Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Яшар Айдынлы: Әл-Фараби мұсылман философиясының негізін салған тұлға

1528
Яшар Айдынлы: Әл-Фараби мұсылман философиясының негізін салған тұлға - e-history.kz
Түркиядағы беделді фарабитанушы, Улудаг университеті теология факультетінің деканы, профессор Яшар Айдынлымен арнайы «Қазақстан тарихы» Порталы үшін сұхбаттасудың сәті түскен болатын.

Яшар мырза бүгінгі форумға түрткі болған Әл-Фараби мұрасы түрік ғалымдары тарапынан қалай зерттелуде?

Түркиядағы Әл-Фарабитануға қатысты зерттеу жұмысы ХХ ғасырдың 30 жылдарында басталды. Бірақ бұл зерттеулердің басым бөлігі батыстық ориентализмге яғни еуропацентристік көзқарасқа негізделген еді. Түркиядағы біздің алдыңғы буын ағалар тек қана фарабитану мәселесін ғана емес, ислам философиясының өзін батыс шығыстанушыларынан оқып- үйренді. Түркиялық зерттеушілердің басым бөлігі батыс ғалымдарының шәкірттері болатын. Ол ғалымдардың түсініктері батыстық бағытта кетті. Бізде өз уақытымызда жаңа айтып кеткендей, батыста оқып келген ғалымдардың тәлімін алдық. Бұл кісілермен ислам философтары мен фараби еңбектеріне қатысты ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізгенде, міндетті түрде батыстық ғалымдардың еңбектеріне сілтеме сұрап, шығармаларын оқу жайлы талап қойылатын.

Соңғы он бес – жиырма жылдың көлеміндегі, ғылыми жұмыстарымызда Әл-Фараби мен басқа да ислам философтарының еңбектеріне тікелей сілтеме жасай алатын дәрежеге жеттік. Батыстық ғалымдардың маңыздысына ғана сүйенеміз.

Әл-Фарабидың біз үшін өзіндік орны ерекше. Себебін өздеріңіз білетіндей, ұлы ойшылдың түбі түркі. Қандас туысқанбыз. Өткен ғасырдың 40-50 жылдарынан бастап, Әл-Фараби мұраларын түрік тіліне аудару жұмыстары жүргізіліп келе жатыр. Еңбектерінің басым бөлігі түрік тіліне аударылып қойылған.

Ислам философиясы деген кезде ибн Сина және де т.б ғалымдардың еңбектері түрік тіліне аударылуда. Әл-Фараби дегенде оған ерекше ықыласпен құрмет тұта қарайтынымыз жасырын емес.

Сіздің Түркиядағы белді фарабитанушы екеніңізді отандық ғалымдардан білдік, ұлы ойшыл мұрасын зерттеуіңізге не түрткі болды?

Университет қабырғасында бакалавр дәрежесінде білім алып жүргенімде, бірінші курста Әл-Фарабимен байланысты өзіндік жұмыс алған болатынмын. Әл-Фарабимен бетпе-бет келуім студент кезімнен басталды. Ғалым мұрасына қызығушылығым осы кезден бастау алды. Бертін келе Әл-Фарабиді терең зерттеуге ниет қойған себебім біз философия ғылымын түсінгіміз келсе, грек философиясы мен Аристотель мұраларын жетік білуіміз қажет. Ислам философиясын түсінгіміз келсе, Әл-Фараби еңбектерімен танысуымыз керек. Әл-Фараби өз заманынан озып туған тұлға. Өзінен кейінгі екі-үш мың жылда не боларын білген. Ислам философиясының негізін қалаған тұлға – ол Әл-Фараби. Сондықтан мен ғалым мұрасын зерттеуге бел будым.

Алайда осы жерде айта кетер бір жайт, біз Әл-Фарабиге қатысты Алматыда ұлы ойшыл атындағы университет бар екенін білеміз. Одан басқа қандай іс-шаралар атқарылып жатқанынан біздің кей әріптестеріміз бейхабар. Сіздің елдің ғалымдары араб елдері мен біздегі болып жатқан ғылыми жұмыстарды біле бермейді. Бүгін он томдық кітаптың тұсауы кесілді, мұның бірде-біреуін білмейміз. Мүмкін болашақта қазақ-түрік ғалымдары бірлесе отырып, тарихи мұраларды бірлесе зерттесек, нұр үстіне нұр болар еді.

Сұхбатыңызға рахмет!

Олжас БЕРКІНБАЕВ



Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?