екі айда 150 пайыздан кем емес жоспарды орындау шартында, өнімнің жаңа сапасы, материалдар мен электроэнргияның экономиясы, жұмыс орнының үлгілік ұйымдасуы және жоғары еңбек тәртібі кезінде «майдандық" аты үздік бригадаларға берілді.

Қызыл Әскер Орел және Белгоград аудандарында неміс басқыншыларына қарсы шабуылға шыққан күндері 17 адамнан тұрған Вера Бойконың майдандық бригадасы құрылды. Бригада ұжымы майданша жұмыс істеуге, өзінің жанкешті еңбегімен атақты жауынгерлерінің жетістіктерін атап өтуге шешім қабылдады. Олардың сөздері іссіз қалған жоқ — қыркүйек тапсырмасын қыздар 195 пайызға орындады. Бригада мүшесі Абельдинова тапсырманы 250 пайызға, Суругутанова 300 пайызға орындады. Екінші бригаданың мүшелері Гайдамак, Тарасова, Максилевич, Шевченко және тағы басқалары тапсырманы асырып орындады.

Павлодар тігін фабрикасындағы Тамара Флерова бригадасы, Қызыл Әскер жауынгерлері үшін пималарды дайындайтын Бесқарағай райпромкобинатындағы Сергей Волошин бригадасы, Павлодар тері зауытының екі жас бригадасы майдандықтар деп атауға құқығын алды [8].

Соғыстың барлық жылдарында жұмысшылардың шығармашылық белсенділігі еңбек өндірісін ұлғайту, өнеркәсіптің даму ісінде үлкен рөлді ойнады.

Соғыс уақыты жағдайларында Екібастұзды игеру бойынша дайындық жұмыстар басталды. Павлодар қаласын, көшірілген кәсіпорындар мен госпитальдерін көмірмен қамтамасыз ету мақсатында 1942 жылдың 14 қыркүйекте Қазақстан (б) КП Павлодарлық обкомы бюросының және Павлодар облисполком қаулысы Екібастұзда көмірді өндіруді кәсіпшілік кооперациясының облыстық одағына міндеттеді. Осыған қаулыға сәйкес қалада облыстық өнеркәсптік одаққа 100 адамнан кем емес ауыстыруы көзделді, көлік дайындалды (350 жеткізіп салу), мал сатып алынды және, ағаш материалдары әкелінді. 1940–1941 жылдары Наркомуглепромның «Казахуглеразведка» Екібастұз геобарлау партия тресті Екібастұз көмірдің пайда болған орнын толық зерттеді, көмірдің қорларын, көмір қыртыстарының қуатын және механикаландырылған мансабын жобалау мүмкіндігін анықтады [9].

КСРО Халық Комиссарлық Кеңесі жанындағы Уәкілетті Мемлекеттік жоспары А. Ф. Александров және Омбы темір жолының бастығы Кондратьевтің 1943 жылы КСРО Мемлекеттік Қорғаныс Министрлігінің мүшесі Н. А. Вознесенскийге, КСРО Халық Комиссарлық Кеңесінің жанындағы Мемлекеттік жоспардың төрағасы М. Я. Сабуровқа және КСРО хабарлама жолдарының халық комиссары А. В. Хрулевқа жазған хатында Екібастұзда пайда болған тас көмірлерді тездетіп пайдалану қажеттігі туралы айтылған: «Отан қорғау зауыты арқылы соғыс жылдарында өскен Омбы қаласының өнеркәсібі Кузнецк бассейннің көмірімен толық қамтамасыз етілмейді. Отынның жоқтығынан қаланың электрстанциялары, облыстың су және теміржол көліктері зардап шегеді. Осылай, 1942 жылы Омбы қаласының жылы электр станциялары отынның жоқтығынан қорғаныс маңызы бар кәсіпорындарды сөндіріп отырды; Төменгі-Ертіс кеме шаруашылығының флоты осы себеп бойынша тоқтап қалып отырды». «Облыстың осындай қиыншылықтарын жеңілдету үшін меншік көмір базасы болу қажет. Қазақ КСР Павлодарынан батысқа қарай 125 шақырымда орналасқан Екібастұз тас көмірінің кені осындай жаңа бай база болып табылады…» «Екібастұз көмірі жалпыодақтық амаңызға ие болып жүр, сондықтан Облыстық атқару комитетінің басқаруында болған Екібастұз бассейнін тез арада пайдалануы үшін көмір өнеркәсібінің Халық комиссариатына беру қажет деп есептейміз». «Екібастұз-Павлодар құрылыс тармағы қорғаныс мағынасына ие болғандықтан, көмір кенін пайдалану сұрақтары және темір жолдың құрылысын тез арада шешу керек» [10].

