Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Атақты Есет батырдың сауыты оның кесенесі жанындағы мұражайда сақталмақ

2072
Есет Көкіұлы тарихқа өз халқының тәуелсіздігі үшін қажымас күрес ретінде енді, елді шет жұрттық басқыншылардан қорғады және үш жүздің тұтас мемлекетке бірігуіне үлес қосты.

Ақтөбе облысының Алға ауданындағы Бестамақ кентінде орналасқан Есет батырдың мемориалдық кешені жанында мұражай және зиярат етушілерге арналған қонақүй ашылды, деп хабарлайды inform.kz.

Қазақтың аңызға айналған батыры мәңгі тыныстап жатқан жерге зиярат етушілер мен туристер легі толастамайды, олардың саны жыл асқан сайын арта түсуде.

Бұдан 10 жыл бұрын мұнда шағын қонақүйі салынған болатын, қазіргі кезде ол келушілерге тарлық ете бастады. Сондықтан да Ақтөбе облысының басшылығы өткен жылы кешенді кеңейтуге шешім қабылдады. 2013 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 140 миллион теңге, сондай-ақ демеушілер қаражаттары тартылып, қонақүй мен асхана орналасқан жаңа ғимарат салынды. Оның салтанатты ашылуына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.

«Ақтөбе жерінде ержүрек батырлар мен жауынгерлер аз болмаған. Есет Көкіұлы - қазақтың даңқты батырларының бірі, Кіші жүздің тама руынан шыққан қолбасшы. Ол тарихқа өз халқының тәуелсіздігі үшін қажымас күрес ретінде енді, елді шет жұрттық басқыншылардан қорғады және үш жүздің тұтас мемлекетке бірігуіне үлес қосты. біз, оның бүгінгі ұрпақтары, атақты бабаларымызды әрқашан да мақтанышпен еске алуға тиіспіз», - деп атап өтті әкім.

Мұнда 180 орындық асханадан басқа намазхана, демалыс бөлмелері мен мұражай орналасқан. Енді мұражайда аңызға айналған батырдың салмағы сегіз келі тартатын сауыты қойылатын болады, бұрын бұл жәдігер облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақталған болатын. Жергілікті мұражайды экспонаттармен толықтыру үшін мұрағаттық тарихи материалдар жинаумен мұқият айналысу қажет, деп атап өтті әкім.

Алдағы уақытта мемориалдық кешенге келетін жол жөнделіп, оның бүкіл инфрақұрылымын абаттандыру көзделуде.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?