Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстан Президентінің алғашқы командасының қатысушылары – Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары туралы ашық айтты

1780
«Хабар» телеарнасы «Тарих сабағы» ашық деректі тележобасын ұсынады

«Бюро расследований» ұсынушыларынан

13 желтоқсанда, сағат 21:30 (бірден кешкі жаңалықтардан кейін) «Тарих сабағы» деректі фильмін көріңіз. Жоба қаһармандарының арасында – Дәулет Сембаев, Алтай Тлеубердин, Мұрат Әуезов, Қайырбек Сүлейменов, Серікболсын Әбділдин, Мұхтар Алтынбаев, Ғани Қасымов, Жармахан Тұяқбай, Ораз Жандосов, Олжас Сүлейменов, Мырзатай Жолдасбеков. Олар өткен жылдардың кейбір құпияларын ашып және көптеген оқиғалар туралы алғашқы рет айтып берді. Қазақстан Президентінің алғашқы командасының қатысушылары – Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары туралы ашық айтты. Өткізіп алмаңыздар!

«Хабар» агенттігінің тележобасы «Тарих сабағы» КСРОның  Конфедерацияға айналуына не кедергі болды – бірегей және эксклюзивті жай жапсарын білуге көмектеседі; 91ші жылы қай мемлекеттің басшысы ТЖМК қолдауға дайын болды; Тәуелсіздіктің басында мемлекеттік қазынада қанша ақша болды; орталықтандырылған басқару жүйесінің мұрасы қалай Республикадағы жағдайды тұрақсыздандырды; неліктен көптеген министрлер не жасау керектігіе түсінбеді; алтынвалюталы қор қалай құрылды және Президент Резиденциясында ҚР Қарулы күштерінің құрылғанын атап өтуге аққайнар болмай қалғандығы қалай болды.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 22-ші кезеңінің іші оқиғаларға, ерліктерге, қаһармандыққа, көтерілулер мен құлдырауға толы. Мұның барлығы Республиканың заманауи және жаңа тарихы. Бірақ әлі күнге дейін жас мемлекеттің көптеген маңызды және шешуші эпизодтары  қазақстандықтардың тек ғана аға ұрпағы үшін қызығушылық мәні болып қала беруде. Мемлекеттің қазіргі жағдайдағы даму қарқынында өткен жылдың қиыншылықтары мен олардың еңсерілуі жадынан жоғалуда.

Дәл осы себептен «Тарих сабағы» деректі лентасының авторлары жауапкершіліктің ауыр жүгін өзіне алып және сынақ пен қателік жолдарынан тайсалмаған, уақыт пен жағдайларға ерлікпен қарсы тұрған, сол жылдардағы кейіпкерлері– жас Республиканың алғашқы мемлекеттік басқарушылары хабарласуды жөн деп шештік.

Дәулет Сембаев, Алтай Тлеубердин, Мұрат Әуезов, Қайырбек Сүлейменов, Серікболсын Әбділдин, Мұхтар Алтынбаев, Ғани Қасымов, Жармахан Тұяқбай, Ораз Жандосов, Олжас Сүлейменов, Мырзатай Жолдасбеков – деректі жобаның көптеген қаһармандары алғашқы рет бірегей еске түсірулерімен бөлісіп, өткен жылдың кейбір құпияларын ашты, Республиканың әкімшілік – мемлекеттік жүйесін құру, банктік секторын құру, ауқымды қайта құрудың алғашқы бағдарламасын іске қосу, әскер құрып және өндірістік кәсіпорындарды қайта қалпына келтіру кездегі атмосфераны есіне түсінуге тырысты,

Деректі фильм негіздемесіне көз көрген, тікелей қатысушыларды, мемлекеттік басқару өкілдерінің, басшылық қызметтегі қызметкерлердің тұлғалардың естеліктері жатты. Дәл солардың әңгімелерінен фильмнің баяндаушы және сюжеттік желісі құрастырылды. Дәл осылар тележобаның негізгі қатысушы тұлғалары – Қазақстан Президенті алғашқы командасының қатысушылары болып табылады.

Спикерлердің түсініктері мен естеліктері деректі кино және видеохроникасындағы бейнелердің, көп фрагменттерін көрермендер алғашқы рет көре алады.

Сценарий авторы – Тимур Мухамадеев

Продюсер – Ольга Цой

Қоюшы режиссер – Ирлан Сагинов

Видеоанонстар -

http://youtu.be/RDO-ygj2-so - Жармахан Тұяқбай - Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы жылдары туралы ашық әнгіме

http://youtu.be/hrBj7bpTv8c - Мұхтар Алтынбаев - Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы жылдары туралы ашық әнгіме

http://youtu.be/kvlv-kJIFcU Қайырбек Сүлейменов - Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы жылдары туралы ашық әнгіме


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?