1942 жылы Майск ауданында іздеу жұмыстары нәтижесінде Ертіс жанындағы көмір геологиялық барлауы ашқан соғыс жылдарындағы Кайнеминск көмір кенінің пайдалану туралы сұрағы тұрды. 1943 жылғы 13 шілдеде Павлодар облатком және Қазақстан К (б)П Павлодар облыстық комитеті бюросының қаулысында былай айтылған: «1943 жылға 10 мың тонна көмір табысының жоспарын жасап, Кайнем көмір кенін пайдалануын облыстық көмір өнеркәсібінің трестіне жүктеу… дайындық жұмыстарға тез арада кірісу… Павлодар қаласына тасымалдай үшін көмірді алуын тамыз айының ортасында қамтамасыз етіп, олардың жұмысын аяқтау» [11].

Біздің отан ғылымымыз да өзін танытты. Нағыз ерлікті Қаныш Имантайұлы Сәтпаев жасады. Ол Орталық Қазақстандағы марганец кенін өнеркәсіптік дайындауда және ашылуына қатысты. Майдан үшін осына қайта бағалау қиын, себебі Украинада жұмыс істеген бір ғана марганец кенін жаулар жойып тастады.

Басталған Ұлы Отан соғысы жағдайларында Қызыл әскерді және тұрғындарды ауыл шаруашылық азық-түліктерімен, ал өнеркәсіпті ауыл шаруашылық шикізатымен қамтамасыз етуінде Павлодар облысы және Кеңес Одағының басқа шығыс аудандарынының маңызы мен рөлі өсті. Украина, Белоруссия, Ресей ірі ауыл шаруашылық аудандарын жаулардың жаулап алғанына байланысты ауыл шаруашылық еңбекшілерінің Отан үшін жауапкершілігі арта түсті. Материалдық және еңбек ресурстарын жұмылдыру, астық, ет, жүн және т.б. өнімін көбейту арқасында ауыл шаруашылығының қажетті азық-түліктерімен майдан және тылды қамтамасыз ету үшін аз уақыт мерзімде облыстың ауыл шаруашылығын әскери тәртіпке қайта құру қажет болды. Әскер мерзімді қару-жарақсыз соғысы алмайтынын тылда жақсы түсінді, бірақ ол нан және азық-түліксіз-де соғыса алмайды.
Қазақстан К(б)П Максим-Горьковский аудандық комитетінің хатшысы болып жұмыс істеген Андрей Сергеевич Миронов Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өмірді еске алғанда, былай жазған: «…Соғыстың бірінші күндерінде майданға әскери міндеттілер жұмылдырылды, ауданнан техникалар жіберілді. Осыған қарамастан, қалған тұрғындар «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!» ұранымен екі еселенген энергиямен жұмыс істеді.
Ауданда егіндік алқаптар азайған жоқ, майданған кеткен көптеген ер адамдарды әйелдер алмастырды. Олар ферма меңгерушісі, бригадирлер болды, ауыл шаруашылық жұмысының ең жауапты учаскелерін басқарды. Содан кейін соғыс барысында жарақат бойынша соғыстан қайтқан жауынгерлер-де жұмысқа кірісіп отырды. Егіс және астықты жинау кезеңінде колхоздарға көмек ретінде ұйымдар мен мекемелерден адамдарды жіберіп отырды. Ауыл адамдарына үлкен көмекті оқушылар көрсетті.

Мемлекетке астық тапсыруы ұрандар және плакаттармен безендірілген қызыл көліктермен өтікізілді. Колхозшылар нанды көбінесе өздерінің жеке сиырларында тасымалдады, себебі жылқылар мен бұқалар аз болды… Жинау кезінде әр нан басын тиянақты жинап отырды. Егінде жоғалған нан бастарын ат тырнауыштарымен жинады. Нанды астық бастырғыштарымен бастырды. Астығы қалған нан бастарын екінші рет бастырды.

