Ұлттық тарихты жаңа көзқараспен қарау, Қазақстан тарихы мүмкіндіктерін кеңейту ел тарихын кезеңдерге бөлу мәселесінде, қазақстандық тарихи ғылымының дамуына жаңа ықпалын талап етеді. Бұл сондай ақ кең түсіндіру жұмыстарын болжайды.
«Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде тақырыптық зерттеулерді ұйымдастыру бойынша ведомствоаралық комиссияның жұмысы осы мәселелерді шешуге бағытталған.
2013 жылдың 12 желтоқсанында Мемлекеттік тарих институтымен, Қазақстан тарихшыларының Конгрессімен, жас тарихшылардың Ассоциациясымен ұйымдастырылған, ұлттық тарих мәселелері бойынша семинар-тренингта Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу және дамыту тұжырымдамалары қарастырылды. Семинарды өткізу «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру бойынша Президент Әкімшілігінің тақырыптық жоспарына сәйкес Қазақстанның білім және ғылым Министрлігі Ғылым Комитетінің іс шаралар жоспарымен қарастырылған.
Семинар-тренингтің модераторы болып Мемлекеттік тарих институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған сөз сөйледі.
Соның ішінде негізгі баяндамашылар академик Бүркітбай Аяған; Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының мергерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Нұртаза Абдуллаев; Қостанай мемлекеттік педогогикалық институтының Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембаев; Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Қадыржан Абеуов