Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

АҚМОЛАНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ҚАЛА АТАНУЫ

1552
АҚМОЛАНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ҚАЛА АТАНУЫ  - e-history.kz
Ақмолаға қала мәртебесін беру тарихы Ресей мұрағатының құжаттары бойынша баяндалады

XIX ғасырдың ортасында далалық өңірдің экономикасы қарқынды дамып, Ақмоланың облыс бойынша сауда-саттық рөлі біртіндеп өсіп келе жатты. Стратегиялық ұтымды жерде орналасқан қала саудагерлер мен әртүрлі тектік-топтық зиялы қауым өкілдерін өзіне тартып отырды. 

Жыл сайын олардың саны көбейді. Ақмолада сауданың дамығаны соншалықты, саудагерлердің құрылысы жыл сайын артты. Ақмола сауда үйлерінде 70-ке жуық дүңгіршектер болды. 

 Осыған байланысты, Батыс Сібір Генерал-Губернаторы, инфантерия генералы Густав Иванович Гасфорд Ішкі істер министріне Ақмоланы аймақтық қала дәрежесіне шығару туралы өтінішхат жіберді. Ақмола қонысы аз уақыт ішінде Батыс Сібірдегі керемет сауда бекеттеріне айналады деген пікірге болды. 

0797c8298ee007df2268c365ce7f4938.jpgСаудагерлер Ақмоланың нан және ет дүңгіршіктерінің қасында. ХХ ғасырдың басы 

Император II Александрдың 1962 жылғы 18 қазандағы жарлығымен Ақмола қонысы аймақтық қала болып қайта құрылды. 

e798a291b6c470f3f8494bad7572a992.JPG

Бұйрық 1862 жылдың 23 қазан күні орындалды. Ұлы Мәртебелі Императордың Сібір қазақтарының Ақмола қонысын аймақтық қала дәрежесіне көтеру туралы жарлығы (РМТМ, Санкт-Петербург) Ақмолаға аймақтық қала дәрежесі берілгеннен кейін оның тұрғындары бұдан бұрын Сергиополь, Көкбектам және Қопал қалаларына берілген құқықтарға ие болды. 

Полицейлік басқарманы сол қалалардың үлгісі және штаты бойынша құру және оларды Әскери Губернатордың, облыстық басқарманың және Ақмола аймақтық бұйрығына бағындыру көзделді. Жергілікті қаржы көздерін күшейткенге дейін басқарма қажеттілігіне жұмсалатын шығындарды болыстардың толықсыздығынан пайда болатын сомаға жатқызу шешілді. 

Аймақтық қала мәртебесін алғаннан кейін еркін адамдар, оның ішінде Ресей азаматтығына кірген азиялықтар, Ақмолада көпес, мещан және қолөнершілер ретінде тіркеле алды. Әрбір тіркелетін көпеске, мещанға немесе қолөнершіге белгісіз сомаға сауда жасауға, рұқсат етілген өнеркәсіппен және қолөнермен айналысуға, сондай-ақ басшылықтың рұқсатымен фабрикалар мен зауыттар құруға рұқсат етілді. 

a5814afdfedcc017be9675d3cf19f146.jpg Ақмола ХХ ғасырдың басында 

Арман СҮЛЕЙМЕНОВ 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?