Ауданда майданға азық-түлік және жылы киімдерді жіберу бойынша үлкен жұмысы жүргізілді. Күпәйке, шалбар, жүн шұлықтар, қол орамалдар, қалталар және «Жауды қатты соқ!" жазуы бар басқа заттар қызыл әскерлерге жіберліп отырды…»[12].

Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар, сонымен бірге мекемелер мен кәсіпорындардың қосалқы шаруашылығы, колхозшылардың мекендері, жұмысшылар мен қызметкерлердің жеке бақшаларында картоптың егіс алқыптарын кеңейтуге үлкен маңызды беріп отырды. Ауыл шаруашылығы жұмысшыларының алдында картоптың түгелдігін ғана сақтау міндеті тұрған жоқ, сонымен бірге іші ресурстар арқылы ғана тұқым материалдарымен қамтамасыз ету міндеті тұрды.
1942 жыл жоғары егіннің топтарын құру бойынша қозғалыстың басымен белгіленді. Республикадағы осы бастамалардың қозғаушылары Павлодар еңбекшілері болды. 1942 жылы Павлодар облысында екі жас жоғары егіндік тобы құрылды. Үрлітөбе ауданының «Еңбек-Жол» колхозынан Балташ Сомжурекова және осы ауданның Абай ат. колхозынан Майра Бекбатырованың топтары алғашқылардың бірі болды. Ленин орденінің кавалері Б. Сомжүрекова 1942 жылы өз тобыының учаскесінде қолданған барлық агро іс-шараларының нәтижесінде тарының бір гектарынан 23 центр өнімге жетті. Бекбатырованың тобы бір гектардан 17 центнер тарыны алды [13].
1943 жылы жоғары өнімді жас-комсомолдық топтардың құрылуымен Б. Сомжүрекованың жұмыс тәжірибесі жүйелі түрде жайылып отырылды, әрбір комсомолдық ұйымдарда талқыланған облыстық газет беттерінде оның сөйлеген сөздері бастырып шығарылды, оның тәжірибесі туралы радиодан. 1943 жылы оның тобы егістіктік 5 гектарынан 30 центнер тарыдан 1 кегтардан 20 кг өнімді алды; бидай — 20 гектардан орташа 1 гектардан 14 центнерден алды.

Күнделікті және еңбекті көп қажет ететін жұмыстың нәтижесінде көптеген жас-комсомолдық топтар агротехникалық іс-шараларды қолданып отырып, жоғары өнімдерді алып отырды.
Лебяжин ауданының «Қызыл-Қоғам» колхозынан Мунира Сатыбалдинаның жас-комсомолдық тобы орден иегерлері б. Сомжүрекованың тобымен жарысып, жұмыста жақсы нәтижелерге жетті.
Майск ауданының орджоникидзе ат. колхозындағы Орынбаке Гусманова (оның негізгі қызметі — колхоздық оқу үйінің меңгерушісі) басқарған жоғары өнімді жас-комсомолдық топтың жұмысы мақұлдауға лайық болды.

«Қызыл Ту» колхозында 14 комсомол есептелінді, олардың барлығ егіншілер бригадасында жұмыс істеді, олардың ішінен 9 адам — тракторист болды. Комсомолдар қаттй тәртіптің үлгісі болып табылды, олардың барлығы жұмысты норманадан асырып орындады. Комсомол Рахимова соқашы қызметін атқарып, күн сайын норма бойынша 1,5 га орнына 2,25–2,5 гектардан жерді жыртып отырды, онымен жарысқан комсомол Мария Искакова тыңды жыртуда күн сайын норманы 160%-ға орындады. Комсомол Баймуханова алғашқы рет трактормен жұмыс істеді, орта есеппен норманы 180%-ға, 1943 жылы 19 сәуірде МТС бойынша жырту рекордын орнатты: 12 га тапсырмасынан ол 35 га шығарды.

