Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Көк түріктің көк семсері» атанған Күлтегін Құтлықұлының туғанына 1330 жыл толды

2634
«Көк түріктің көк семсері» атанған Күлтегін Құтлықұлының туғанына 1330 жыл толды - e-history.kz
Биыл ІІ Шығыс Түрік қағанатының бас қолбасшысы Күлтегін Құтлықұлының (Елтеріс) туғанына 1330 жыл болды.

Биыл ІІ Шығыс Түрік қағанатының бас қолбасшысы Күлтегін Құтлықұлының (Елтеріс) туғанына 1330 жыл болды.

7 жасында әкесі Құтлық қаған қайтыс болып, жетім қалған ол 10 жасында ерлігімен көзге түскен. Кейін ағасы Білге қағанмен бірге 716 жылы әкесінің інісі Бөгүні тақтан тайдырып, ағасын ІІ Шығыс Түрік қағанатының қағаны етіп, өзі бас қолбасшы болады. Батырлығы мен алғырлығы әйгілі болып, «көк түріктің көк семсері» атанған ол 731 жылы 27 ақпанда 47 жасында көз жұмады. Білге қаған інісінің басына қойылған ескерткіштегі тасқа ойып жаздырған ғұмырнамасында: «әкем қаған өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды. Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына інім Күлтегін ер атанды» деп оның ерлік жолын түгел баяндаған.

Бұл ежелгі түркі жазба ескерткіші Моңғолиядағы Орхон өзені бойындағы Эрдени Цзу монастырының жанына орнатылған. Биіктігі 3,15 метр, ені 1,34 метр болатын ескерткіштегі жазуды әлемге әйгілі еткен дат ғалымы В. Томсен болды.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?