Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қалпына келтірілген мұражай экспонаттарының көрмесі – «Жаңарту және сақтау»

1543

ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайында «Жаңарту және сақтау» атты көрме ашылды.

Қазақстанның ірі мұражайларының бірі болып саналатын мұражай қорының топтамасы 300 мың сақтау бірліктеріне дейін жетеді. Мұражай қызметінің басты бағыттарының бірі тарихи артефактілерді реставрациялау және жаңарту болып табылады. Өкінішке орай, уақыт өткен сайын мұражайдағы заттар табиғи ескіруге ұшырайды, сол себептен олардың реставрациясы тарихи және мәдени құндылықтарды сақтау үдерісінің ажырамас бөлігі болып саналады.

Реставрация (лат. restavratio – қалпына келтіру) -  кейін бүлінудің алдын алу және материалдық мәдениет ескерткіштерін ұзақ уақытқа сақтау үшін оңтайлы жағдайға қол жеткізуге бағытталған іс-шаралардың кешені (алдын ала қарап шығу, консервациялау, реставрациялау).

ҚР ОММ 1986 жылдан бастап Реставрациялау орталығы қызмет етеді. Оның құрамындағы материалдар түрлері бойынша мұражай қорын топтамаға бөлуіне сәйкес, түрлі бағыттағы реставратор-мамандар қызмет етеді, олар сурет өнері, керамика, жұмсақ инвентарь, ағаш, тері, сүйек және металл. Орталықтың қайнар көзінде тәжірибе негізінде ескерткіштерді реставрациялаудың әдістерін салған,  тәжірибелі мамандар тұрған. ҚР ОММ орталығының реставраторлары Сурет өнері, майлы бояумен салынған суреттер, және керамика бұйымдарын реставрациялау шеберханаларында Мемлекеттік тарихи мұражай қорын реставрациялау бөлімі (Мәскеу қ.); Академик И.Э. Грабарь атындағы Бүкіл ресейлік көркем ғылыми-реставрация орталығы (Мәскеу қ.); «Мемлекеттік орыс мұражайы» маталарды реставрациялау секторы (Санкт-Петербург қ.); Ыстамбұл орталық реставрациялау және консервациялау зертханасы (Топкапы мемлекеттік мұражайы, Түркия республикасы) сияқты белгілі реставрация орталықтарында сынау мерзімінен өтіп, сертификаттар алып, өз біліктіліктерін арттырып қана қоймай, реставрациялау саласында Қазақстанның бүкіл өңіріндегі әріптестерімен алған білімдерімен бөліседі. 

Осы көрмені өткізу мақсаты ҚР ОММ Реставрациялау орталығының мұражай құндылықтарын сақтау саласына қосқан үлестерін паш ету, соңғы үш жылдың ішінде орталық 916 экспонатты реставрациялады.

 «Жаңарту және сақтау» атты көрмесінде төмендегілер ұсынылған:

-  реставрациялаған экспонаттардың аз ғана бөлігін қамтитын, мұражай реставраторлардың күрделі де еңбекті көп қажет ететін жұмыс нәтижесі болып табылатын заттар: суреттер, акварельді суреттер, құнды құжаттар мен қолжазбалар, археологиялық олжалар, тұрмыстық заттар, қару-жарақ, зергерлік ұйымдар, музыкалық аспаптар және тарихи және мәдени құндылығы бар өзге де заттар

-  мұражай заттарының реставрациялау үрдісін белгілейтін, реставрациялау құжаттамасы: қабылдау және беру актілері, төлқұжаттар, Мұражайдың реставрациялау кеңесі отырыстарының хаттамалары

-  иллюстрациялы материал – реставрациялауға дейін және реставрациялау үрдістегі заттардың суреті.

Көрме қатысушыларында экспонаттардың  реставрацияға дейінгі және кейінгі жай-күйін салыстыруға мүмкіндігі бар. 

«Жаңарту және сақтау» реставрациялаған мұражай экспонаттарының көрмесі 6 наурызға дейін жалғасады.

ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайы

Мекенжайы: Алматы қ., Самал -1, 44-үй

Байланыс тел.: +7 (727) 264 46 50, 264 54 33, 264 55 77.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?