Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ-орыс-ағылшын-итальян археология терминдерінің сөздігі жайында

3725
Қазақ-орыс-ағылшын-итальян археология терминдерінің сөздігі жайында   - e-history.kz
Итальян археологы, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ оқытушысы Жан Лука Бонора біздің порталға архелогиялық терминдердің мультилингвистикалық сөздігі жайында әңгімеледі

«Бір жарым жыл бұрын мен сөздікті жазуға, сонымен бірге қазақстандық археолог-студенттерге сыйлық жасауға шешім қабылдадым. Қазақстан маған жұмыс істеуге және өмір сүруге мүмкіндік берді. Мені университетке шақырғанда, мен қандай пайданы тигізе алатыным жайлы ойлай бастадым. Сол кезде мен үш тілді сөздікте жұмыс істей бастадым: орыс, ағылшын және итальян. Көп кешікпей қазақ тілінде сөздікті жазуға көмектескен адамды таптым», — деп өз жұмысы жайлы Ж. Л. Бонора әңгімеледі.

Сөздік екі бөлімнен тұрады және Еуразиялық, Орталық және Орта Азия далаларының археологиялық зерттеулерінде қолданылатын 3000-нан аса терминдерін құрайды. Сөздікте қазақ және орыс тілдеріндегі терминдер мағынасының қысқаша түсіндірмесі берілген.

«Студенттердің археология, бағдар, байланыс, бағана, тізбек және т.б. не екенін білгені өте маңызды. Сіздер сөздіктен орыс және қазақ тілінде сөздер мағынасының сипаттамасын, ал, ағылшын және итальян тілдерінде олардың аудармасын таба аласыз», — деп түсіндірді Ж. Л. Бонора.

Профессордың айтуынша сөздік тек ғылыми мақалалардың оқуы мен түсінігін ғана жеңілдетпейді. «Дала жағдайларында шетелдік студенттер қазба жұмыстарына келген кезде, сөздік қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Ол үшін менің сөздігімді қолдануға болады», — деп есептейді профессор.

6d72518b7e41680d8addd7033be6a930.png

Сөздік мақаланың құрылымы

Осы археологиялық терминдердің мультилингвистикалық сөздігі қазақстан ғылымы үшін өте құнды, ол археологияның ғылыми тілі ретінде қазақ тілін алғашқы рет енгізіп отыр. Қазақстанда жұмыс істеп жүрген және орыс, ағылшын, итальян тілдерін меңгерген бар бүкіл археологтар алғашқы рет қолдарына арнайы құралды алады, ол оларға ұғым мен сөздерді қазақ тілінде білдіре алуға мүмкіндік береді.

1990-шы жж. ресейлік және шетелдік ғылымда тарихи-археологиялық сөздіктердің қатары пайда болды. Қазақстандағы осындай басылым — бұл бірінші тәжірибелік, эксперимент болып саналады. Төрт тілде жазылған сөздік археологияға сіңірген үлкен еңбек болып табылады.

Кітап автордың түпкі ойы бойынша ең алдымен, студенттерге, оқытушыларға, ғылыми жұмысшылар мен мамандарға және Қазақстанда, одан да тыс жерлерде археология, тарих және антропологиямен айналысатын, сонымен бірге ықылас білдіретін әуесқойларға арналған.

Бүгінгі күні профессор Жан Лука Бонора археологиялық сөздіктің алғашқы мультилингвистикалық сөздіктің таныстыру рәсімінің дайындығымен айналысып жатыр, жақын арада басылым жарыққа шығады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?