Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

6-7 наурызда Белфаст қаласынан келген PhD., Святко Светлана Владимирқызы дәріс оқыды.

1516
6-7 наурызда Белфаст қаласынан келген PhD., Святко Светлана Владимирқызы дәріс оқыды. - e-history.kz
ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында биоархеология мамандығы бойынша PhD., Святко Светлана Владимирқызы дәріс оқыды.

06-07.03.2014 ж. ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында биоархеология мамандығы бойынша Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігінің Белфаст қаласынан келген PhD., Святко Светлана Владимирқызы дәріс оқыды.

Ғалым антропология, даталау, археология сынды ғылым салаларында жаңаша ғылыми әдістерді пайдалану мүмкіндіктері жайында, биоархеологиялық зерттеулерде табиғи-ғылыми әдістерді қолдану барысы, радиокөмірқышқылды және изотопты талдауларды пайдалану мәселесіне қатысты баяндады. Қазіргі зертханалық зерттеулер тамақ өлшемі, өмір сүру жағдайы, денсаулық және басқа да факторлар ежелгі дүниенің шынайы бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік туғызатыдығын, өзінің ғылым саласындағы зерттеу аясының бірі – Оңтүстік Сібір археологиясы, сонымен бірге Қазақстанмен шекаралас облыстарына ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізгендігін айтты. Бүгінгі таңда зерттеушіні Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы ОҚМУ жанындағы зертханасымен ғылыми жобаларды бірлесе отырып жүргізуді жоспарлауда. Сонымен қатар, бүгінде ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтындағы Этнология және антропология бөлімімен ғылыми ынтымақтастық келісіміне қол жеткізуге алғашқы қадамдар жасалды.   


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?