Лозов ауданында жоғары өнімнің топтарын құру бойынша қозғалыстың бастамашысы «Отөзек» колхозының есепшісі, комсомол Анна Дацкова болды. Жоғары өнімнің топтарын құру туралы сұрағы қойылған комсомол ұйымдары хатшыларының облыстық жиналысынан келгеннен кейін, Анна туған колхозында комсомолдық жиналысты өткізіп, осындай топтардың жұмысы туралы әңгімеледі. Колхозда жоғары өнімнің тобын құру шешімі жиналыста шығарылды, Анна Илларионовна звеношы болып сайланды. Күндіз жоғары өнім тобының мүшелері өздерінің қарапайым орындарында еңбектенді, ал өнімді негізгі жұмыстың бос уақытында өсірді, бұл олардың ерекшелігі болды.
«Отөзек» колхозында 1942 жылдың егіс науқанын аса қиын жағдайларда бастады. Үш колхоздық трактор нашар жөнделген. Ат соқасына жегетін аттар мен бұқалар жетпеді. Олардың көсем жегілуі үшін жармалар қажет болды. Оларды тек қызылтал мен теректен ғана жасады. Қарттарды басқа жұмыстардан босатып, осы материалдарға жіберіп отырды. Адамдар ештеңеге қарамай, бел үзбей жұмыс істеді. Ер адамдардың майданға кеткеніне қарамастан, еңбек ырғағы бұзылған жоқ.
Анна Дацкованың қайта құрылған жоғары өнімнің тобы үшін 1942 жылдың көктемі алғашқы болды. Жұмыс уақытын кеңседе аяқтап, звеношы өзінің учаскесіне асықты. Мұғалім Н. А. Зинькова, тауарлы-сүт фермасының санитар әйелі В. Ковалева, сауыншы П. Горная, тракторшылар А. Ф. Бондаренко, Ф. Шматок, колхоз жастар онымен бірге жұмыс істеді.

Олар түнгі стаханов вахталарына жиі шығып отырды, аяз бен қатты борандардан қорықпай, түні бойы үздіксіз жұмыс істеді, мейлінше құралданып, көктемді қарсы алуға дайындалды. Колхоз басқармасы топқ тағайындаған жер учаскесіне тезекті шығарып отырды, қар тоқтатуды өткізді, колхозшылардың жеке-қоныстарында тауықтардың тезектерін жинады. Егістікке бәрі дайын болды. Тек тұқымдар ғана жетпеді, сонлықтан топ мүшелері жеке қорларындағы бидайды бір гектардан себуге шешім қабылдады. Солай істеді. Әрбір жоғары өнім тобының мүшесі жеке қорларындағы тұқымдарымен гектарды сепкенде, бұл облыста бір гектаршының жаңа патриоттық қозғаласының басы болды.

Осылай Анна Дацкова тобында өнім үшін нағыз күрес басталды. Комсомолдықтар бұрын-соңды болып көрмеген өнім — бір гектардан 25 центрнерге жетті. Жоғары өнім тобының мүшелеріне қосымша төлемнің 300 пут берілуі тиіс еді, бірақ комсомолдар өздеріне сенімді қалды: олар нанды елдің қорғаныс Қорына тапсырды.

Звено жылдан жылға өнімділікті арттырып, өз жұмысын жалғастырды. А. И. Дацкова звеносының жұмысы туралы Павлодар облысында ғана емес, барлық Кеңес Одағында да айтылды.
1944 жылы А. И. Дацкова Мәскеу қаласындағы отырысында өз звеносының жұмысы туралы есепті беріп отырды, сол жерде оған өзінің негізгі жұмысын тастап, звенодағы жұмыспен айналысуға ұсыныс берілді [14].

1943 жылы облыста барлығы жоғары өнімнің 348 жас-комсомолдық звенолар құрылды, олардың құрамында 788 комсомолдықтар жұмыс істеді.
Жоғары өнімнің звенолары 6970 га септі, комсомолдықтар мен жастар тұқымдарын жеке пайдаланудан сепкен алаңы жоғары өнім звеноларының учаскелеріне кірді, Жоғары Бас қолбасшысының Қорына 1018 га және босатылған аудандарға көмек ретінде 242 га себілді.
Ауыл еңбекшілерінің қажырлы еңбегі және патриоттық икемдеудің арқасында Ұлы Отан соғысы жылдарында облыс аудандарында астықтың жалпы жиыны көбейді, ауыл шаруашылық мәдениеттердің өнімділігі үлкейді, малдың өнімділігі ұлғайды. Облыстың ауыл шаруашылығында елеулі нәтижелер жетістігі соғыс жылдарында жоғар өнім звенолардағы комсомолдықтар мен жастардың жанкешті еңбегімен алдын ала белгіленді. Жаудың тезарада күйреуі өз еңбегіне байланысты екенін әрбіреуі білді және фашисті жеңу үшін жеңіс ісіне күш жетерлік салымды енгізуге ұмтылды.

