Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанадағы «Хакасия мен Алтайдың жартас өнері» көрмесі

1376
Көпшілік назарына ұсынылып отырған «Хакасия мен Алтайдың жартас өнері» көрмесі Ресей мен Қазақстанның шығармашылық, мәдени, идеологиялық және саяси өзара әрекеттестігі арқасында мүмкін болып отыр.

Бүгін ОКҚ тақырыптық баспасөз мәслихатында «Шежіре» қазіргі заманғы өнер галереясының директоры, еңбек сіңірген өнер қайраткері Роза Жүсіпова Астанада ашылған «Хакасия мен Алтайдың жартас өнері» көрмесі жайлы айтты.

«Астанада көпшілік назарына ұсынылып отырған «Хакасия мен Алтайдың жартас өнері» көрмесі Ресей мен Қазақстанның шығармашылық, мәдени, идеологиялық және саяси өзара әрекеттестігі арқасында мүмкін болып отыр. Біздің көне артефактарымызды, көне көзқарастарымызды қазіргі заманға жай ғана көтеріп әкеле салуға болмайтындығы өте маңызды, өз заманымыздан оқшау өмір сүре алмайтынымыз сияқты, ежелгі тамырларымызды да ұмытпауымыз керек. Бұл көрмеге Қазақстанда бірінші рет көрсетіліп отырған бірегей экспонаттар қойылған, олар түркі этносының өте тереңде жатқан тамырлары жайлы, атап айтсақ жартасқа салынған суреттердің, жартас кітаптарының құпияларын ашудың жаңа, заманауи мүмкіндіктері жайлы баяндайды, және осының бәрі Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының қолдау көрсетуі арқасында мүмкін болып отыр», - деді Р.Жүсіпова.

Дерек көз: ortcom.kz
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?