Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ежелгі Сарайшық қалашығы жақын болашақта жер бетінен ғайып болуы мүмкін

2218
Ежелгі Сарайшық қалашығы жақын болашақта жер бетінен ғайып болуы мүмкін - e-history.kz
Атырау облысындағы арнайы құрылған комиссияның алғашқы отырысында, жақын жылдары жер бетінен ғайып болуы мүмкін ежелгі Сарайшық қалашығының қалдығын қалай сақтау керектігін шешті

Сарайшық  оның үлкен бөлігін су шайған, Орал  жағасында орналасқан. XI ғасырдағы араб  деректерінде, Сарайжүк қалашығы  ортағасырдағы  Саксим қаласына сәйкес. Қарқынды дамуы XIII-XIV ғасырларда, қала Еуропадан Орта Азияға және Қытайға, керуен жүрген жолмен, Алтын Орданың ірі сауда орталығы болған кезде қарқынды дамыды. 1395 жылы Сарайшықты Тимур жауынгерлері бұзып, кейінірек, XV ғасырда, ол қалпына келтіріліп және Ноғай орда хандарының тұрағы болып, содан соң  алғашқы қазақ хандығының астанасы болды. 1580 жылы оны казактар талқандап, содан кейін ол босап қалды.

Бірнеше жыл бойына танымал археолог Зейнолла Самашев жауапты мемлекет қайраткерлерінің мәселеге назар аударуына қол жеткізіп жүр. Ағымдағы жылы бұл іс, орнынан қозғалған сыңайлы. Облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанныі хабарлауынша, аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов бұл мәселемен Үкіметке жүгінді, қорытындысында  Мәдениет және ақпарат Министрлігімен арнайы комиссия құрылып, бірінші отырысы Атырау қаласында болып өтті.

Оның құрамына орталық және жергілікті  билік органдарының өкілдері мен ғалымдары: Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Әлия Әбелдинова, осы министрліктің басқарма басшысы Базарбай Алтаев, Ауылшаруашылық министрлігінің өкілі Әбділда Дауренбек және Өңірлік даму Министрлігінің өкілі – Қуаныш Қияшев, Көлік және коммуникация Министрлігіңің өкілі – Садуақас Ағытаев, облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан  мен Тимуржан Шакимов, Ә.Марғұлан атындағы археология Институтының астаналық филиалының директоры Зейнолла Самашев, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Орал-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы Бисен Қуанов және осы инспекция қызметкері Салауат Сарин кірді.

Зейнолла Самашев коммисия қарауына екі нұсқаны ұсынды – жағалауды бекіту және өзен ағысын бекіту. 40 жылдардағы, су тасқынынан кейін, өзен басқа ағыспен кетіп, қалашықты айналып өтті. Бірақ мамандар бұл шешімді аса шығынды деп есептеді. Сондықтан жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізу аса қолайлы.

«Бірақ алдымен жағалау сызығы бойынша, осында бар, бірнеше мәдени қабабытының жасандыларын сақтап қалу үшін, қосымша қазба жұмыстарын жүргізу қажет»,- деді Зейнолла Сапашев, қажетті қаржы құралдары табылады, деген сенім білдіріп.

Комиссия қалашықтың өзінде болып, құрылыс саласындағы шақыртылған мамандармен талқылаудан кейін құзіретті тұлғалардың қорытындысын күтуді және облыстық бюджетте қарастырылған құралдарға, жоба-сметалық құжаттарды әзірлеуді жөн көрді. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?