Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстан тарихы кафедрасы ашылды

2053
Қазақстан тарихы кафедрасы ашылды - e-history.kz
Жоғары оқу орынында енді еліміздің тарихы бұрынғыдай жалпылама жалаң күйінде оқытылмайды. Оқулықтар іріктеліп, оқу бағдарламалар жүйеленуде.

 Өткенді ақиқат тұрғысынан қайта саралау, төл тарихымызға жаңаша көзқарас. Оны ұрпаққа терең ұғындыра білу. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты жанынан биыл жаңадан ашылған Қазақстан тарихы кафедрасының алдына осындай міндеттер жүктеліп отыр. Осыған орай білім ордасында оқу бағдарламасына жаңа пәндер енгізіліп, оқытудың жаңаша әдістемелері жасақталуда. Көптілді білім беру жүйесі де енгізілген.

 Жоғары оқу орынында енді еліміздің тарихы бұрынғыдай жалпылама жалаң күйінде оқытылмайды. Оқулықтар іріктеліп, оқу бағдарламалар жүйеленуде. Шәкірттердің қазақстан тарихына терең үңіліп, жете зерделуі үшін Ұлттық академиядан оқымыстылар шақыртылған.

 Оқу бағдарламасына «Өлкетану» пәні енгізіліп отыр. Жаңа кафедрадағы оқытушылар құрамы да осал емес. Екеуі - ғылым докторы, алтауы - ғылым кандидаты.

Зағира Тоқбергенова, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы:

Тағы да оқу үрдісіне кірген үлкен бір жаңалық - Осман империясының тарихы, Алтын орда тарихы деген пәндерді енгіздік. Мұндағы мақсат - Сигет университетінің ғалымдары мен Тараз Мемлекеттік университетінің ғалымдары бірлесіп, түркі халықтарының тарихын зерттеу.

 Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру - білікті маман болудың негізі. Сондықтан студенттер облыстық мұражайдағы археологтармен бірлесіп, жыл сайын қазба жұмыстарына қатысып келеді.

 Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде Тараздың іргесіндегі Бектөбе қалашығының архитектурасы мен қолөнеріне қатысты тың мағлұматтар жинақталды. Бұл іске болашақ тарихшылар да үлес қосты.

Айнұр Атаханова, 4-ші курс студенті:

Көптеген археологиялық құнды заттар таптық. Олардың бірін айта кететін болсақ, мынау ақшалар. Бұл - орта ғасыр, яғни X-XI ғасырларға тән теңгелер. Мұны бір қалашықтан екінші қалашыққа ауысқан уақытта айырбастап отырған.

 Білім ордасында көптілді білім беру жүйесі де енгізіліп отыр. Енді институт шәкірттері тарихты тек қазақша ғана емес, орыс, ағылшын тілдерінде оқып, зердесіне тоқи алады.

Дерек көз: kaztrk.kz

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?