Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

М. Әуезовтың мемориалды үй-мұражайы Айтматов атындағы сыйлыққа ие болды

1579
Алматы қаласында орналасқан Мұхтар Әуезов мемориалды үй-мұражайы Айтматов атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды.

Үшінші марапаттау салтанаты 12 желтоқсанда Лондонда, көрнекті жазушының 85-жылдық мерейтойына орай, болып өтті. Сыйлық Шыңғыс Айтматовтың рухани мұрасын таратуда үлкен үлесін қосқаны үшін берілді, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ сыйлық лауреаттары болып қырғыз режиссері Болот Шамшиев, Лондон университетінің шығыс және африкалық зерттеулер мектебіндегі (School of Oriental and African Studies) Орта Азия елдері бойынша  маманы Ширин Акинер, «Open Central Asia» баспа журналының негізін қалаушы –Ник Рован, Орталық Азиядағы Американды университеттің президенті Эндрю Вахтел болып танылды.

Іс шара барысында қонақтарға «Ақ кеме» және «Алғашқы ұстаз» филімінің үзінділері көрсетілді.

Естеріңізге сала кетсек, Шыңғыс Айтматов сыйлығы 2011 жылы құрылды. Сыйлықты Лондонда негізі қаланған, Айтматов Академиясы табыстайды.
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?