Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Қазақ қайда бара жатыр? Райымжан Мәрсеков» кітабының тұсаукесері

2134
 «Қазақ қайда бара жатыр? Райымжан Мәрсеков» кітабының тұсаукесері - e-history.kz
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2013 жылы жарыққа шыққан бірнеше кітаптың тұсаукесер рәсімін өткізді.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2013 жылы жарыққа шыққан бірнеше кітаптың тұсаукесер рәсімін өткізді. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Ғылыми кеңесі ұсынған «Қазақ қайда бара жатыр? Райымжан Мәрсеков» құрастырушы тарих ғылымдарының докторы Смағұлова Светлана Одепқызы. Тұсаукесерге тарихшылар, кітап авторлары, журналистер қатысты.

Кітап қазақ тілінде жарық көрген. Кітапқа ХХ ғасыр басындағы қазақ демократиялық  зиялыларының өкілі, Алаш партиясының белсенді мүшесі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «Сарыарқа» газетін ұйымдастырушылардың бірі Р. Мәрсековтың өз туындыларымен бірге оның қоғамдық-саяси өмір жолдарын ашатын құжаттық материалдар топтастырылған.

Кітап гуманитарлық ғылымдар саласы мамандарына, жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен оқушыларына, сондай-ақ ел тарихына қызуғушылық танытатын оқырман қауымға арналған.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?