Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Жүз қария, жүз ауыл, ою-өрнек құпиясы, шежіре» дөңгелек үстелі

2470
 «Жүз қария, жүз ауыл, ою-өрнек құпиясы, шежіре»  дөңгелек үстелі - e-history.kz
24-ші желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында «Жүз қария, жүз ауыл, ою-өрнек құпиясы, шежіре» атты дөңгелек үстел өткізілді.

 Институт директоры Х.М. Әбжанов  «Жүз қария, жүз ауыл, ою-өрнек құпиясы, шежіре» бағдарламасы шеңберінде институтымыздың ғылыми қызметкерлері экспедицияда болғанын айта отырып, келесі жылы экспедиция жалғасын табу мүмкіндігі жөнінде айтты. Институт директорының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары Н.Ә. Атығаев экспедицияның маңызы мен нәтижелері жайында бас баяндаманы жасады.

Ғылыми хабарлама жасаған тарих ғылымдарының кандидаты З.М. Төленова экспедиция барысында жинақталған материалдарымен таныстырып, слайдтық түрде сол өңірден мол мағлұмат алуға болатындығын көрсетті және де шежіре жинауда бұл өңірдің ерекшелігі «Төр шежіре» жасап, әр отбасының төрінде іліп қоюды үрдіске айналғандығын айтып өтті. Экспедиция аясында құсбегілермен де сұхбаттасып басқа да көптеген тың материалдар жинақтағандығын баяндаса, тарих ғылымдарының кандидаты З.К. Ноғаева Қазығұрт және Сарыағаш аудандарының киелі жерлері туралы  көптеген қызықты мәліметтерді ауыл қарияларынан жазып, көрсетілген киелі жерлердің тарихы жайлы сыр шертетін материалдарды фотоға түсіріп алып келгендігі жөнінде мәлімдеді.

Ал тарих ғылымдарының кандидаты К.Қ. Нұрымбетова Шиелі ауданының ауылдарында болып Мұстафа Шоқай ауылына арнайы тоқталып, қазақ руларының шығуына байланысты шежіре аңыз-әңгімелер жинақтауды болашақта жалғастыруды ұсынды.

Оңтүстік Қазақстан ауданы Мақтарал ауданының тарихы, қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы жинақталған мәліметтермен таныстырған тарих ғылымдарының кандидаты Г.Ү. Орынбаева да өңірдің тарихы бай екендігін нақтылады.

Сырым ауданына ғылыми экспедициямен барған Институттың кіші ғылыми қызметкері Г.Ә. Омарова өңірдегі Сырым Датұлының 7-ші ұрпағынан шежіре және басқа да мәліметтер алғандығын атап өтсе, ғылыми қызметкер М.Р. Сәтенова Шу, Баянауыл өңірлері ауылдарының тарихы мен шежірелік мәліметтерін жинақтап алып келгенін баяндады.

Институттың ғылыми қызметкері Н.Ы. Жетпісбай Ақжайық өңірінің тарихы жайлы қариялардан естіген маңызды мәліметтерді ұсынса, кіші ғылыми қызметкер А.Ә. Жүнісбаев этно-мәдени экспедиция материалдары негізіндегі Райымбек ауданы тұрғындарының мәдени өмірі жайында жиналған мәліметтермен таныстырды.

Дөңгелек үстел барысында экспедиция жұмысын қорытындылап, болашақта жиналған барлық материалдарды өңдеп, порталға жіберу және жинақ ретінде шығару жөнінде шешім қабылданды. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?