Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ақмола өлкесінің тарихына арналған көрме ашылды

1997
Ақмола өлкесінің тарихына арналған көрме ашылды - e-history.kz
2014 жылдың 14 наурызы күні ҚР тұңғыш Президентінің Мұражайында «Ақмола: тарих тоғысындағы өлке» атты көрме өтті.

2014 жылдың 14 наурызы күні ҚР тұңғыш Президентінің Мұражайында «Ақмола: тарих тоғысындағы өлке» атты Ақмола облыстық тарихи-өлкетану, Көкшетау қаласының тарихи мұражайы мен Әдебиет және өнер мұражайларының қорларынан ұйымдастырған көрменің ашылу салтанаты болып өтті.

Көрменің ашылу салтанатына ҚР Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев пен Ақмола облыстық мәдениет басқармасының бастығы Какенов Базарбай келіп қатысты.

Іс-шара Қазақстанның әр аймағындағы мұражайлардың ең маңызды әрі бірегей жинақтарын көрсетуге арналған. 14 сәуірге дейін Астанада жалғасатын игі бастама, мамыр айында Павлодар қаласына жол тартады. Ақмола облысы өзінің тарихи және мәдени мұраға бай, сондай-ақ әр алуан мәдени ағымдар легі тоғысқан өлке екендігімен ерекшеленеді.

Соның айғағы ретінде Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Көкшетау қаласы тарих, Әдебиет және өнер мұражайының көрмеге әкеліп отырған экспонаттары өзінің құндылығымен ерекшеленеді.

Жәдігерлер жергілікті қазақтар мен алғашқы қоныс аударушылардың, әскери казактардың өкілдері және жер аударылған ғалымдар мен поляк, немістердің мәдениетін көрсетеді.

Біз осы орайда аталған шара барысында ҚР Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиевтың пікірін тыңдаған болатынбыз:

«Бүгінгі Тұңғыш Президент мұражайындағы іс-шараны естіп қуанып келіп отырмыз. Ақмола өңірі менің туған жерім, осы жерде қызмет еттім,  өстім тұлға ретінде қалыптастық. Ақмола өңірінің тарихы мен әдебиеті жанымызға жақын. Ал қазақ елінің қай түкпірі болмасын тарих тұнып тұрған қасиетті жер. Бүгінгі күні тарихымызға серпін беріп, тарихымызды қайта зерделеуге итермелеген уақыттың өзі деп есептеуіміз қажет. Өткенімізді ұмытып, батыр бабаларымыздың сүйегі қай жерде қалғанын білмей бара жатырмыз. Ел билеген хандарымызды қаралап, қара қылды қақ жарған билерімізді ескінің сарқыншағы деп қараған идеологиямен өскенбіз. Бір жағынан ол кезді кінәлауға да болмас, себебі саясат солай болды. Дегенмен халқымыздың санасы мен көкейіндегі тарихымызды ешбір саясат пен уақыт өшіре алған жоқ. Елбасының тікелей қамқорлығымен тапсырмасының арқасында мұрағаттардан құжаттар іздеу мәселесіне көп мән беріліп, ғалымдарымыз Қытай, Ресейдің мұрағаттарында жұмыс жасауда. Тарихты қайта жазу мәселесіне үлкен дайындықпен келуіміз қажет. Тәуелсіздігіміздің тарихын дұрыс жазуды қолға алуымыз керек. Тәуелсіздік алғанымызға жиырма үш жылға жуық уақыт болса да, оған біз ғасыр өлшемімен қарауымыз дұрыс болмақ. Түпкі тарихымызды жазарда талдап, зерттеп рушылдық пен жершілдікке жол бермеуіміз керек. Әр ел өз батырының бағасын асыру саясатынан аулақ болып,  ұлтқа сіңірген еңбегін екшеп, ұлы даланы мекендеген ұлы халық екенімізді дәлелдейтіндей тарих жазсақ құба-құп болар еді. Елбасының «Өткен тарихымыздан ұялатын дәнеңе жоқ» деп айтқан сөзі бар. Біздің өткен тарихымыз адамзат өркениетінің бір бөлігі. Көшпенділер өркениетін, қазақ халқының тарихынсыз елестету мүмкін емес.  Біз қазір Мәңгілік Ел болуды мұрат еттік, ол үшін ең бірінші тарихымызды түгендеу ләзім. Түпкі терең тарихымыз біздің іргетасымыз. Адамзат өркениетінің сақталып қалуына  өнер мен мәдениеттің жауапкершілігі зор. Сондықтан өнер мен мәдениетті саласында жүрген қайраткерлерге қазіргі кезде мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінуде. Халықтың ұлылығы мен даналығын көрсететін ол өткені мен тарихы. Тарихымызды түгендеумен бірге дұрыстап таразылап, келер ұрпақ санасына жеткізу бүкіл қазақ қоғамы мен зиялыларының борышы деп санаймын». 

Сонымен қатар біз мұражайға қойылған жәдігерлер сырына үңіліп, тарихына бойламаққа ұмтылдық. 

Қанай бидің саптыаяғы

Мұражай қызметкерлерінің түсіндіруінше саптыяақтың жасалғанына шамамен 500 жылдай болған.  Ашаршылық жылдарында тарыққан би ұрпақтарына құлынды бие берсе де айырбастамай бүгінгі күнге жеткенін, бидің сегізінші ұрпағы Уәлиевтер келіп мұражайға өткізген кезде би ұрпақтарының толқып тұрып көздерінен тамған жастарының саптыаяққа тырсылдап тамғанын мұражай қызметкерлері жырдай қылып жеткізді.

fa9fa513e3698156e67951b8083c3ba9.JPG

Бөгенбай батырдың құтысы. Сиымдылық көлемі 5 литр шамасын


9d3404a917a6edc08ad460619ca92622.JPG

Біржан салдың інісі Тіржанның баласы Нұралының шиті мылтыққа оқ – дәрі салар майсалары

1524aa7b403d03a01642314f1af959ef.JPG

Ақан Серінің суреті, Әлкей Марғұлан көшіріп, қалпына келтірген

757dd4b308d64299b5347667da8c5b64.JPG

Сәкен Жүнісовтың «Ақан Сері» романының қолжазбасы

591cda94534b5d33a1059087216b08c9.JPG

Ақан Серінің Темірбай ұстаға арнайы тапсырыс беріп жасатқан адалбақаны

ea0b96ffd3cfae89b622553fac0ad19f.JPG

Пәуескі

6a7e38a15addf3c396b5a938d8920e2c.JPG

Шоқпар

a884ba176cabe2ce49665bc9513bea15.JPG

Академик В.И.Вернадскийдің кітапханасы

857f50adbe773c0f6c7325c85a101782.JPG


ea5e2c591a19ff376c6c2596938ffff0.JPG

Олжас БЕРКІНБАЕВ

"Қазақстан тарихы" Интернет-жобасының тілшісі

Суреттерді түсірген автор



Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?