Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Абылай хан – қазақ рухын қайта түлетудiң алтын дiңгегiне айналған тұлға - Нұрсұлтан Назарбаев

1936
Абылай хан – қазақ рухын қайта түлетудiң алтын дiңгегiне айналған тұлға - Нұрсұлтан Назарбаев - e-history.kz
«Қай елдің де айбынын асырып, айдынын тасытатын басты белгісі ұрпаққа мұра, ұлтқа ұран болатын ұлы тұлғалары. Қазақ халқының осындай ұлы перзенттерінің бірі - Абылай хан".

Бүгін Көкшетаудағы «Абылай хан және оның тарихи дәуірі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Абылай ханның 300 жылдығына арналған құттықтау сөзін жеткізді.

«Қай елдің де айбынын асырып, айдынын тасытатын басты белгісі ұрпаққа мұра, ұлтқа ұран болатын ұлы тұлғалары. Қазақ халқының осындай ұлы перзенттерінің бірі - Абылай хан. Алаш баласының азаттықты ардақ тұтқан асқақ арман-аңсары мен тағдыр талайын еңсеріп отыратын ерен ерік-жігері ардақты Абылайдың бір бойында тамаша тоғысқан. Абылай хан қазақ рухын қайта түлетудің алтын діңгегіне айналған тұлға. Даңқты бабасы туралы Шоқан Уәлиханов: «Абылай хан дәуірі - қазақтардың ерлігі мен өрлігінің дәуірі» деп айшықты айтқан болатын. Абылай хан қазақ тарихының талмау тұсында өмірге келіп, халықтың басына күн туған қиын кезеңде елдің басын біріктірген өз заманының аса көрнекті мемлекет қайраткеріне, ата жауға қарсы атойлап қол бастаған қаһарлы қолбасшыға айналды», - дейді Мемлекет басшысы.

«Қазақ халқының Абылай хан басшылығымен қарсы қиян-кескі күресі, туған жерді ата жаудан азат етіп, сол сыртқы дұшпанға кезеңнің күрделі геосаяси жағдайында айналадағы мемлекеттермен қарым-қатынаста дербестігін сақтауға қол жеткізуі ұлттық тарихымыздың жарқын беттері», - деп атап өтті Президент.

Дерек көз: inform.kz
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?