Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жас мамандарды даярлау және жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру

2287
Жас мамандарды даярлау және жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру - e-history.kz

2014 жылдың 18 сәуірі күні Мемлекет тарихы институтында «Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «ЖАС МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Жиынға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мамандары, «Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығы» ҚБ мүшелері, БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жас ғалымдары, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ магистранттары мен докторанттары және тағы басқа жас ғалымдар қатысты. «Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, т.ғ.к. Қанат Енсенов «Жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Негізгі баяндамашы ретінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Халықаралық ынтымақтастық және талдау бөлімінің бастығы Ғайни Есімбекова «Қазақстандағы жоғары білікті мамандар даярлау ісіндегі «Болашақ» халықаралық степендиясының рөлі» тақырыбында сөз сөйледі.

c3c01b00e21a24903d2a768a15ad5ece.jpg

Сонымен қатар, тарих, гуманитарлық ғылымдар үшін шетелде оқу, тағылымдамадан өтудің мүмкіндіктерімен бөлісті. Жас мамандардың көкйіндегі сұрақтарына жауап берді.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?