Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ескерткіштердің пайда болу құпиясы

2957
Ескерткіштердің пайда болу құпиясы - e-history.kz
Бүгін 18 сәуірде бүкіл әлем Ескерткіштер және тарихи орындар күнін атап өтеді. Бүгін біз сіздерге ескерткіштердің пайда болу құпиясын ашамыз.

Өмірде неше рет тас және қола мүсіндерінің қасынан өттіңіз? Ал оны кім және қалай жасағаны жайлы ойландыңыз ба? Сол монументтің пайда болған киелі орны қайда?

Біз осы сұраққа жауап іздеп, қала төңірегін біраз шарлап, «Көркем шеберхана» жазуы бар ғимарат біздің көзімізге түсті. Үлкен ангарға ұқсас ғимараттан ашық дарбазға кіргенде, көктемгі дала жылуынан ерекшеленетін жартылай түнек пен суыққа келіп кіргендей болдық. Бұл монументтердің жасалатын жерлерінің бірі. Бізді суретші және мүсінші Ринат Әбенов қарсы алды, ол өзіне қоланы қалай бағындыруды жақсы біледі. 

84827bece3727649a15d5776db4ce019.JPG

Ринат Әбенов Қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей және Жәнібек хандар ескерткіштерінің авторы 

Мүсіншінің жұмыс күні кеңсе жұмысшының күніне мүлдем ұқсамайды. Ол абыр-сабырдан, компьютерге және кеңсе орындығына байланысудан айырылған.  Шебер «тірі» материалдармен жұмыс істейді, олар: балшық, гипс, балауыз, қола, сонымен қатар күн сайын ол өз жұмысының нәтижесін көреді. 

45ea10b3818c47ea0171f4c71e5e274e.JPG

a240a95b09f62c3ead76b84261160afa.JPG

Балшықтың үстемесі, ары қарай мүсінші жоғарыдағы құралдар көмегімен мүсіндеуге кіріседі 

Ескерткіштерді жасауда белгісіз сиқыр бар. Бес метрлік қола мүсіннің пайда болуын басқаша қалай түсіндіруге болады? 

«Бәрі идеядан басталады», - деп, әңгімеледі Ринат. Содан соң ол нобай түрінде қағазға түсіріледі. Нобай ермексаздан 40 сантиметрлік мүсінге айналады.

bd8f6649e63a753e8d267e59995f4cb1.JPG

25538e5965a8964737f0618d7ff17ff1.JPG

Ермексаздан жасалған мүсіндердің нобайы 

Келесі кезең – ұлғайту, балшықтан ескерткіштің метрлік моделі жасалады, содан соң оны гипсқа ауыстырады. 

cd3f9a8bf3c60418d40aa2ff5d1873f9.JPG

c93079c56763e974f4da68d69c8388dd.JPG

Ескерткіштің жасалу барысындағы гипстік нұсқасы

Гипс бұйымның әр бөлігін өлшейді. Егер батырға арналған осы болашақ ескерткіш болса, оның қол, аяқ, дене, қылыш және т.б. ұзындықтары өлшенеді. Бес метрлік алып мүсінді жасау үшін үш сызықтыда (өзінше 3D кескіні) мүсіннің ұлғаюы бес есе өсетін тисті өлшемдегі рамасы қойылады

d5b002f1042d6f1781d9e94aad74b044.JPG

Шеберханада 

Егер аса еңбекті қажет етпейтін және ауыр болмаса, ары қарай қола ескерткішінің жасалу процесін ертегілік деп атауға болар еді.  Балшық қалыптан гипске, одан балауыз нысанына түсіріледі. Балауыз бейнесі өте осал, сондықтан болашақ монументтің мінсіз пішінін жасай отырып, оны құмнан күймейтін нысанға ауыстырады. Соңғы кезең – қоладан құйма жасау. Монументтілік және заңғар түрге ие болып ескерткіш металл тәулік бойы суиды.

Әр тетікті жеке құйып, бөліктер бойынша қола ескерткішін жинайды. Егер оған жақындасақ, бөліктерін қосқан дәнекерлеудің тігістерін көруге болады. Шебер ескеркіштің пайда болған құпиясын мәңгілікке жасырып, тігістерді жонады.

24615c5d61d562f3a88061ffe1647b40.JPG

Ал сіз білесіздер ме? 

Ескерткіштердің айбынды өлшемдеріне қарамастан, қоланың қалыңдығы 8 миллиметрге ғана жетеді. Олардың ішкі жағы қуыс бос болып, келеді.

Жәнібек және Керей ескерткіштерінің алғашқы нобайы оның қоламен құйылуымен асырылуынан ерекшеленеді. Автордың ойы бойынша Жәнібектің қолында дулыға болған жоқ, ал Керей халыққа сол қолын созып тұрған болатын.

Барлық отосуреттер

Автор: Людмила Выходченко

Фото: Алена Демченко


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?