Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бұл күні 71 жыл бұрын КСРО Совет Әскерінің жеке құрамы үшін иық белгісі енгізілді

2105
Әскери-Теңіз флотының жеке құрамы үшін олар бір айдан кейін -15 ақпанда енгізілген болатын.

Иық белгілер Ресейде Петр І заманындағы әскери киімдерде пайда болды. 1762 жылдан бастап иық белгі солдаттар мен офицерлерді ажырату құралы ретінде қолданылған шара болатын.

1917 жылғы Қазан көтерілісінен кейін Ресейде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің декретімен, әскердегі иық белгілері мен флоттағы жапсырмасы  теңсіздік белгісі ретінде жойылды. Әскери қызметкерлер тек ғана лауазымы бойынша өзгешеленді. Азамат соғысы кезіндегі  айырым белгісі ретінде, әскери қызметкерлердің лауазымын белдіретін, геометриялық пішін түріндегі  жеңін жапсырмалау белгісі енгізілді.

1919 жылдың қаңтарында Қызыл Әскер әскери қызметкерлерінің командалық құрамын айырым белгісі және әскер түрі бойынша ажырату белгісі құрылды. 1921 жылы алғашқы айырым белгісі флотта да енгізілді.

Ортасында соқа мен балға түріндегі таным белгісімен, лавр және емен бұтағының үстінде қызыл жұлдыз түріндегі алғашқы айырым белгісін қызыл әскерлер кеудесінің сол жағына және сол жақ тігілу белгісіне таққан. Флотта сол жеңіне алтын көмкермедегі қызыл жұлдызды қызыл түспен жеңіндегі жапсырма түрінде алғашқы айырым белгісі ретінде  таққан.

Ұлы Отан соғысы кезінде 1943 жылдың 6 қаңтарында КСРО Қарулы Күштеріндегі Қызыл Әскер жеке құрамы үшін жаңа айырым белгісі – иық белгілері енгізілді.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?