Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанадағы қолөнер көрмесі

2643
Астанадағы қолөнер көрмесі  - e-history.kz
Елордадағы С.Сейфуллин мұражайында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай қолөнер көрмесі ашылды.

Елордада 1988 жылы 21 ақпанда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей жарлығымен ашылған С.Сейфуллин атындағы мұражайда 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған қолөнер бұйымдарының көрмесі ашылды. 

dcae5ee286f43b6c6ab5a10cc37f6a9c.JPG

Елбасының қолтаңбасы бар тақта

12949740e58055fb7f356c6da0b69a90.JPG

Көрме ашылысымен көзімізбен көрмекке бас сұқтық. Бізді күтіп алған мұражайдың ғылыми қызметкері Айнұр Омарова көрмеге қойылған жәдігерлермен жақын таныстыра бастады. 

Бірінші болып 1887-1957 жылдар аралығында өмір сүріп, қалың қазаққа «Дудар-ай» әнімен танылған Мәриям Жагорқызының шолпысын көргенде таң қалғанымызды жасыра алмадық. 

1e4109a4cb2eeab12146099ff1252281.JPG

Белгілі болғаны шолпыны Мәриямның қызы Мүслима Асанова 1989 жылы келіп мұражайға өткізген екен. Шолпы таза күмістен жасалған. Тұмаршасы сопақша, салпыншақтары дөңгеленіп әр түрлі оюлармен безендірілген. Үш үзбелі шолпының сөлкебайлары жаңартылған. Шолпыға қатысты «Сылдырлатсаң тиынды, жоғарлтарсың сиыңды» деген нақыл сөз осы жәдігерге қатысты туындаса керек.

ad2d9b9bb4fe8f42970c8b3a8c26571c.JPG

Келесі болып көрменің көркі болып тұрған күміс белдікшені тамашалап тарихына үңілдік. Белдікшені өткізген адам мен иесі жайлы мәлімет қалмаған. Белгілісі күміс белдікше 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында жасалған. 

cc362cb555d2cd038378a6a01c81ac1f.JPG

Барлығы он бір бөліктен тұрады. Алдыңғы екі ұшының ілмектері қапсырмадан, қалған тоғыз бөлігі тік төртбұрыш пішіндес болып келген. Әр бөлік бастапқы реңкінен бөлек шегелер мен мыс сымдар арқылы бекітілген. Белбеудің екі ұшында қазанша пішінді қақпағы ашылатын шегемен бекітілетін зат орнатылған. 

e30c5d7850c99bfdb029958923d65a41.JPG

Келесі кезектегі сырғаларды көбінесе қыздар тағатын болған. 

e12e6de3a959d30fae4b9331e94b487c.JPG

Құлаққа тағатын жері үшкірленіп,  жоғарғы жағы үшбұрыш бола отырып жүрекше мүсіні бейнеленген. Онан соң дөңгелектеніп салпыншақтар жасалған.

5ca676a14d91d52cb76f6588d65c1fbb.JPG

Әжелеріміз таққан күміс білезіктер сырт пішініне қарай: қос білезік, бес білезік, жұмыр білезік, бұрама, топсалы, көзді және топсалы деп бөлінетін болса керек.

68c19c9d975a6a4d5127e8c62f62813c.JPG

Қос білезік

d4291cc8a7824f6b205e9d7f8b0d361d.JPG

Бүгінгі біз баяндаған әшекей бұйымдар – халқымыздың мақтана айтар асылы, таусылмас қазынасы. Қорыта айтқанда, барлығы да зергерлік бұйымдардың халық шеберлері – зергерлердің эстетикалық және шеберлік дағдыларын танытады. Әшекейіне қарай әйелдің жасын, әлеуметтік тобын, қай аймақтан екендігін ажыратуға болады. Бұл біздің ұлттық санадағы – сұлулыққа деген іңкәрліктен туындап, пайда болған – өнерге деген құлшыныс. Осы жәдігерлерді бізге қалдырған ата – бабаларымыз ұрпағын тәрбиелей отырып, көрсең көз тояр көркем дүниені бізге мұра етіп қалдырса керек. 

Олжас БЕРКІНБАЕВ

"Қазақстан тарихы" Интернет-жобасының тілшісі


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?