2014 жылғы 21 ақпанда «Тұран-Астана» университетінің негізінде «Білім, ғылым, инновация – жас зерттеушілердің үлесі» атты дәстүрлі жоғары оқу орындар арасындағы жас ғалымдар, магистранттар мен студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізіледі.
Конференция келесі секциялар бойынша жұмыс істейді:
1. Қазіргі ақпараттық қоғам дамуының жаратылыстану-ғылыми аспектілері.
2. Салалық заңнама дамуының мәселелері мен болашағы.
3. Қазіргі қоғамның әлеуметтік-гуманитарлық және психология-педагогикалық мәселелері.
4. Экономиканың шынайы секторын қаржыландыру және әртараптандырудың өзекті мәселелері.
5. Қазақстанда туризм және сервис саласын дамыту: қазіргі жай-күй және болашағы.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.
Конференция бағдарламасын құрастыру үшін 2014 жылғы 11 ақпанға дейін қатысуға өтінім мен баяндаманы жолдау қажет.
Басқа қалалардан қатысам деушілер жұмыстарын мына электронды поштаға жолдайды: meruert_asyl@mail.ru. Астана қ. қатысушылары жұмыстарын (электронды нұсқада, басылған мәтіннің бір данасын ұсынып) пошта арқылы немесе өзі әкеледі.
Мекенжайлар мен байланыс телефондары:
010000, Астана қ., Ы. Дүкенұлы көш., 29
«Тұран-Астана» университеті. Тел. +7 (7172) 395150, 395110, 311128.
Конференцияның үйлестірушілері:
Асыл Меруерт, e-mail: meruert_asyl@mail.ru
Есенбекова Гүлжан Базарбаевна (СМУ), тел.: +77016111735