Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қойлық, Талхиз және Қарамерген атты көне қалалар ЮНЕСКО-ның қорғауына алынды

2001
Ежелгі адамдардың тұрақтарында үй тұрмысының заттары, ат әбзелдері, қанжарлар мен қылыштар, зергерлік бұйымдар табылды.

Облыстық әкімдікте облыс әкімінің орынбасары Серік Мұқановтың төрағалық етуімен тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Отырыс алдында іс-шараның қатысушылары «Қазархеология» ЖШС ұйымдастырылған, археологиялық олжалармен танысты.

Райымбек және Іле аудандарында болған археологиялық зерттеулердің қорытындысы жайында «Қазархеология» ЖШС директоры Жұман Смайылов баяндады.

Оның айтуынша, археологтардың үш жылдық жұмысы екінші мыңжылдықтан жаңа дәуірге дейін қазақ тарихы мен мәдениетінің жалғыз ортақ пластының бар болуы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Қола дәуірінен түріктердің патшалық ету уақытына дейін қазақ халқы өмірінің фактілері түйіршіктеліп жиналды. Ежелгі адамдардың тұрақтарында үй тұрмысының заттары, ат әбзелдері, қанжарлар мен қылыштар, зергерлік бұйымдар және де тағы да басқа заттар табылды.   

Ұйымдастырушылар өз баяндамаларында іс-шараға қатысушыларды тарихи-мәдени ескерткіштерді мемлекеттік тізілімнен шығару және алдын ала енгізудің ерекшеліктерімен таныстырды.

Жұмыс соңында комиссия ерекше тарихи ескерткіштерді халықаралық тізілімге енгізу жөніндегі мәселені қарастырды. ЮНЕСКО-ның қорғауына және де тарихи қалалардың әлемдік тізбесіне Қойлық, Талхиз және Қарамерген атты ежелгі қалалар енеді.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 1250 археологиялық ескерткіш мемлекеттік тізілімге енгізіліп, қорғауға алынды. Тиісті заңды рәсімдерден өткен соң, осы санатқа тағы 598 археология ескерткіштері кіреді. 


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?