Әйелдер, қарттар, 12–13 жастағы жасөспірімдер соғыс жылдарында өндірісте үлкен рөлді ойнады. Тек Павлодар облысында колхоздар мен совхоздарға 1942 жылы жұмысқа 8555 әйел жіберілді, бұл барлық жұмылдырылғандардың жартысынан көбін құрды.

Көпті көрген қарт адамдар жастардың ұстаздары ретінде болды.
1941 жылы 7 шілдеде «Трактор, комбайн және автокөліктерде жұмыс істеу үшін әйелдерді дайындау туралы» Қазақ КСР Халық комиссарлық кеңесі және Қазақстан К(б)П ОК Қаулысы қабылданды [15], сол қаулыда Қызыл Әскерге шақырылған ер адамдарды алмастыру үшін тракторшы, жүргізуші және комбайншы әйелдердің қорының қажеттігін құру мақсаттылығы туралы айтылған. Әйелдер жаңа кәсіпке ие болу маңыздылығын жақсы түсінді.
Содан кейін өнеркәсіп мекемелерінде, мекемелерде, республика ұйымдарындағы жұмысы үшін білікті әйел-жұмысшыларын дайындау туралы қаулысы шықты.

Қазақстан К(б)П Максим-Горьковский аудан комитетінің хатшысы Хусаин Омаров былай жазған: «Қазір қоғамдық еңбекке қатыспаған бірде бір колхозшы жоқ. Ер адамдарды алмастырған әйелдер жұмыстың маңызды бөлігін орындайды. Мысалы, Сахит Ахметова ТСФ және ЖТФ меңгерушісінің міндеттерін орындайды, мал басы мен өнімнің шығу есебін өзі жүргізеді. Әйелдер барлық жерде өз еңбегімен жұмыстың үлгілерін көрсетеді. Барлық колхозшылар қазіргі жағдайдың қиындығын түсінеді. Біздің жеңісіміз майданда ғана емес, тылда да жасалатының білеміз» [16].

Жетекшілік және көмек ретінде механизатор-әйелдерге ең тәжірибелі мамандар жіберілді.
Панфилов ат. колхозына бригадир болып жіберілген, Социалистік Еңбек Батыры, Лозов МТС механизаторы Григорий Игнатьевич Филевтың естеліктерінен үзінділерді келтірейік: «Қарасам — бір қыздар отыр, тракторлар шашыраңқы, барлық қораптар шашылған — бәрі осындай түрде… Қарадым да ойладым: мен мұнда осы қораптармен ештеңе істей алмаймын. Ал содан соң жөндей бастадым, бәрін егін оруға, шабындыққа жинадым. Шабындыққа екі тракторды жібердім, оған екі қызыл әскерші-әйелдер отырды. Содан кейін қыздармен қораптар мен тракторларды жинай бастадым, егін оруға дайындалдық, бәрін жинадық. Осылай олармен жұмыс істей бастадым. Тек қыздар ғана болды, сонымен бірге екі-үш баласы бар тракторшы әйелдер-де болды. Осылай бүкіл соғыс бойы болды. Өте қиын болды» [17].

Өнеркәсіптік мекемелерде — соның ішінде көлікте-де осындай жағдай болды. Павлодар локомотив қоймасының темір ұстасы Иннокентий Петрович Тарасов еске алғанда, былай айтқан: «Жұмысқа әйелдер келді. Бірінші әйел — машинист Валя Сазонова болды, осында жұмыс істеді. Бізде жиыстырушы және басқа жұмыстарын істеген әйелдердің барлығы паровоздарға от жағушы жұмысына кетті, оларды машинист көмекшісі курсына жіберіп отырды… Олар екеулеп от жағушы болып жүрді, себебі олар жас және нәзік болды…» [18].
М.Жанзакова 1943 жылы 7 наурызда «Большевисткий путь» облыстық газетінде жарияланған мақаласында былай жазған: «Соғысқа дейін ешқандай мамандығым болған жоқ, үй шаруасындағы әйел болдым. Ал соғыс басталғанда, мен басқа колхозшылармен бірге МТС жанындағы тракторшы курсына түстім. Тәжірибелі тракторшылардың арқасында оқуды „үздікке“ бітірдім. Жұмыстың бірінші күнінде СТЗ тракторындан жұмсақ жер жыртуда 300 гектарға дейін жасадым.

