Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Абылай хан» энциклопедиясы жарық көрді

1646
«Абылай хан» энциклопедиясы жарық көрді - e-history.kz
Алматыда «Абылай хан» энциклопедиясының тұсаукесері өтті.

 «Қазақ энциклопедиясы» баспасынан жарық көрген бұл кітап Абылай ханның 300 жылдығына орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылып отыр.

«Бұл энциклопедияның басты ерекшелігі Абылай өмір сүрген XVIII ғасырдағы заман, оның ата-бабаларының шежіресі, Абылайдың үрім-бұтақтары, жау жүрек батырлары, билері туралы материалдар берілген. Абылай туралы қалам тартқан ғалымдар, жазушылар, зерттеушілердің бәрі қамтылды. Сондай-ақ Шоқан Уәлихановтың «Абылай» деген мақаласын үш тілде бердік», - дейді «Қазақ энциклопедиясы» баспасының бас редакторы Бауыржан Жақып. 

Оның айтуынша, «Абылай аңсаған азаттық» деп аталатын ҚР Президентінің мақаласымен басталатын бұл энциклопедияда Абылай ханның өміріне қатысты әр түрлі тілдегі әдебиеттер түгел жинақталып отыр. Құрастырушы ғылыми шығармашылық топтың жетекшісі - Көбетай Нұрпейісов.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?