Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Тарих пен әлеуметтік-гуманитарлы ғылымның өзекті мәселелері»

1752
«Тарих пен әлеуметтік-гуманитарлы ғылымның өзекті мәселелері»  - e-history.kz
«Тарих пен әлеуметтік-гуманитарлы ғылымның өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы 2014 жылдың 24 қаңтарында Көкшетау қаласында өтеді.

Жұмыстардың келесі бағыттары жоспарлануда:

1.  Отандық тарих, археология және этнография мәселелері.

2.   Әлемдік тарих, тарихнама, деректану және тарих ғылымы әдіснамасының мәселелері.

3.  Тұлғаның қазақ мемлекеттілігінің құрылу тарихындағы ролі

конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Жіберілген материалдар ұйымдастыру комитетімен қарастырылып, егер олар қойылатын талаптарға сәйкес болған жағдайда, авторларға шақырту жіберіледі. Төлемақы тек ғана шақырту алынғаннан кейін төленеді.

Ғылыми дәрежесі жоқ  авторлар, мақалаларға ғылым докторы немесе кандидаты қол қойған пікірін қоса беруі қажет. (сканирленген түрде, .jpg форматында).

Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарияланатын болады. Мақала мәтіні мен материалды жариялау тапсырысын, ұйымдастыру комитетінің электронды мекен жайына kanat67@mail.ru  2014 жылдың 15 қаңтарына дейін  жолдау қажет.

Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы:

020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі 76.

Қанат Жүсіпұлы Мансұровқа

Анықтама телефондары: +7 (7162) 402347. Факс: +7 (7162) 255583.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?