Өнімді жинап алудың алдында біздің МТС-та комбайншылар жетіспеді. Менде комбайншыға оқу түсу ойы пайда болды. Қысқа мерзімді курстарға түстім және оны жақсы бітірдім. Егін орған уақытта комбайншылар арасындағы жарыста „Сталинцеда“ бір маусым ішінде жанармайды үлкен экономиясында 485 гектарды жыртып, бірінші орынды алдым.
Алайда техниканы жөндейтін адам болған жоқ, МТС-ьа екі токарь және екі темір ұстасы ғана қалды. Токарьға келдім-де, айттым: „Мені оқытыңыз“. Күн сайын екі ауысымда мен токарьлік білдектің қасында болдым, енді мен 4-дәрежедегі токарьмін.

Бір жыл ішінде мен үш мамандықты игердім: тракторшы, комбайншы және токарь. Отбасымнан майданға кеткен үш ер адамды алмастырдым және ол үшін майданшылар алдында ұялмаймын» [19].
Кәсіпорындар мен колхоз егіндерінде екіпінді жұмысына қарамастан, донорлардың қанды тегін беруі майданға маңызды көмектің бірі болды. Адамдардың еңбегін қайта бағалау қиын, себебі Ұлы Отанның мыңдаған солдаттар үшін бұл қан қымбат сыйлық, ал кей уақытта аман қалу үшін жалғыз үміт болды. Донор Валентина Ивановна Кирюшкина еске алуы: «мен екі кішкентай баламен Павлодар қаласына келдім, ал жұбайымды майданға алды. Жауды тез талқандау үшін, мен осы Павлодарда донорлар қатарына кірдім. Біз Қызыл Крест Қоғамының мүшелері жарақат алғандарды эшелондардан түсірдік, госпитальда және жарақат алған жауынгерлердің қасында кезекпен отырдық, қажет болған жағдайда жарақат алғандарға тікелей қан құйдық және қарапайым тәсілмен қанымызды бердік. Сол кезде мен тегін 26 литр қанымды бердім. Қанды біз үш аптадан кейін тапсырып отырдық, көбінесе 500–600 граммнан. Айбынды армиямыздың жауынгерлері мен командирлеріне — лейтенант Смирнов, сержант Кириллов және тағы басқаларына бердік, мен олардан көп хат, алғыстарды алдым. Майдан шебі шегінгенде жарақат алғандарды осындай алыс жерге жіберу мәні болмаған кезде, госпитальдар майданға жақын көшірілді, біз майданнан қайтқан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, балаларға, облыстың науқас азаматтарына қанды тапсырдық…" [20].
«Менің еңбек өмірбаяным 1942 жылы басталды, жеті сыныпты бітіргеннен кейін Морзе аппаратының телеграфшы курстарына түстім. Үш айдан кейін өз еркімен жұмыс істей бастадым. Соғыс жүрді. Барлығы үшін ол күшті беріктікке сынады. Менің қалам терең тылда болғанына қарамастан, біз соғыс өмірімен өмір сүрдік. Демалыссыз жұмыс істедік. Біздің 16–17 жасымызға жеңілдіктер болған жоқ. Барлығымен қатар жұмыс істедік, „Қорғаныс“ белгісі бар телеграммаларды жасадық. Бұл негізінен көпсөзді сандық телеграмма, қате жасау — қылмыс болып саналады. Және бұл жаман жарық пен жартылай аш болған жағдай есептілнбейді. Бөлмеде осындай суық болғандықтан, саусақтар майыспайды. Осыған қарамастан әрбіреуі күш жинап, ауысымы аяқталғанда, теміржолдарды тазалау, шаруашылық бөлмеде жұмыс істеу барып жүрді. Барынша майданға көмек жасауға тырысты — сәлемдемелерді дайындады, сарбаздармен хат алмасып тұрды, ал бастысы, әрбіреуі Жеңіс Күнін жақындату үшін қолдан келгенін жасауға тырысты» — деп, еске алды Мария Ивановна Карелкина [21].

