Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астана қаласының орталығында Кеңесары хан жауынгерлерінің бауырлас қорымдары табылды

2009
Мамандардың пікірінше бұл Қазақстаның тарихы мен мәдениеті үшін үлкен маңызға ие теңдесі жоқ объект.

Астана орталығында Кеңесары хан жауынгерлерінің бауырлас қорымдары табылды, деп жазады "Экспресс К"

Мамандардың пікірінше бұл Қазақстаның тарихы мен мәдениеті үшін үлкен маңызға ие теңдесі жоқ объект. 

«Жастар» шағын ауданының жанында орналасқан ескі мұсылман моласы зерттеушілердің назарына бірінші рет түсіп отырған жоқ, ол біздің уақытқа дейін сақталған, оны Ақмоладағы мазараттардың ең ескісі деп болжауға негіз бар. Енді оған тағы бір дәлел табылды – және ол өздігінен сенсация болып табылады. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы Қазіргі заманғы зерттеу институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың айтуынша Кеңесарының жерленген әскерлерінің ізін іздестіруде ескі әулиені зерделеу барысында бір топ зерттеушілер қабыр үстінде араб тілінде жазылған тақтаны тапты.

 – Екі ғасыр ішінде қабыр үстіндегі тақталар жердің астына кеткен, сондықтан жазуды толықтай оқу мүмкін емес, - дейді Сыдықназаров. – Менің білуімше, Қазақстанда Кеңесары әскерлеріне арналған қабырүсті тақталары басқа жоқ.

Олардың жасаған ерікті аудармасы, тақта 1838 жылы раджаб айында, үш күндік оразаға арналған күні орнатылған деп айтады. Оны Қайыроллы Саржанұлының қаражатына Сармырза жасаған. Бұдан кейін қорымда ерте жас кезнде соғыста өмірін құрбан еткен 50 жасақтың және 200 атақты әскери басшылардың жерленгендігі хабарланады. Жазудың мағынасы тарихи фактілерге толықтай сәйкес келеді. Дәл 1838 жылдың ортасында Кеңесары әскерлері Ақмола бұйрығының ауданында болған. Қорымда жерленген әскерлердің қалдығы сол кезеңде қайтыс болғандығы толықтай дәлелді. Алайда, қыркүйекте (раджаб айы 1838 жылғы дәл осы айға келеді) көтеріліске шыққандар осы жерден кеткен.

Сыдықназаровтың пікірінше, бұл қасиетті орын тәуелсіз Қазақстанның тарихи маңызды ескерткіштерінің бірі болып қалуы мүмкін.




Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?