Ауыр сын жылдарында балалар көп көмек көрсетті, үлкендер үшін жұмыс істеу, әлсіздерді күтіп қарау жауапкершілігі мен ауыр жүгі оларға жүктелді. Балалар елдің еңбек резервтері болды, 11–12 жастағы балалар белдікке тұрды жән өз отбасыларының негізгі асыраушысы, өз жақындарына нағыз тірек болды.

Капия Тлегеновнаның естеліктеріне үңілейік. Соығс басталды, бәрін майданға алып кетті, ал 16 жасқа толғандарды ФЗО-ға әкетті. Поштаны тарататын адам болған жоқ. Колхоз төрағасы Капия Тлегеновна және оның құрбысы Қанипаны өзіне шақыртып, жолды көрсетті. Пошта бөлімінен ауылға дейін 18 шақырым болды. Ерте тұрып, поштаға барып жүрді. Негізінен қарағазды әкеліп жүрді-де, үйлер бойынша таратып жүрді. Өкіріп жылау, айқай, адамдар ессіз қалған. Содан кейін төраға қарағаздарды оған әкелуді айтты, ал ол қазақ дәстүрі бойынша адамдарды жинап, олармен бірге болған қайғы туралы айтып отырды.

Колхозда жұмыс істейтін адам болған жоқ, сондықтан Қапия өзінің құрбысы Қанипамен бірге бұқаларды жүргізді, ал аналары соқаның артында жүрді. Орым уақытында шөп шапты. Поштаға Қанипаның інісі өзінің досы Теңізбаймен бірге барып жүрді.

Қапия Тлегеновна әскери жастықтың эпизодтарын еске алады: «Аяққа мүйізді ірі қара малдың терісінен жасалған шәркелерді киді. Таңертең олар су болып, кең болды, ал түске қарай кеуіп, аяқты қысты. Мен бірінші бұқаларды жүргіземін, ал Қанипа менің бұқаларымды айдатып отырды, оның анасы Зұлқия оның бұқаларын айдатып отырды, олар дағдыланып, атыз бойынша асықпай жүреді. Мен әрқашан қалғып отыратынмын, бір күні түс көрдім. Орыс әйел маған піскен, ыстық картопты беріп тұр, одан бу да шығып тұр. Мен бұқаларды тастап, картоптың артынан бара жатырмын. Естісем, жер жыртушы ұрсып жатыр, бұқалар тоқтап қалды, мен ренжіп тұрмын: картоп жеуге бермедіңіз. Менің құрбыс сұрайды: «Неге кеттің?" Ал мен үндемей тұрмын, маған картоп туралы айтуға ұяламын, бәрі күледі деп ойлаймын. Мен әлі бала болдым ғой — ұйықтап, тамақ ішуіміз керек едік, ал біз аш болдық. Өзімнің он екі жасымда біз үлкендермен қатар жұмыс істедік. Бір күні біз құрбымен бірге колхоз картобына дейін жеттік, ол кезде әлі гүлденіп тұрды, қарнымыз аш, картоп гүлдеріне тойып, уланып қалдық, аурухана жоқ, айранмен емделдік. Колхозда үй сиырларын жекті, олардың емшектері жарылып, тебініп, сауғызбады. Сіріңке болған жоқ, күлдің астына, ағаш көмір түйірлерін тығып отырды, көршілес бойынша алып отырдық, көрші ауылдардан да от үшін келіп отырды» [22].

Еңбек ардагері А.Маликовтың естеліктерін қарайық: «Отбасымыз Тул облысынан Ертіс ауданының Суворов астық совхозына 1939 жылы біздің қалай келгенін түсіндіре алмаймын. Әкем, шешем, үш жастағы бала — бұл мен. 1941 жылды еске аламын. Ауыл Кеңесінде совхоздың барлық тұрғындары жиналады, ер адамдарды соғысқа шығарып салады, солардың ішінде менің әкем…
Адамдар майданнан хат күтумен өмір сүрді. Ұшбырыш хат — қуаныш, тіктөртбұрыш хат — көз жасы. Тіктөртбұрыш хатқалтасында қаза болу туралы хабарлама. Сондай хатты 1942 жылы біз-де алдық.
…Соғыс басында совхозға қашқындар келе бастады. Біз барақ типті бөлмеде тұрдық, бізге Одессадан екі медбике қыздарды — Маруся мен Наташаны жайғастырды. Содан соң біздің бараққа Польшадан келген еврейлер отбасы — Баженовтар — қарт адамдар, екі қыз — Ева мен Сара және ұлы Яшаны жайғастырды. Ары қарай совхозға волгалық және кавказдық немістер, шешендер және ингуштар келе бастады. Біз балалар, ұлтқа қарамай, өз ойындарымызда фашиске қарсы соғыстық.

Аш өмір салтын жүргіздік. Қыстыгүні, техниканың болмауынан бидай үйндісі тоқта сабанмен жабылып тұрды, бірақ олардың бір дәнін-де алуға рұқсат болмағаны есімде. Нан үзіндісі біз балалар үшін көп сияқты көрінді, ал тәттілер туралы сөз болуы мүмкін емес еді. Аналарымыз бізге иықтан киілетін брезент дорбаларды тікті, біз күзде және көктемде шабылған егіндерге шығып, егіннің дәнді бастарын жинадық. Содан кейін оларды қолмен бастырып, екшелеп, қол диірмендерінде ұқтандадық.

Бір күні біздің совхозға астықты шығару үшін автомобильді ротасы келді. Біз олардың күн тәртібін, тамақтың таратылу уақытын жақсы біліп алдық. Кей кездері сарбаз қазанынан бізге ботқа берілді.
1944 жыл, біріншы сынып. Оқулық, дәптер, қарындаш жоқ. Білім ежелерін біз естіп, қабылдап отырдық. Кітап немесе газет жолдарына жазуға тура келді. Қызылша шырынын немесе пеш күйесіг сия ретінде қолдандық. Егер осындай жазумен парақты жапсаң, сенің барлық сауаттылығын қара даққа айналады.

Бронь бойынша немесе денсаулық бойынша майданға жарамсыз механизатор-ер адамдардан ауылда 3–4 адам ғана қалды. Егін жіне тоқтағы барлық жұмыс әйелдер мен жасөспірімдерге жүктелді. Ал жұмыстан кейін әйелдер кішкентай шамның қасында отырып, қолғап, свитер тоқыды, содан кейңн сәлемдемелерді майданға жіберді» [23].

…Бәріне төтеп бердік, бәрі шыдадық, күштердің асқан қуатының және асқан жоғалтулар бағасымен жеңдік. Жеңіле алмадық!

Тылдың сыпайы еңбекшелір құрметіне ескерткіштер тұрмаса да, тылда Жеңістің аңсап күткен күнін іске асырғандардың есімдерін халық жады мәңгілікке сақтайды.
Вера Болтина, Павлодар облысының мұрағатшы-тарихшы

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Государственный архив Павлодарской области (ГАПО). Ф.646. Оп.1. Д.117;
2. ГАПО. Ф.646, Оп.1, Д.201;
3. ГАПО. Ф.646, Оп.1, Д.175;
4. ГАПО. Ф.646, Оп.1, Д.201;
5. ГАПО. Ф.646, Оп.1, Д.211;
6. ГАПО. Ф.646, Оп.1. Д.181;
7. Подвиг павлодарцев в памяти народной. Павлодар, 2004;
8. ГАПО. Ф.570. Оп.1, Д.35;
9. ГАПО. Ф.646, Оп.1, Д.209;
10. ГАПО. Ф.646, Оп.1. Д.181;
11. ГАПО. Ф.646, Оп.1, Д.179;
12. Звезда Прииртышья. 2009, 11 августа;
13. ГАПО. Ф.646, Оп.1, Д.224;
14. ГАПО. Ф.410, Оп.1, Д.34;
15. ГАПО. Ф.486, Оп.1, Д.35;
16. Нас породнила Качирская земля. Павлодар, 2008;
17. Земля Успенская. Павлодар, 2005;
18. ГАПО. Ф.699, Оп.1, Д.168;
19. Большевистский путь. 1943, 7 марта;
20. ГАПО. Ф.699, Оп.1, Д.257;
21. От почтовой тройки — к спутниковой связи. Павлодар, 2008;
22. Звезда Прииртышья. 2005, 5 мая;
23. Звезда Прииртышья. 2009, 9 мая.

Материалды Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты ұсынды

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?